Samsung Electronics бесінші жыл қатарынан әлемдік үздік брендтердің бестігінде – бренд құны 100,8 миллиард долларға жетті
Samsung жасанды интеллект технологияларын дамытудағы көшбасшылығы және қосылу мүмкіндіктерін арттыру үшін жоғары баға алды
Жыл сайын Best Global Brands рейтингін жариялайтын Interbrand халықаралық консалтингтік компаниясының нұсқасы бойынша Samsung Electronics бесінші рет қатарынан үздік әлемдік брендтердің бестігіне енді. Samsung капиталдандыруы 100,8 миллиард долларға бағаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.
Samsung Electronics брендінің құндылығының айтарлықтай артуына жасанды интеллекттің дамуы, әсіресе AI құрылғыларындағы көшбасшылық, сондай-ақ жартылай өткізгіштер секторындағы бәсекеге қабілеттілік себеп болды. 2020 жылы алғашқы бестікке кіргеннен бері Samsung Electronics төрт жыл ішінде әсерлі 62% өсім көрсетті және үздік бес әлемдік брендтің қатарына кірген жалғыз азиялық компания болып қала берді.
«Брендтің биылғы жылы айтарлықтай өсуі – жасанды интеллектке деген біртұтас көзқарасымыздың және оны бүкіл әлемдегі Samsung пайдаланушыларына жеткізуге күш салуымыздың тікелей көрсеткіші, – Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті және маркетинг жөніндегі бас директоры Ю.Х.Ли (YH Lee) атап өтті. – Біз пайдаланушыларымыз бағалайтын және күтетін технологияларды жетілдіруді жалғастырамыз».
Компания құрылғыларға жасанды интеллект енгізу, қосылу мүмкіндігін жақсарту және жасанды интеллект саласындағы көшбасшылық үшін танылды
Interbrand мәліметтері бойынша Samsung Electronics бағасына келесі факторлар оң әсер етті:
- Негізгі өнімдерде жасанды интеллект технологияларын енгізу және нарықтағы көшбасшылық
- Жасанды интеллект қолдайтын платформалар мен өнімдермен қосылу мүмкіндігін кеңейту
- Жартылай өткізгіштер секторындағы бәсекеге қабілеттілікке негізделген жасанды интеллект саласындағы көшбасшылық
- Әлемдік нарықта брендті дамытудың дәйекті стратегиясы
- Тұрақты болашаққа үнемі ұмтылу
Биылғы жылы «Барлығына арналған ЖИ» көзқарасының бір бөлігі ретінде Samsung тұтынушылар тәжірибесін жақсарту үшін жасанды интеллект қолдайтын өнімдер портфолиосын кеңейтеді. Galaxy S24 сериясының шығуымен Samsung мобильді жасанды интеллект бойынша көшбасшыға айналды. Сондай-ақ, компания жасанды интеллект процессорларымен және AI Upscaling технологиясымен жабдықталған теледидарлар мен Bespoke AI технологиясы бар тұрмыстық техниканы таныстырды.
Компания SmartThings экожүйесін Samsung өнімдерін ғана емес, сонымен қатар үшінші тарап құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік беретін біртұтас қосылу тәжірибесін қамтамасыз ету үшін кеңейтуде. Бұл қадам энергияны үнемдеуге және жақын адамдарға қамқорлық жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жартылай өткізгіштер секторының көшбасшысы ретінде Samsung жасанды интеллектке өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін зерттеулер мен әзірлемелерге белсенді түрде инвестициялауда. DDR5, GDDR7, HBM3E, LPDDR5X, 9-шы буынды V-NAND, Exynos SoC, жоғары ажыратымдылықтағы кескін сенсорлары сияқты инновациялық деректерді сақтау өнімдерімен компания серверлер мен құрылғылардың жасанды интеллект қажеттіліктерін белсенді түрде шешуде.
Компания тұрақты бренд құндылықтарын жүзеге асыруы және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуы үшін танылды.
Сонымен қатар, Samsung құрылғылардың кең ауқымында қайта өңделген материалдарды пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалар мен бастамаларға ерекше мән береді. Компания жаһандық бастамаларға қатысып, құрылғылардың көміртегі ізін азайту мақсаттарын қою үшін сала көшбасшыларымен серіктес болуда. Samsung Electronics компаниясының тұрақты даму және корпоративтік мәдениет саласындағы күш-жігері де жоғары бағаланады.
Әрбір бизнес бөлімшеде белгілененген Samsung күш-жігері
Мобильді құрылғылар
- Galaxy AI және Galaxy S24 сериялы смартфондарының мобильді жасанды интеллектті дамытудағы жетекші рөлі
- Galaxy Z Fold6 және Z Flip6 бүктемелі смартфондарындағы жетілдірілген Galaxy AI
- Galaxy Ring және жаңа Galaxy Watch серияларын шығару арқылы денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект көшбасшылығын нығайту
Желілік жабдық
- 5G виртуалдандырылған радиоқабылдау желісінде (vRAN) және ашық RAN жүйесінде көшбасшылықты нығайту
- 6G технологияларының техникалық стандарттауын басқару
- Түрлі 5G пайдалану жағдайларын, соның ішінде стриминг және ойын ойнауды қолдау үшін технологиядағы үздіксіз инновация
- Компаниялармен серіктестікті нығайту, Samsung-тың тұрақты дамумен байланысты мүмкіндіктері туралы ақпарат беру
Көрнекі дисплейлер
- Жаһандық теледидар және саундбар нарығында көшбасшылықты нығайту
- AI теледидарлары, MICRO LED дисплейлері және Music Frame аудио жүйесі сияқты өнімдерге арналған инновациялық шешімдер
- AI upscaling және Active Voice Amplifier Pro сияқты озық технологиялармен мүмкіндіктерді кеңейту
- Әлемдегі жетекші қызметтермен серіктестік арқылы ойын индустриясындағы позицияларды нығайту
- Samsung Knox көмегімен қауіпсіздік пен құпиялылықты күшейту
Тұрмыстық техника
- Құрылғыны үздіксіз жетілдіру және жасанды интеллекттің жетілдірілген мүмкіндіктері арқылы тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар сияқты негізгі тұрмыстық техника санаттарында жаһандық көшбасшылықты сақтау
- Bespoke AI тұрмыстық техникасын пайдалану арқылы тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеуге негізделген пайдаланушы тәжірибесін жақсарту
- Auto Open Door функцияның арқасында пайдаланудың қарапайымдылығы және Bixby дауыстық көмекшісінің кеңейтілген мүмкіндіктері
- SmartThings арқылы AI Energy Mode көмегімен энергия тиімділігі сияқты маңызды артықшылықтар беру және бүкіл әлем бойынша SmartThings мүмкіндіктерін кеңейту
Жартылай өткізгіштер
- GDDR7 DRAM, HBM3E DRAM, LPDDR5X DRAM және 9-шы буынды V-NAND флэш жады сияқты саладағы алғашқы инновацияларды құру және жасанды интеллект дәуіріндегі нарықтағы көшбасшылықты нығайту
- Пилотсыз көліктерді құру үшін оңтайландырылған ISOCELL Auto 1H1 сенсорлары сияқты жасанды интеллект технологияларының үздіксіз дамуы
- 990 EVO және SSD T9 сияқты жоғары сапалы B2C SSD өнімдерін үнемі шығару
Best Global Brands рейтингісін Interbrand компаниясы қаржылық көрсеткіштерін, пайдаланушының сатып алу туралы шешіміндегі рөлін және брендтің бәсекеге қабілеттілігін жан-жақты талдаудың нәтижесі болып табылатын бренд құны негізінде жасайды. Бренд құнын бағалаудың бұл әдісі әлемдегі ең көне әдістердің бірі және шынайылығымен кеңінен танылған.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Марапаттар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.