Samsung Electronics компаниясы Galaxy S24 сериясына арналған тартымды аксессуарларды құруда үш еуропалық суретшімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды

19.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Galaxy S24, S24+ и S24 Ultra смартфондарына арналған кербез қаптар Рикардо Каволо, Стивен Уилсон және Йее Веллердің шығармашылық ойларын бейнелейтін болады

 

Samsung Electronics компаниясы үш еуропалық суретшімен – Рикардо Каволомен (Испания), Стивен Уилсонмен (Ұлыбритания) және Йее Веллермен (Германия) ынтымақтаста Galaxy S24 сериясына арналған тартымды аксессуарлардың желісін шығарғаны туралы хабарлады. Олардың әрбірі мәдениетпен шабыттанған өзінің туындыларымен танымал, ал олар құраған аксессуарлар сатып алушыларға күнделікті өмірде еуропалық өнермен танысуға бірегей мүмкіндікті ұсынады.

 

Galaxy S24, S24+ и S24 Ultra арналған аксессуарлардың желісі үш типті қаптты, ал Galaxy Z Flip5 сондай-ақ суретшілер әзірлеген үш жаңа Flipsuit картасын иеленеді. Аталған аксессуарлар NFC-мен жасақталғандықтан қосылған кезде экран бетінде автоматты түрде анимацияны көрсетеді. Аксессуарлардың бірін сатып алған сатып алушылар, сондай-ақ сыйлыққа сәйкес келетін Galaxy Watch6 сағаттарына арналған циферблатты алады, оны өнімге қоса берілген басшылықтың көмегімен тегін жүктеуге болады. Топтама Samsung.com сайтында 17 қаңтардан бастап эксклюзивті сатып алуға қол жетімді болады, сатылым басында 16 елде, ал кейін 26 қаңтардан бастап бұл тізім Қазақстанды қосқанда 20 астам елге дейін кеңейтілетін болады.1

 

«Біз пайдаланушыларымызға өздерінің бірегей тұлғасын бейнелеуге мүмкіндік беретін аксессуарларды құруда жетекші европалық суретшілермен ынтымақтастықта жұмыс жасауға қуаныштымыз» – дейді Samsung Electronics компаниясы брендтерінің жаһандық орталығының атқарушы директоры Эвелин Ким (Evelyn Kim). Ол сондай-ақ: «Бұл ынтымақтастық Samsung.com сайтында қол жетімді дифференцияланған аксессуарлардың бұдан да кең жиынтығын одан да кеңейтеді» – деді.

 

Еуропалық суретшілерден көз тартарлық айқын дизайны бар қаптар

Рикардо Каволо Барселонада өмір сүреді және өз шабытын халық өнерінен, орта ғасырлық эстетикадан және тайпалық пішіндерден алады. Оның өнері аталған сюжеттердің барлығын өзінде үйлестіріп, аңызға ұқсас тарихты құрайды. Каволоның «Жалынды жүрек» атты аңызға айналған туындысы аксессуарлардың негізіне жатты, ол жарқыраған жұлдыздарға толы аспандай көк фонда жанып жатқан жүректің мықты кескінін бейнелейді.

 

Екінші суретші – Лондонда өмір сүретін Стивен Уилсон, ол өзінің шығармашылығында трафареттік баспаға және сурет реңктерінің бөлінуіне деген сүйіспеншілігімен танымал. Оның сыншылардан жоғары бағаға ие болған туындысы – бульдог кескіні, осы коллаборацияда орталық орын алады, онда жарқын түстер мен айқын көрінетін жолақтар қолданылған.

 

Ақырында, Мюнстер қаласында тұратын әлемге әйгілі суретші Йее Веллердің жұмыстарында жүректі баулап алатын сүйкімді кейіпкерлер бейнеленген, ол туындыларын айқын түстермен және бөлшектермен толтырады. Оның негізгі туындысы «Махабатпен бөлісу» Galaxy S24 смартфонына, Flipsuit картасына және Galaxy Watch6 циферблатына арналған қаптардың дизайнына шабыт берді.

 

Заманауи суретшілердің Samsung компаниясымен ынтымақтастығының тәжірибесіне сүйенсек, аксессуарлардың бұл жаңа желісі пайдаланушыларға түпнұсқа өнер туындыларының көмегімен өздерінің стилін білдіре отырып, Samsung компаниясының алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді.

 

1 17 қаңтардан бастап: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Португалия, Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания, Чехия, Словакия, Бразилия, БАӘ.

18 қаңтардан бастап: Австралия, Жаңа Зеландия, Гонконг, Тайвань, Малайзия, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Сингапур, Филиппин аралдары, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай.

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Жүктеу

  • S24-Accessories-Collab_dl1-1-1.jpg

  • S24-Accessories-Collab_Ricardo-Cavolo_dl2.jpg

  • S24-Accessories-Collab_Steve-Wilson_dl3.jpg

  • S24-Accessories-Collab_Yeye-Weller_dl4.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары