Samsung Electronics 2024 қаржы жылының екінші тоқсанына арналған қаржы нәтижелерін хабарлайды

31.07.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компания 74,07 трлн вон көлеміндегі тоқсандық түсімді және 10,44 трлн вон көлеміндегі операциялық пайданы тіркеді

Жылдың екінші жартысында HBM, DDR5 жады модулдеріне және серверлік SSD-жинақтағыштарына ЖИ кең қолдану есебінен жоғары сұраныс сақталады деп күтілуде

Samsung Electronics компаниясы 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған екінші тоқсанға арналған қаржы нәтижелерін жариялады.

 

Компанияның жалпы шоғырландырылған түсімі 74,07 трлн вон құрады. Samsung операциялық кірісі орташа сату бағасының (ASP) өсуін ынталандыратын қолайлы нарықтық жағдай аясында 10,44 трлн вон мөлшерінде тіркелді. Сонымен қатар, OLED панельдерінің сатып алушылар арасында жоғары танымалдығы қаржылық нәтижелерге ықпал етті.

 

Жады чиптерінің нарығы біртіндеп қалпына келіп жатыр; болжам бойынша, жылдың екінші жартысында серверлерге сұраныс артады деп күтілуде

 

Екінші тоқсанда Device Solutions (DS) бөлімшесі 28,56 трлн вон шоғырландырылған кіріс туралы есеп берді, операциялық пайда 6,45 трлн вонды құрады.

 

Тұтастай алғанда, HBM өткізу қабілеті жоғары жадыға, сондай-ақ әдеттегі DRAM жад модульдеріне және серверлік SSD жинақтағыштарына тұрақты сұраныстың арқасында жад чиптерінің нарығы біртіндеп қалпына келеді. Сұраныстың артуы бұлтты қызметтер жеткізушілерінің жасанды интеллект (ЖИ) технологияларына белсенді инвестицияларынан, сондай-ақ әртүрлі компаниялардың өздерінің жергілікті серверлерін құруға арналған ЖИ-шешімдеріне деген қызығушылығының артуынан туындайды.

 

ДК сегментіндегі сұраныс салыстырмалы түрде әлсіз болды, бұл ретте мобильді технологияға сұраныс қытайлық түпнұсқа құрылғы өндірушілерінің (OEM) тапсырыстарының артуы аясында жоғары болып қалды. Samsung компаниясы екінші тоқсанда алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарғанын көрсеткен серверлік қосымшалар сегментіндегі тұрақты динамиканың арқасында генеративті ЖИ қосымшалары үшін қосылған құны жоғары өнімдерге сұранысты жүзеге асыра алды.

 

DDR5 нарығында Samsung компаниясы осы салада алғаш рет енгізілген 128 Гбайт DDR5 жад модульдерін 10 нанометрлік (нм) техпроцеске1  негізделген 32 Гб чиптерімен жаппай өндіру есебінен өзінің көшбасшылығын нығайта түсті.

 

2024 жылдың екінші жартысында ЖИ серверлері өздерінің нарықтағы үлестерін бұлтты қызметтер компаниялары және ірі жеткізушілер тарапынан ЖИ-ке инвестицияларды ұлғарту аясында кеңейтеді деп күтілуде. Болжаулар бойынша сұраныс барлық бағыт бойынша,  HBM және DDR5 бастап серверлік SSD дейін сақталады, өйткені HBM жад модульдеріне негізделген ЖИ серверлері әдеттегі DRAM және SSD дискілерімен салыстырғанда жоғары деректер тығыздығын ұсына алады.

 

ДК мен мобильді құрылғыларға арналған кәдімгі микрочиптерді жеткізу, HBM сегментіндегі негізгі өндірістік қуаттарды, серверлік DRAM және әртүрлі ЖИ шешімдері үшін серверлік SSD белсенді пайдаланылуына байланысты шектелуі мүмкін.

 

Samsung компаниясы ЖИ үшін қосылған құны жоғары өнімдерге сұраныстың әлеуетін іске асыруды жоспарлап отыр. Ол үшін компания HBM3E чиптерінің сату үлесін ұлғайтуды көздейді. Бұдан басқа, Samsung серверлерге арналған DRAM-да 10 нанометрлік (нм) процеске негізделген 32 Гб чиптері бар 128 ГБ DDR5 негізіндегі сервер модульдері сияқты деректердің тығыздығы жоғары чиптерге бар күш жігерін салады.

 

NAND сегментінде Samsung жасанды интеллект технологияларына сұраныстың басым бөлігін құрайтын үш деңгейлі ұяшықты (TLC) SSD қатты күйдегі дискілерінің жеткізілімін ұлғайту арқылы сатылымдарды арттыруға тырысады. Сонымен қатар, серверлік компьютерлер мен мобильді құрылғыларды қоса алғанда, барлық құрылғылардағы қолданбалар үшін оңтайландырылған төрт деңгейлі ұяшық (QLC) чиптерін шығаруды жалғастырылады.

 

Бірінші жартыжылдықта жүйелік жартылай өткізгіштер бөлімшесі (System LSI Business) рекордтық ең көп сатылымды тіркеді. Екінші тоқсанда бөлімше негізгі флагмандық өнімдерге арналған кристалдардағы жүйелер (SoC), кескін тетіктері және IC(DDI) -дисплей драйверлері сияқты негізгі компоненттердің жеткізілімін арттыру арқылы пайданың өсуіне қол жеткізді.

 

3-нанометрлік (нм) технологиялық процеске негізделген салада алғаш рет алып жүретін құрылғыларға арналған жаңа SoC-ты жылы қарсы алды. Жылдың екінші жартысында басты клиенттер мұндай SoC белсенді түрде қолдана бастайды деп күтілуде. Samsung компаниясы сонымен қатар флагмандық модельдер үшін Exynos 2500 чипсеттерін тұрақты жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Жүйелік жартылай өткізгіштер өндірісі бөлімшесі (System LSI Business) жұмысының маңызды бағыттарының бірі кең бұрышты және ұзын фокусты нысандармен — әртүрлі камераларда 200 мегапиксельді тетіктерді қолдану аясын кеңейту болады. Сондай-ақ, бөлім АҚШ-тағы клиенттердің бірі үшін жаңа модельдердің жаппай өндірісін бастау арқылы DDI драйверлерінің сатылымын арттыруды жоспарлап отыр.

 

Жартылай өткізгіштер (Foundry Business) өндірісі бойынша бөлімше барлық қолданылатын саладағы жоғары сұраныстың арқасында табыстың өсуін көрсетті. ЖИ және өнімділігі жоғары есептеу қолданбалары (HPC) тұтынушыларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті, бұл процесс 5 нанометрден аз орындалған чиптерге тапсырыстардың өсуіне әкелді. Foundry Business бөлімшесі сонымен  сонымен қатар тұтынушыларға жаппай өндірісі 2025 жылы басталуы тиіс 2 нанометрлік GAA процесін қолдана отырып, өнімдерді әзірлеу құралдарының жиынтығын (PDK) ұсынды.

 

Жылдың екінші жартысында жартылай өткізгіштер бизнесі мобильді технологиялар сегментіндегі сұраныстың жаңаруын және ЖИ/ жоғары өнімді есептеулерге қызығушылықтың өсуін күтеді. Нәтижесінде, жартылай өткізгіштерді өндіру нарығы жалпы өсуді көрсетуі мүмкін, әсіресе озық технологиялық сегменттерінде. Бұл саладағы өсім 2024 жылы орташа деңгейден жоғары болады деп болжануда, бұл екінші буынының 3 нанометрлік GAA техпроцесін пайдалана отырып, өнімдердің толық ауқымды жаппай өндірісіне байланысты.

 

Foundry Business бөлімшесі ЖИ/өнімділігі жоғары есептеу қолданбаларына тапсырыстардың кеңеюін күтуде және тұтынушылардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 2028 жылға қарай төрт есе, ал сатылымдарды тоғыз есе арттыруды мақсат етіп отыр.

 

Дисплей панелін шығару бөлімі (Samsung Display Corporation) екінші жартыжылдықта күтілетін мобильді технологияның өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыра алады және үлкен өлшемді дисплей панелі сегментінде өндірісті ұлғайтуды жоспарлап отыр

 

Екінші тоқсанда дисплей панелін шығару бойынша бөлімшенің (Samsung Display Corporation, SDC) шоғырландырылған кірісі 7,65 трлн вонды, ал операциялық кірісі 1,01 трлн вонды құрады.

 

Флагмандық өнімдерге деген орнықты сұраныс, сондай-ақ смартфон өндірісімен айналысатын негізгі тұтынушылармен белсенді жұмыс, дисплей панелі бөлімшесіне сатылымның өсуін көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл жоғары нәтижелерге SDC бөлімшесінің тұтынушылар тарапынан  сұраныстарына жылдам әркет етуі және ИТ-саласы үшін OLED өнімдерін тұрақты жеткізуге де себеп болды.

 

Үлкен өлшемдегі дисплейлік панелдер сегментінде, ең алдымен ойын мониторлары нарығында, ажыратымдылығы жоғары және жаңартылуының жиілігі жоғары панелдердің сатылымының ілгерілеуі байқалды. Премиум санаттағы сегментіндегі теледидарлардың сатылымдары тұрақты болып қалды, бұл OLED-панелдерінің өте кең қолданылуымен шартталған.

 

Жылдың екінші жартысында неізгі клиенттердің жаңа смартфондарды шығару және ЖИ қолдауы бар смартфондарға ауысуды қалайтын тұтынушылар тарапынан әлеуетті сұраныстардың артуы есебінен мобильді диспейлер сатылымының өсуі күтіліп отыр. Алайда дисплей панелдерін өндірушілер арасындағы бәсекелестік  жылдың бірінші жартысындағыға қарағанда қарқынды болуы ықтимал.

 

SDC бөлімшесі өзінің өнімінің энергия тұтыну, экран анықтылығы, корпус қалыңдығы, сенімділік және ұзаққа шыдамдылығы секілді сипаттамаларын белсенді түрде жақсартып отырады. Бөлімше сапа мен өнімділікті арттыру мәселелеріне үнемі жоғары көңіл бөлу есебінен сатылымдар мен кірістілікті арттыруды жалғастырады. Үлкен өлшемді дисплей панельдерінің сегментінде SDC бөлімшесі жоғары қосылған құны бар өнімдердің, сондай-ақ әртүрлі экранды жаңарту жиіліктері бар жаңа мониторлардың шығарылуының арқасында сатылымның өсуін және табыстылықтың жоғарылауын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

 

Табыстың өсуін қамтамасыз ету үшін мобильді бөлімше (MX Business) назарын флагмандық смартфондар мен экожүйеге арналған өнімдерге шоғырландырады

 

Мобильді бөлімшенің (Mobile eXperience, MX) және желілік жабдықты өндіру бөлімшесінің (Networks Business) шоғырландырылған кірісі екінші тоқсанда 27,38 трлн вонды, операциялық пайда 2,23 трлн вонды құрады.

 

Смартфондар нарығында, әсіресе премиум сегментте, маусымдық факторларға байланысты жалпы сұраныстың біртіндеп төмендеуі байқалды. Мобильді құрылғылар бөлімі (MX Business) кірістің дәйекті төмендеуін тіркеді, Galaxy s24 сериялы смартфондардың сатылымы екінші тоқсанда да, бірінші жартыжылдықта да алдыңғы модельмен салыстырғанда екі таңбалы жылдық ақшалай және заттай өсуді көрсетті, бұл смартфондар сериясының жоғары табыстылығын көрсетеді.

 

Түсімділік алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда біршама төмендеді, бұл ең алдымен негізгі компоненттер бағасының өсуіне байланысты, шығындардың артуымен себептестіріледі. Дегенмен, MX Business бөлімшесі жылдың бірінші жартыжылдығында табыстылықтың екі мәнде өсуіне қол жеткізді.

 

2024 жылдың екінші жартысында смартфондарға жалпы сұраныс жылдық есептеуде өседі деп күтілуде, премиум өнімдерге сұраныстың өсуі жасанды интеллект технологияларына сұраныстың кеңеюіне және инновациялық функциялары бар жаңа модельдердің іске қосылуына байланысты болады. Сонымен қатар, планшеттер мен әртүрлі алып жүретін құрылғылар сияқты экожүйе өнімдеріне сұраныстың артуы күтілуде. Осыған байланысты, үшінші тоқсанда MX Business бөлімшесі смартфондарды жеткізудің ұлғаюын күтуде, бұл ретте планшеттерді жеткізу ағымдағы деңгейде сақталады деп болжануда.

 

Мобильді бөлімше (MX Business) флагмандық смартфондар мен экожүйе өнімдерінің сатылымын кеңейту арқылы түсімнің өсуіне ұмтылады, сонымен қатар компоненттерді стандарттауды және жоғары операциялық тиімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, өнім сипаттамасын оңтайландырудың арқасында тұрақты кірістілікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

Визуал дисплей бөлімшесі осы нарықта бірегей бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерді ұсыну арқылы теледидар сегментінде өсудің жетекшісі болады

 

Визуал дисплейлер (Visual Display Business) және тұрмыстық техника  (Digital Appliances Business)  бөлімшесінің екінші тоқсандағы шоғырландырылған түсімі 14,42 трлн вон, ал операциялық кірісі — 0,49 трлн вонды құрады.

 

Теледидар нарығындағы жалпы сұраныс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ең алдымен дамыған елдерде өсті. Сондай-ақ, тоқсандық өсім атап өтілді, бұл негізінен ірі халықаралық спорттық іс-шараларға байланысты. 2024 жылы бүкіл өнім желісі бойынша жаңа теледидар үлгілерін шығарумен визуалды дисплей бөлімі (Visual Display Business) Neo QLED, OLED және lifestyle интерьер экрандары сияқты стратегиялық өнімдерді сатуға назар аудара отырып, премиум нарықтағы көшбасшылығын нығайтты. Алайда, дисплей панельдерінің қымбаттауына және нарықтағы бәсекелестіктің жоғарылауына байланысты кірістілік өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді.
SmartThings.

 

2024 жылдың екінші жартысында QLED, OLED үлгілерінің және үлкен экранды теледидарлардың танымалдылығының артуына байланысты белгілі бір нарықта сұраныстың біртіндеп қалпына келуі болжануда. Маусымдық сұраныстың үдемелі кезі үлкен көлемді және премиум санаттағы теледидарларды шығаруға бағытталған визуалды дисплей бөліміне (Visual Display Business) оң әсер етеді. Бөлімше сонымен қатар пайдаланушыларға ЖИ функцияларымен, қауіпсіздік жүйесі және дизайнерлік шешімдермен байланысты бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерді, сондай-ақ  Samsung SmartThings платформасы қамтамасыз ететін жаңа жеке шешімдерді ұсынады.

 

Бұдан бөлек, визуал дисплейлер бөлімшесі (Visual Display Business)  өсу динамикасын өзінің сервистік бағыттарын ұлғайту есебінен арттыратын болады.

 

1 10 нанометрлік техпроцеске негізделген DRAM Samsung жад модульдерінің бесінші буыны.

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары