Samsung Electronics компаниясы Odyssey ойын мониторларының желісін кеңейтеді: CES 2024 көрмесінде жаңа OLED-модельдерінің презентациясы

04.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жаңа модельдердің арасында, атап айтқанда Odyssey OLED G8, Odyssey OLED G6 және жаңартылған Odyssey OLED G9

 

Samsung Electronics компаниясы келесі аптада Лас-Вегас қаласында өтетін Тұтынушылық технологиялар қауымдастығы (CTA) ұйымдастыратын CES 2024 әлемдегі ең ірі технологиялық көрмеде жаңа ойынға арналған OLED-мониторларын – жаңа Odyssey ойын мониторларын көпшіліктің назарына ұсынады.

 

OLED-мониторларының жаңа модельдері – Odyssey OLED G9 (G95SD моделі), Odyssey OLED G8 (G80SD моделі) және Odyssey OLED G6 (G60SD моделі) – жоғары өнімділікпен және кескін нақтылығымен ерекшеленеді, бұл қасиеттерді ойыншылар өз мониторларында жоғары бағалайды.

 

Odyssey OLED G9 – бұл DQHD (5120×1440) шешімі бар 49 дюймді иілген өте кең ойын монитор, оның жақтарының арақатынасы 32:9 және ол басқа да жаңартылған функцияларға ие. Odyssey OLED G8 – жақтарының арақатынасы 16:9 болатын және 4K UHD (3840х2160) шешімі бар 32 дюймді Samsung компаниясының ойындарға арналған OLED-мониторы. Қос монитордың да жаңартылу жиілігі 240 Гц, ал жауап қайту уақыты GTG1 0,03 мс құрайды. Odyssey OLED G6 – жақтарының арақатынасы 16:9 болатын және QHD (2560x 1440) шешімі бар 27 дюймді монитор, оның жаңартылу жиілігі 360 Гц және жауап қайту уақыты GTG 0,03 мс құрайды.

 

«Ойын жанрларымен қатар ойын платформалары да күннен-күнге одан да қатты өзгеріп бара жатыр» – дейді Samsung Electronics компаниясының визуалды дисплейлер бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Хун Чун (Hoon Chung). Ол сондай-ақ: «Samsung компаниясы шығарған жаңа OLED Odyssey ойын мониторлары ойыншыларға одан да таң қаларлық ойын ортасын құруға және инновациялық технологияларды қамтамасыз етуге көмектеседі, бұл өз кезегінде ойыншылардың ойын тәжірибесін дербестендіріп, олардың тұрақты түрде өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандырып, үміттерінен асып түседі» – деді.

 

Барлық сәттерді сезінуге мүмкіндік беретін технологиялар

 

Барлық үш модель OLED Glare-Free технологиясымен жасақталған, бұл технология жарық сәулесінің шағылысын азайтады және қосымша жабдықсыз экранды көруден әсерлерді жақсартады, сол себепті пайдаланушылар кез келген жарықта дерлік өзгеріссіз жарқындылықпен және түрлі түстермен ойындарды ойнай алады.

 

VESA DisplayHDR™ True Black 400 технологиясының арқасында мониторлар көз тартатын таң қаларлық детализацияны және ойынға немесе контентке тәуелсіз жарқын түстерді көрсетеді. Сонымен қатар, олар төмен іркілісі бар HDR-ойындарын жоғары дәрежеде бір қалыпты көрсету үшін AMD FreeSync™ Premium Pro технологиясын қолданады.

 

Барлық үш монитордың да кең физикалық мүмкіндіктері: екі HDMI 2.1 порты, USB-хабы және DisplayPort 1.4. ажырату порты бар. Пайдаланушылар сондай-ақ VESA2 орнықтыру құрылғысымен үйлесімділіктің және бүгуді, бұруды, айналдыруды басқару нүктелері бар биіктігіне сәйкес реттелетін тіреуіштің (HAS) 3 арқасында бұрыңғыдан да көп рақат пен ыңғайлылық сезімін алады.

 

Толық қанды экожүйедегі өзара байланысты тәжірибе

 

Odyssey OLED G9 және Odyssey OLED G8 мониторлары енді бірнеше құрылғымен бірлестікте бұрыңғыдан да ыңғайлы және тиімді жұмыс жасау үшін құрылғылардың қуатқа тәуелсіз үздіксіз қосылысына кепілдік беретін жаңа Multi Control функциясын ұсынады. Multi Control функциясы тінтуір мен пернетақта көмегімен одан да бірқалыпты және тиімді жұмыс үрдісін жасау үшін пайдаланушыларға Samsung мониторы мен Samsung компаниясы шығарған басқа да құрылғылар, жеке алғанда Galaxy Book, планшет немесе телефон, арасында кескінді және/немесе мәтінді үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді.4

 

Сонымен қатар, Odyssey OLED G9 және Odyssey OLED G8 мониторлары Samsung SmartThings Hub хабымен жасақталған. Оның көмегімен пайдаланушылар құрылғыларды басқару үшін Matter және Home Connectivity Alliance (HCA) үйлесе алатын әр түрлі IoT-құрылғыларына қосыла алады.5

 

Кез келген кеңістікті әсемдеуге арналған сәнді дизайн

 

Samsung компаниясы Odyssey желісінде тегіс OLED-дисплейлерді тұңғыш рет көрсетті, сондай-ақ Odyssey OLED G8 және жақтарының арақатынасы 16:9 болатын Odyssey OLED G6 моделдерін алғаш рет назарға ұсынды. Жаңа модельдер өзінде Odyssey OLED желісінің бірегей жіңішке металл дизайнын және жаңа Core Lighting+ жарықтандыруын үйлестіреді, ол экранның жіңішке жиектемесін үйлесімді толықтырады.

 

Core Lighting+ технологиясы монитордың артқы панелінен таратылған жарықты шығара отырып, пайдаланушыларға ойын-сауық әлеміне толықтай сіңуге мүмкіндік береді. Жарықтандыру шеңбері алдыңғы модельге (G95SC моделіне),  қарағанда төрт есе жұқа және қалыңдығы 3,9 мм болатын жіңішке металл жиектемеге табиғи түрде оңтайлы енеді. Сондай-ақ дисплей дизайнымен үйлесімді және басқа құрылғыларға орын босататын жаңа жіңішке 3 миллиметрлік метал тұрақтандырғыш пайда болды, оны аспаптарды қолданбай жинауға болады.

 

Samsung компаниясы осы жаңа модельдерді ұсына отырып, өзінің OLED-мониторлар желісін күшейтті және ойын мониторлары нарығындағы көшбасшылық орнын нығайтты. Odyssey мониторларының OLED-дисплейлерінің инновациялары және Odyssey Neo сериясының, атап айтқанда өткен жылы шығарылған әлемдегі тұңғыш Dual UHD шешімі бар 57 дюймді монитордың, одан әрі дамуы ойын болашағын айқындай алатын озық функцияларды және өнімділікті қамтамасыз етеді.

 

Сұр түстен сұр түске өту уақыты (GTG) – бұл пиксельдің бір сұр реңктен екінші сұр реңкке өзгеруге жұмсаған уақыты.

VESA тіреуіші Бейнеэлектроника стандарттары қауымдастығы (VESA) анықтаған дисплейлерді орнату саласындағы ең кең тараған стандартқа жатады.

G80SD және G60SD модельдерінде бұрылыс және шарнирлік тіреуіштер қолданылады.

Multi Control функциясы Tizen ОЖ басқаруымен 2024 жылы немесе одан кейін шығарылған Samsung мониторларында, 2021 жылы немесе одан кейін шығарылған Galaxy Book ноутбуктарында, сондай-ақ 5.1.1 немесе одан кейінгі нұсқадағы One UI интерфейсі бар Galaxy планшеттері мен телефондарында бірлесе жұмыс жасауға қол жетімді.

Zigbee және Thread құрылғыларына қосылу және оларды басқару үшін бөлек SmartThings адаптері қажет. Z-Wave протоколы бар құрылғыларға қосылу қолданбайды.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар

Жүктеу

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl1F.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl2.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl3.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl4.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl5.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl6.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl7.jpg

  • CES-2024-Odyssey-OLED_dl8.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары