Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының мобильді құрылғыларды тексеруге қатысты мәлімдемесі
Соңғы күндері Samsung Electronics Central Eurasia серіктестері мен тұтынушылардан ресми түрде сатып алынған мобильді құрылғылар kz-imei.kz үшінші тарап интернет–ресурсы арқылы тексерілгенде расталмаған болып көрсетілетініне қатысты көптеген сауалдар алды. Осыған байланысты компания аталған мәселе бойынша өз ұстанымын нақтылау қажет деп санайды.
Samsung Electronics Central Eurasia Қазақстан Республикасындағы тауарлардың, соның ішінде SAMSUNG сауда белгісімен мобильді құрылғылардың жалғыз ресми импорттаушысы болып табылады. Компанияның уәкілетті серіктестері арқылы бөлшек саудада сатылатын Samsung мобильді құрылғылары Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде барлық кедендік және салықтық ережелерге сәйкес қатаң түрде әкелінеді. Сонымен қатар, SAMSUNG тауар белгісі зияткерлік меншік нысандарының кедендік тізіліміне енгізілген, бұл авторлық құқық иесінің келісімінсіз басқа тұлғалардың SAMSUNG смартфондарын заңды әкелу мүмкіндігін заңды түрде жоққа шығарады.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңына сәйкес мобильді құрылғыларды тіркеуден бас тарту екі негіз бойынша ғана мүмкін болады: (1) IMEI коды басқа иеленушіге тіркелген; (2) телефон нөмірі мобильді құрылғы иесіне тіркелмеген. «Верификациялаудың болмауына» байланысты тіркеуден бас тарту тұтынушылардың мобильді құрылғыларды тіркеу құқығын шектеуге негіз бола алмайды.
Жоғарыда аталған kz-imei.kz сайты ресми верификациялау құралы болып табылмайды деп есептейміз.
Компания Қазақстан Республикасының аумағына ресми түрде әкелінген және заң талаптарына толық сәйкес келетін мобильді құрылғылардың мемлекеттік ресурстарда «верификациялаудан өтпеген» ретінде көрсетілуіне жол беруге болмайды деп санайды. Бұл тұтынушылар мен серіктестердің сеніміне нұқсан келтіреді, осылайша SAMSUNG брендінің беделіне нұқсан келтіреді және мобильді құрылғыларды тіркеу саласындағы реттеудің ашықтығына күмән келтіреді
Бұл мәселе қазірдің өзінде уәкілетті мемлекеттік органның қарауында. Жақын арада тұтынушылардың да, нарыққа адал қатысушылардың да мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін әділ шешім қабылданатынына сенімдіміз.
Samsung Electronics Central Eurasia серіктестеріне түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді және тұтынушыларды ресми арналар арқылы сатып алынған барлық мобильді құрылғылар толығымен заңды екеніне сендіреді.
Өзіңіздің болашақ телефоныңыздың ресми расталғанына сенімді болу үшін Samsung мобильді құрғыларын компанияның сайтында немесе Қазақстан бойынша ресми серіктестерден: Alser, Beeline, DNS, Evrika, Freedom Mobile, Kcell, Mechta, Mobil Plus, Nurancell, Samsung Brandshop Kazakhstan, Sulpak, Technodom, Tele2 сатып алуға кеңес береміз.
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Ресми жарияланымдар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.