Samsung Electronics AI-Native және тұрақты коммуникациялардың даму бағытын анықтайтын 6G бойынша ақпараттық-техникалық құжатты ұсынды
Samsung Electronics компаниясы алтыншы буынның (6G) технологиялары бойынша жаңа ақпараттық-техникалық құжатты «AI-Native және тұрақты байланысты» жариялады. Құжатта жаңа буынның мобильдік технологиялары саласындағы соңғы үрдістері қарастырылады.
Құжат 2020 жылғы шілдеде «Баршаға арналған келесі гипербайланысты тәжірибе» атты бірінші құжатты жариялаумен басталған жұмысты жалғастырады және 6G стандарттауына және болашақ ұялы байланыстың дамуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасайды. Онда өзекті нарықтық пен технологиялық үрдістер, перспективалық қызметтер, 6G негізгі сипаттамалары және қосымша технологиялар қарастырылады.
Samsung желі сапасын жақсарту және тұтынушыға бағытталған тұрақты цифрлық ортаны құру үшін жасанды интеллектің жаңа технологияларын телекоммуникация жүйелеріне біріктіруге ұмтылады.
«Біз өзіміздің 6G саласындағы зерттеулерімізді жандандырамыз, ЖИ және тұрақты желілерге негізделген байланыс технологияларына күшімізді саламыз», — деп атап өтті Samsung Research (ACRC) Жетілдірілген коммуникациялық зерттеулер орталығының аға вице-президент Чарли Чжан (Charlie Zhang). — Осы жылы телекоммуникация саласы 6G стандарттау процесін жалдамдатады, және Samsung нарық талаптарына сәйкес технологияларды жасауды жалғастырады.
6G жолындағы нарықтық және технологиялық үрдістер
Мобильді трафиктің өсуі жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуымен және ағынды қызметтерді таратумен байланысты. Бұл ортада деректердің өсіп келе жатқан көлемін басқару және келесі буын мобильді желілерде тұтынушы тәжірибесін жақсарту үшін кеңейтілген шешімдер қажет.
5G енгізілгеннен бері байланыс индустриясы жүйе өнімділігін оңтайландыруға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бар күшін жұмылдырып отыр. Деректерді беру жылдамдығын жақсарту және кешіктіруді азайтумен қатар, операциялық шығындарды азайту, энергия тиімділігін арттыру, қамту аумақтарын кеңейту және инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу маңызды міндеттер болып қала береді.
Жетілдірілген сервистер
5G-Advanced технологиясын дамыту 5G мүмкіндігін кеңейтуге, жасанды интеллект технологияларын кіріктіруге және 6G арналған негізді жасауға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпаратық-техникалық құжатта 6G заманасын анықтайтын басты сервистер ұсынылатын болады.
- Иммерсивті кеңейтілген шындық (XR) — виртуалды және нақты әлемдерді біріктіру арқылы шынайы иммерсивті пайдаланушы тәжірибесін жасайды. Бұл технология ойын-сауық, денсаулық сақтау және ғылым салаларының назарын аудартады.
- Цифрлық қосарлық (Digital Twin) — 6G негізінде физикалық нысандардың, адамдардың, құрылғылардың және кеңістіктердің виртуалды көшірмесін жасайды. Бұл нысандарды қашықтан бақылауға, ақауларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
- Жаппай коммуникация — көптеген тетіктердің, машиналардың, терминалдардың және басқа құрылғылардың желілерге қосылуы ақылды қалаларды, үйлерді және өндірістерді автоматтандыру және басқаруды жеңілдетеді.
- Жаппай байланыс (Ubiquitous Connectivity)— жерсерік және биік стратосфералар платформалары (HAPS) сияқты жер үсті және жерүсті емес желілерді біріктіру арқылы қызмет көрсету ауқымын кеңейтеді.
- Бекітілген сымсыз рұқсат (FWA)— Бұрын тек сымды желілер арқылы қолжетімді болған кең жолақты қызметтерді сымсыз қамтамасыз ету телекоммуникация бизнесін кеңейтудің маңызды факторына айналады.
6G басты сипаттамалары
Samsung 6G технологияларының дамуын қалыптастыратын төрт негізгі сипаттаманы атап көрсетеді.
- AI–Native— Жобалау мен әзірлеуден бастап жүйелерді басқару мен пайдалануға дейінгі процестің барлық кезеңдерінде — жасанды интеллект технологияларын біріктіру — желі өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
- Желінің тұрақтылығы (Sustainable Network)—желілердің де, пайдаланушы құрылғыларының да энергия тиімділігін арттыру арқылы операциялық шығындарды азайтады және тұтынушылардың қанағаттануын арттырады.
- Жаппай жабынды (Ubiquitous Coverage)— желіні орналастыруға арналған күрделі шығындарды (CAPEX) азайтады және жердегі және жерүсті емес желі құрамдастарын біріктіру арқылы байланыс сапасын жақсартады.
- Қауіпсіз және тұрақты желі – пайдаланушы деректерін қорғайды және 2030-шы жылдардағы есептеу қуатын арттыру және ЖИ-технологияларын енгізу арқылы жоғары сенімді байланысты қамтамасыз етеді.
6G жол картасы
Ақпараттық-техникалық құжатты жариялау арқылы Samsung зерттеу бағыттарын қалыптастырудағы және 6G негізгі технологияларын дамытудағы өзінің жетекші рөлін тағы бір рет растады.
6G бойынша зерттеулер 2020 жылы басталды, ал келесі буын технологияларын стандарттау процесі 2030 жылға қарай аяқталады деп күтілуде. Осы уақытқа дейін мамандар кандидаттық технологияларды әзірлеуді, сынақтан өткізуді және бекітуді аяқтайды. Халықаралық электрбайланыс одағының Радиобайланыс секторының (ITU-R)1 және 3-ші буын серіктестігі жобасының (3GPP)2 өзекті кестелеріне сай, 6G ғылыми-зерттеулер және әзірлемелер саласында белсенділік артатын болады.
Samsung 5G коммерцияландыру тәжірибесін және нарықтың жаңа талаптарына бейімделу қажеттілігін ескере отырып, жаһандық стандарттау және 6G дәуіріне дайындықта көшбасшы болуын жалғастырады.
Өткен жылдың қараша айында компания жетекші сала сарапшылары телекоммуникациялық технологиялар мен ЖИ интеграциясын талқылаған Silicon Valley Future Wireless Summit ұйымдастырды. Samsung AI-RAN технологияларын енгізді және олардың тестілеу (Proof of Concept, PoC) нәтижелерін көрсетті, бұл ірі байланыс операторлары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
1 ХОЭ– Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі мамандандырылған агенттігі, оған 193 мүше мемлекет және 1000-нан астам компаниялар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық және аймақтық ұйымдар мүше. ХОЭ Радиобайланыс секторы (ITU-R) жаһандық радиобайланысты реттеу мен стандарттау үшін жауапты.
2 3GPP ұялы байланыс үшін жаһандық бірыңғай техникалық сипаттамаларды әзірлеумен айналысады.
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.