Samsung Electronics 2024 қаржы жылының бірінші тоқсанының қаржылық нәтижелерін жариялады

03.05.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компанияның тоқсандық табысы 71,92 трлн вон және және операциялық пайдасы 0,64 трлн вон болды

Samsung компаниясы 2024 қаржылық жылдың екінші жартысында AI сұранысына байланысты жаһандық сұраныс өсіп, IT сегментіндегі жағдай жақсарады деп күтеді

Samsung Electronics компаниясы 2024 жылдың 31 наурызында аяқталған бірінші тоқсанның қаржылық нәтижелерін жариялады.

 

Компанияның жалпы шоғырландырылған кірісі оның Galaxy S24 флагмандық смартфондарының жоғары сатылымы мен жад чиптерінің бағасының өсуі жағдайында 71,92 трлн вонды құрады. Samsung компаниясының операциялық пайдасы 6,61 трлн вонға дейін өсті, жоғары қосылған құны бар өнімдерге сұранысты қанағаттандыру арқылы жад шығаратын (Memory Business) бөлімінің табыстылығы арқасында. Мобильді құрылғылар (MX Business), көрнекі дисплейлер (Visual Display Business) және тұрмыстық техника бөлімдерінде де кірістердің өсуі тіркелді.

 

Корей вонының негізгі валюталарға қатысты әлсіреуі компанияның қаржылық көрсеткіштеріне оң әсер етті, нәтижесінде өткен тоқсанмен салыстырғанда жалпы операциялық пайда шамамен 0,3 трлн вон болды.

 

Samsung Electronics компаниясының 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жалпы күрделі шығындары 11,3 трлн вон болды, оның ішінде Device Solutions (DS) бөлімшесінің жұмысына 9,7 трлн вон, және дисплей панельдерін шығаратын бөлімшенің (Samsung Display Corporation, SDC) жұмысына 1,1 трлн вон инвестицияланды. Жад шығаратын бөлімшесіне (Memory Business) салынған инвестиция инфрақұрылым мен орау технологияларын дамытуға бағытталды. Бұл озық технологияны пайдалана отырып, өткізу қабілеттілігі жоғары жадыға (High Bandwidth Memory, HBM), DDR5 және басқа да өнімдерге сұранысты қанағаттандыру болып табылады. Жартылай өткізгіштер өндірісіне инвестициялар негізінен орта және ұзақ мерзімді перспективада сұранысты қанағаттандыру үшін инфрақұрылымды құруға бағытталды. Дисплей панельдерін өндіруге салынған инвестициялар негізінен IT саласына және икемді дисплейлерге арналған OLED өнімдерін әзірлеу бойынша өндірістік мүмкіндіктерді дамытуға бағытталды.

 

Жад бөлімі пайдаға оралды; сегмент өнімділігі AI сұранысына байланысты екінші тоқсанда жоғары болып қалады деп болжануда

 

2024 жылдың бірінші тоқсанындағы Device Solutions (DS) бөлімшесінің шоғырландырылған кірісі 23,14 трлн вонды құрады, ал операциялық пайдасы 1,91 трлн вон.

 

Серверлер мен сақтау жүйелері туралы айтатын болсақ, генеративті AI-ға сұраныс тұрақты динамика көрсетті, ал DDR5 және жоғары тығыздықтағы SSD сақтау құрылғыларына сұраныс жоғары болып қалды. ДК мен мобильді құрылғыларға келетін болсақ, DRAM және NAND деректер тығыздығының (content-per-box) өсуі жалғасты, сұраныс, ең алдымен, қытайлық мобильді құрылғылардың OEM-өндірішулерінің белсенді сату жағдайында сұраныс жоғары болып қалды.

 

Жад шығаратын бөлімше (Memory Business) серверлерге, жадтарға, компьютерлерге және мобильді құрылғыларға сұранысты қанағаттандыратындықтан, күшті өсумен табыстылыққа оралды, HBM, DDR5, серверлік SSD сақтау құрылғылары және UFS 4.0 сияқты қосылған құны жоғары өнімдерді сатуға назар аударғанның арқасында, сондай-ақ орташа сату бағасының өсуіне байланысты.

 

2024 жылдың екінші тоқсанында сегмент өнімділігі ең алдымен генеративті AI сұранысына байланысты күшті болады деп күтілуде.

 

Серверлер мен сақтау жүйелеріне қатысты, жасанды интеллект серверлерін жеткізудің тұрақты ұлғаюы және байланысты бұлттық қызметтерді кейіннен кеңейту тек HBM-ге ғана емес, сонымен қатар кәдімгі серверлер мен деректерді сақтау шешімдеріне сұраныстың артуына әкеледі. Samsung осы тоқсанда мобильді технологияға сұраныс тұрақты болады деп болжайды, сонымен бірге ДК сегментіндегі тұтынушылар төмен маусымды бастан кешіруде, бұл оларды екінші жартыжылдықта жаңа өнімдерді шығару алдында қорларын түзетуге мәжбүр етеді.

 

Компания HBM3E 8H сериялық өндірісін осы айда бастады, ал 10 нанометрлік (нм) технология негізінде сыйымдылығы 128 ГБ, 32 ГБ микросхемалармен HBM3E 12H чиптері мен DDR5 жад модульдерінің сериялық өндірісін екінші тоқсанда бастау жоспарлануда. Осы айда компания сонымен қатар саланың бірінші тоғызыншы буындағы NAND өнімдерін жаппай шығаруды бастады.

 

Нарықтың оң конъюнктурасы 2024 жылдың екінші жартысында жалғасады деп күтілуде, осы ретте генеративті AI-ға сұраныс жоғары. Бұл макроэкономикалық үрдістерге және геосаяси мәселелерге байланысты тұрақсыздыққа қарамастан.

 

HBM-ге қатысты Samsung генеративті AI-ға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жеткізуді ұлғайтуды жалғастырады. Компанияның DRAM сегментіндегі мақсаты 10 нанометрлік (нм) технология негізінде 32 ГБ чиптері бар DDR5 жад модульдерін жеткізуді жеделдету болып табылады. Бұл өндіріс қарқынын арттыру және тығыздығы жоғары DDR5 жады нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыру арқылы жасалады. NAND сегментінде компания үшінші тоқсанда тоғызыншы буынды NAND өнімдері үшін төрт деңгейлі ұяшықтарды (QLC) көлемді өндіру арқылы өзінің технологиялық көшбасшылығын нығайтуды жоспарлап отыр.

 

Жүйелік жартылай өткізгіштер бөлімшесі (System LSI Business) негізгі тұтынушылардың жаңа өнімдері үшін чиптегі жүйелерді (SoC) және сенсорларды жеткізуді көбейтті, дегенмен, кірістің өсуі күтілгеннен ұзағырақ болды, себебі дисплей драйвері IC (DDI) сатылымдарына дисплей панеліне сұраныстың баяулауы әсер етті.

 

Смартфондар сатылымы баяу құлдыраудан кейін қалпына келе бастауына байланысты, System LSI Business бөлімшесі флагмандық жүйелердін және сенсорлардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар жаңа киілетін құрылғыларға арналған озық технологияларға негізделген өнімдерді шығаруға дайындалуда.

 

Осылайша, мобильді сенсорлар сегментінде қуатты пайдаланудың жоғары деңгейі сақталады деп күтілуде, соның ішінде халықаралық тұтынушылар үшін 50 МП құрылғыларды сериялық өндіру арқылы. IC (DDI) дисплей драйверлеріне қатысты, жаңа АТ және ТВ өнімдердін драйверлерге тұтынушылардың негізгі сұранысын қанағаттандыру шараларының бір бөлігі ретінде сатылымдар ұлғая береді деп күтілуде.

 

Құрамдас бөліктердің бағасының көтерілуі мүмкін болғандықтан, System LSI Business бөлімшесі осы қиындықтарды шешу үшін өнім ұсынысын белсенді түрде реттейді. Жартылай өткізгіштер бөлімшесі (Foundry Business) нарықтағы сұраныстың әлсіздігі мен түгендеулердің үздіксіз жүргізілуіне байланысты сатылымның баяу өсуіне тап болды. Дегенмен, өндіріс орындарының тиімділігін арттыруға бағытталған күш-жігердің әсері айтарлықтай байқала бастады, бұл бөлімшеге шығынды аздап азайтуға мүмкіндік берді.

 

3 және 2 нанометрлік технологияның озық дамуы бірте-бірте жүріп жатыр, а 4 нанометрліктің кірістілігі тұрақтанды. Бірінші тоқсанда алдыңғы қатарлы технологиялар нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы Foundry Business бөлімшесіне тарихтағы ең үлкен жобалар портфеліне қол жеткізуге көмектесті.

 

Нарық конъюнктурасының бірте-бірте қалпына келуі мүмкін болған жағдайда, екінші тоқсандағы бөлімшенің кірісі бұрынғы деңгейіне оралып, бірінші тоқсандағы құлдыраудан кейін екі таңбалы өсуді көрсетеді деп күтілуде.

 

Жартылай өткізгіштер бөлімі (Foundry Business) 2 нанометрлік технология үшін инфрақұрылымды дамытуды аяқтауды және 3D IC шешімдері үшін 4 нанометрлік технологиясын бейімдеуге жоспарлап отыр. Дәлелденген технологияларға қатысты, 14 және 8 сияқты нанометрлік технологиясына бөлімше инфрақұрылымды әртүрлі қолданбаларға дайындауға ниетті.

 

Жартылай өткізгіштер нарығының өсуі 2024 жылдың екінші жартысында шектеледі деп күтілуде, өйткені белгісіздік сақталуы мүмкін. Дегенмен, Foundry Business бөлімшесі 5 нанометрлік және одан төмен озық процессорлардың сатылымының артуына байланысты жылдық сатылым көлемі бойынша нарықтың өсуінен асып түседі деп күтеді. Бөлімші екінші буындағы 3 нанометрлік GAA процесін пайдалана отырып, өнімдерді жаппай өндіруді бастауды жоспарлап отыр, және жасанды интеллект және жоғары өнімді есептеулер (HPC) сияқты жоғары өсімді қосымшаларға назар аудару үшін 2 нанометрлік процесін жақсартуды көздеуде.

 

Дисплей панельдерін өндіру бөлімшесінің назарында – икемді дисплейлер мен IT және автомобиль өнеркәсібі үшін икемді дисплейлер өнімдер; үлкен дисплей панелінің сегменті сату көрсеткіштерін арттырады

 

Дисплей панелі (Samsung Display Corporation) бөлімінің  шоғырландырылған кірісі бірінші тоқсанда 5,39 трлн вон құрады, ал операциялық пайда – 0,34 трлн вон.

 

Мобильді дисплей сегментіндегі бәсекелестіктің артуы өткен тоқсанмен салыстырғанда кірістің төмендеуіне әкелгенге қарамастан, SDC бөлімшесі ірі тұтынушылардың бірінің премиум смартфондары үшін икемді дисплейлерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етіп, қатты дисплейлерді өндіру үшін қуаттарды пайдалану деңгейін арттырды.

 

Үлкен дисплей панелінің сегментіне қатысты, сұраныстың үздіксіз төмендеуіне қарамастан, SDC жаңа QD-OLED мониторларын шығару және тұтынушы базасын нығайту арқылы шығындарды азайта алды.

 

Бәсекелестіктің артуы кірістің өсуіне әсер етуі мүмкін, дегенмен SDC өзінің негізгі тұтынушыларының бірі жаңа жиналмалы телефондарды шығаруына байланысты мобильді дисплей сатылымы артып, екінші тоқсанда IT өнімдеріне сұраныс артады деп күтеді.

 

Үлкен дисплей панелі сегментінде SDC өзінің негізгі тұтынушыларының бірінің теледидар панельдеріне деген сұранысын қанағаттандыруды және премиум мониторлардың сатылымын арттыруды жоспарлап отыр.

 

Жылдың екінші жартысында SDC аз қуат тұтынатын және ұзақ мерзімділігі жоғары икемді дисплейлерді сатуды ұлғайту арқылы бәсекеге қабілетті болып қалуға назар аударады, сонымен қатар смартфондардағы СКД дисплейлерді қатты дисплейлерімен ауыстыруды жалғастырады. Одан бөлек, SDC бөлімшесі бизнес портфелін әртараптандыру мақсатында IT сегментіндегі және автомобиль өнеркәсібіндегі позициясын арттыруды жоспарлап отыр.

 

QD-OLED мониторларының өндіріс тиімділігін арттыру және қосылған құны жоғары өнімдерге назар аудару арқылы SDC оның өнім кешенін жақсарту арқылы өткен жылмен салыстырғанда үлкен өлшемді дисплей панельдерінің сатылуын ұлғайтуды көздеп отыр.

 

Мобильді құрылғылар бөлімі нарықтың құлдырауы жағдайында кірістің өсуін жариялайды және AI-ға одан әрі инвестиция салуды жоспарлап отыр

 

Ұялы құрылғылар бөлімше (Mobile eXperience, MX) мен желілік жабдық бөлімінің (Networks Business) шоғырландырылған кірісі бірінші тоқсанда 33,53 трлн вон болды, операциялық пайда – 3,51 трлн вон.

 

Премиум және орта диапазондағы смартфондарға нарықтық сұраныс көлемі мен құны жағынан тұрақты түрде төмендеп келеді, себебі смартфондар нарығы дәстүрлі түрде сұраныстың төмендеуімен сипатталатын бірінші тоқсанға кірді.

 

Дегенмен, ұялы құрылғылар бөлімі (MX Business) Galaxy S24 сериялы смартфондарының күшті сатылуының арқасында кіріс пен операциялық пайданың өсуіне қол жеткізіп, ресурстарды оңтайландыру бойынша жүйелі әрекеттердің арқасында тұрақты екі таңбалы пайданы қамтамасыз етті. Атап айтқанда, S24 сериялы смартфондардағы Шеңберлеу және табу Circle to Search сияқты Galaxy AI функциясы танымал болып қала берді және сатылымның өсуіне ықпал етті.

 

Екінші тоқсанда маусымдылыққа байланысты смартфондарға жалпы сұраныстың үдемелі төмендеуі күтілуде. Сәйкесінше, ұялы құрылғылар бөлімшесі (MX Business) смартфондар жөнелтілімінің бірте-бірте қысқаруын және планшетті тасымалдауды бір деңгейде ұстауды болжайды.

 

Екінші тоқсанда ұялы құрылғылар бөлімшесі (MX Business) басқа флагмандық үлгілердегі Galaxy S24 AI мүмкіндіктерін пайдалана отырып және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, флагмандық сату тәсілін қолданады. Сонымен қатар, ұялы құрылғылар бөлімшенің (MX Business) мақсаты геосаяси тұрақсыздық пен негізгі құрамдастардың құнының ықтимал өсуі жағдайында операцияларды одан әрі оңтайландыру арқылы тұрақты кірісті қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, ұялы құрылғылар бөлімшесі (MX Business) күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде жасанды интеллект саласына инвестициялауды жалғастырады.

 

Тұтынушылардың көңіл-күйінің тұрақтануы, AI өнімдері мен қызметтері желісінің кеңеюі және дамушы елдердегі экономикалық өсу есебінен смартфон нарығы жылдың екінші жартысында қалпына келеді деп күтілуде.

 

MX бөлімшесі смартфондар сатылымының жыл сайынғы өсуіне қол жеткізуді мақсат етеді және Galaxy AI-ді қолданыстағы және жаңа флагмандық өнімдерге, соның ішінде жиналмалы құрылғылар мен планшеттерге қосу арқылы оның қарқынын сақтауды жоспарлап отыр. Тағатын құрылғыларға келетін болсақ, бөлім Galaxy Ring сияқты жаңа модельдер мен форма факторлары арқылы Galaxy экожүйесін дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар, ұялы құрылғылар бөлімшесі (MX Business) жаңа премиум үлгілерді шығару арқылы жақсартылған негізгі сипаттамаларға сұранысты қанағаттандыруды жоспарлауда.

 

Одан бөлек, ұялы құрылғылар бөлімшесі (MX Business) тұрақты жылдық табыстылықты қамтамасыз ету үшін өсіп келе жатқан құрамдас шығындарды өтеу үшін операциялық тиімділікті арттыруды, және Galaxy AI одан әрі кеңейту және жақсарту үшін зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялауды жалғастырады.

 

Көрнекі дисплейлер мен тұрмыстық техника AI дәуірінде жаңа мүмкіндіктерді ашуды жалғастырады

 

Көрнекі дисплейлер (Visual Display Business) және тұрмыстық техника (Digital Appliances) бөлімшелерінің шоғырландырылған кірісі бірінші тоқсанда 13,48 трлн вон болды, ал операциялық пайдасы – 0,53 трлн вон.

 

Көрнекі дисплейлер (Visual Display Business) бөлімшесінің Neo QLED, OLED және 75 дюймден асатын үлкен теледидарлар сияқты премиум өнімдерге назар аударуына байланысты нарықтағы жалпы сұраныстың төмендеуіне қарамастан, кіріс тоқсан сайын өсті. Дегенмен, теледидар нарығындағы тоқырауға және бәсекелестіктің күшеюі жағдайында шығындардың өсуіне байланысты бөлімшенің кірістілігі жыл санап төмендеді.

 

2024 жылдың екінші тоқсанында дамушы нарықтардағы теледидарларға сұраныстың төмендеуіне байланысты жалпы нарықтық сұраныс әлсіз болып қалады деп күтілуде, дегенмен, ірі халықаралық спорттық іс-шаралар сатуды арттыруы мүмкін. Көрнекі дисплейлер (Visual Display Business) бөлімшесі кірістілікті арттыруға, стратегиялық өнімдерді сатуды арттыруға және бизнес сегменттерінің әрқайсысында операциялық басқаруды оңтайландыруға айрықша көңіл бөледі.

 

Жалпы телевизиялық сұраныс 2024 жылдың екінші жартысында макроэкономикалық және геосаяси белгісіздік жағдайында біртіндеп қалпына келеді деп болжануда. Көрнекі дисплейлер бөлімшесі жаңашыл премиум теледидарлар мен ішкі дисплейлер арқылы «Экран дәуірінде AI көмегімен көшбасшы» (AI Screen Leadership) науқаны арқылы тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бөлім тұтынушыларға қосылған құрылғылардың бай тәжірибесін ұсынады және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың озық функцияларын ілгерілету, сондай-ақ Samsung TV Plus сияқты қызметтердегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы нарықтың өсуіне ықпал етеді.

 

1 10 нанометрлік технологияға негізделген Samsung DRAM жад модульдерінің бесінші буыны.
2 Integrated circuit, интегралды схема.

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары