Samsung Electronics және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы IT мамандарын бірлесіп оқытпақ

19.06.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics Орталық Еуразия (ортада) және cпорттық бағдарламалау федерациясының өкілдері.

 

Samsung Electronics Орталық Еуразия және спорттық бағдарламалау Федерациясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұдан былай тараптар елде бағдарламалауды бірлесе танымал етіп, дамытуды көздеп отыр.

 

Ынтымақтастық аясында Қазақстанның аймақтарында спорттық бағдарламалау және стандартты кодтау бойынша түрлі іс-шаралар мен жарыстар өткізу жоспарлануда.

 

«Біз бір үлкен іс жасап жатырмыз – Қазақстанда IT саласын дамытып отырмыз. Жаңадан бастаған бағдарламашыларды қолдап, барған сайын қазақстандық жастарды болашақтың мамандықтарына үйретуге бар күшімізді салып жүрміз. Енді бірлескен күш-жігердің арқасында біз еліміздегі бағдарламалау деңгейін жаңа биіктерге көтереміз деп ойлаймын», – деп атап өтті Берік Умаров, Samsung Electronics Орталық Еуразия компаниясының корпоративтік коммуникациялар бөлімінің басшысы.

 

Қатысушыларды әртүрлі компаниялардың тәжірибелі әзірлеушілерімен және спорттық бағдарламалау саласындағы жетекші сарапшылармен кездесулер күтіп тұр. Осылайша, жас әзірлеушілер кәсіби мамандардан құнды кеңестер мен шабыт ала алады.

 

Спорттық бағдарламалау федерациясы 2023 жылы құрылған. Осындай қысқа мерзімде қоғамдық бірлестік Қазақстанның 11 облысында өкілдіктерін ашып, спорттық бағдарламалаудың экожүйесін белсенді түрде құруда, оқушылар, студенттер мен мұғалімдер арасында тренингтер мен турнирлер өткізуде. Мұнда қатысушылар халықаралық олимпиадаларда табысты өнер көрсету үшін құнды білім алады.

 

Samsung Electronics компаниясының осы бағытта тәжірибесі мол. Бірнеше жылдан бері компания әлемнің 30 елі мен 120 мыңнан астам студентті қамтитын Samsung Innovation Campus әлеуметтік және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Курстар барысында мектеп оқушылары мен студенттер сұранысқа ие IT мамандықтарын тегін меңгереді. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылы іске қосылды. Оқыту үш бағыт бойынша жүргізіледі: Python & Big Data, Android-әзірлеу және IoT (Заттар интернеті). Осы уақыт ішінде 10 мыңға жуық жас қазақстандық бағдарламалау негіздерін меңгере алды.

 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан біле аласыз.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары