Samsung Electronics компаниясы AI-мен жасақталған дисплейлердің дәуірін ашатын 2024 жылдың интерьерлік шешімдерінің, Neo QLED, OLED теледидарларының, MICRO LED дисплейлерінің жаңалықтарын көпшіліктің назарына ұсынды
Neo QLED 8K теледидары NQ8 AI Gen3 процессорының арқасында кескін мен дыбыс сапасын жаңа деңгейге шығарды
Жаңартылған Neo QLED 4K теледидарлар, таңқаларлық жарқын OLED-экрандар және айрықша MICRO LED дисплейлер теледидарды тамашалаудан алынған әсерлерді жақсартады
Интерьерлік шешімдердің желісі кастомдалатын Music Frame колонкасымен және салада тұңғыш 8К шешімін иеленген жаңа The Premiere сымсыз проекторымен толықтырылды
CES® 2024 көрмесінде Samsung Electronics компаниясы интерьерлік шешімдерінің, Neo QLED, OLED теледидарларының, MICRO LED дисплейлерінің соңғы моделдерін жариялады. Сонымен қатар, компания ақылды дисплейлердың мүмкіндіктері туралы көзқарасты біржола өзгерте алатын жаңа ұрпақтың АІ процессорын ұсынды. Жақсартылған дыбыс пен кескін сапасынан бөлек жаңа модельдер АІ негізіндегі шешімдердің және Samsung Knox арқылы пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мүмкіндіктердің арқасында пайдаланушылардың өмір салтын өзгерте алатын функцияларды ұсынды.
«Біз өмір сүріп жатқан пайдаланушылық белсенділік дәуірінде кескіннің жоғары деңгейдегі сапасын беру жеткіліксіз. Дисплейлер біздің өмірімізді оларды қарау кезінде ғана ыңғайлы етпей, одан да асатын артықшылықты беру керек» – дейді Samsung Electronics компаниясының дисплейлік шешімдер бөлімшесінің жетекшісі және президенті Сокву Ён (Seokwoo Yong). Ол сондай-ақ: «енгізілген АІ технологиясы негізінде жұмыс жасайтын Samsung экрандары барлық ақылды құрылғыларды байланыстырып ақылды үйдің ортасы болуы үшін және пайдаланушыларға олардың өмір салтына сәйкес келетін әр түрлі сценарийлерді ұсыну үшін жасалған» – деді.
АІ кеңейтілген қолданысы Neo QLED 8K кескін сапасын жақсартады
Samsung Neo QLED 8K және Neo QLED 4K соңғы модельдері заманауи теледидарда болуы тиіс барлық мүмкіндіктерді: шынайы кескінді, сапалы дыбысты және қосымшалар мен сервистердің кең таңдауын ұсынады. Neo QLED 8K 2024 теледидары алдыңғы модельге қарағанда екі есе жылдам нейронды процессордың – NQ8 AI Gen3 теледидарға арналған инновациялық процессоры негізінде жұмыс жасайды. Қолданылатын нейрожелілердің саны сегіз есе өсті: 64-тен 512-ге дейін, бұл кескінді масштабтау кезінде детализациясын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Осы жетілдірілген чиптің арқасында 2024 жылдың желісінің өнімділігі бұрын болмаған деңгейге жетті.
Жаңартылған дизайннан бөлек Neo QLED жаңа модельдері кескіннің сапасын арттыратын келесідей жаңа функцияларды иеленді:
- 8K AI Upscaling Pro1 функциясы: жасанды интеллекттің көмегімен төменгі шешімдегі контентті 8К дейін масштабтау үшін NQ8 AI Gen3 процессорының мүмкіндіктерін пайдаланады.
- AI Motion Enhancer Pro функциясы: спорттық контентті қарау кезінде пайда болатын кең кездесетін проблемаларды жояды, мысалы, футбол добын дұрыс көрсетпеген кезде мықты нейронды NQ8 AI Gen3 процессорын қолдана отырып, жоғары кескіндегі2 трансляцияларды жүзеге асырады. Ол автоматты түрде экранда қандай спорт түрі көрсетіліп жатқандығын анықтайды және терең оқыту көмегімен доп қозғалысын бақылаудың қажетті моделін пайдаланады.
- Real Depth Enhancer Pro функциясы: жасанды интеллектті мини-жарық диодтарын дәл басқару үшін қолдана отырып, динамикалық сценаларды көрсету кезінде детализацияны күшейтеді. Ол адам көзі табиғи жолмен шоғырланатын сценаның бөліктерін алдыңғы жаққа шығарады. Осының есебінен кескін одан да шынайы және көлемді бола түседі.
- Infinity Air дизайны: кинематографиялық дыбыспен жоғары шешімдегі контентті қарауға толық сіңгуді қамтамасыз ете отырып, қалыңдығы 12,9 мм3 болатын иммерсивті әсерді қосымша күшейтеді. Орталық стендте орнатылған кезде бірегей айна сияқты әсердің пайда болуын атап өту керек, осының арқасында теледидар ауада жүзіп тұрғандай әсер қалдырады.
Neo QLED 8K дыбысының мінсіз сапасы кескіннен кем болмайды:
- 2024 жылдың Q-Symphony технологиясы: сериалдардың, фильмдердің және музыкалық плейлисттердің дыбысын шығарған кезде дыбыстың мінсіз синхронизациясын қамтамасыз ете отырып, теледидарға немесе проекторға бірнеше сымсыз колонканы және саунбарды қосуға мүмкіндік береді.
- Active Voice Amplifier Pro технологиясы: АІ көмегімен диалогтардың дыбысын жақсартудың бұл технологиясы экрандағы дауыстарды күшейту және диалогтарды нақтылауды арттыру үшін терең оқытуды пайдаланады. Ол дауыстарды бірыңғай дыбыс жолынан бөледі және оларды күшейтеді, осының арқасында көрермендер кез келген дыбыс деңгейінде әңгімелесудің барысын оңай қадағалай алады.
2024 жылдың Tizen OS нұсқасы үй теледидарымен әрекет етудің тәжірибесін жетілдіреді
2024 жылдың Tizen операциялық жүйесі контентті алдыңғы жаққа шығарады. Ол ақылды теледидарда пайдаланылатын бейінге байланысты контент пен сервистердің жекеленген таңдамасын ұсынады. Енді Samsung ақылды теледидарын иеленген пайдаланушылар өз бейінін жасап, тұтас алғанда теледидармен өзара әрекеттесудің бірегей тәжірибесін және дербестендірілген ұсынымдарды ала алады.
Samsung экожүйесі арқасында қосылудың кең мүмкіндіктері
Samsung теледидары үйдің орталық элементіне айналады, ол күнделікті өмірде құрылғыларды тігіссіз қосылудың инновациялық мүмкіндіктерін ұсынады. 2024 жылы Samsung компаниясы өзінің Samsung Daily+ хабын едәуір жаңартуды жоспарлап отыр.4 Ол бірыңғай интерфейс арқылы жеке жаттығулардан және телемедицинадан бастап бейнеқоңыраулар мен ЖК алыстан басқаруға дейінгі сервистер мен функциялардың кең спектіріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа функцияларға мыналар кіреді:
- Workout Tracker сервисі: бұл тегін сервис Samsung теледидарларындағы контенттің үстінен нақты уақыт режимінде жаттығуларды орындаудың барысында жиналатын деректерді көрсетеді5. Осылайша үйдегі жаттығулар одан әрі қызықты және ақпаратты болады.
- TechnoGym сервисі: TechnoGym-нан жетекші әлемдік жаттықтырушылардың wellness-техникалары және қосымшалары бар бейнебаяндардың көмегімен үйдегі жаттығулардың тиімділігін арттырады.
- F45 сервисі:енді арнайы бейнебаяндар және челлендждер көмегімен пайдаланушылар өздерінің қонақ үйінде болып, F45 атақты жоғары қарқынды интервалды жаттығуларға қатыса алатын болады.
- FlexIt сервисі: фитнес және салауатты өмір салты саласының кәсіби мамандарымен тікелей эфирдегі жеке сессиялар
- Tail сервисі: үйден шықпай, нақты уақыт режімінде мал дәрігерінің бейнеконсультацияларын қараудың мүмкіндігін ұсынады. Dr.Tail сервисі жануарларға күтім көрсетудің жай кеңестерінен бастап кәсіби кеңестерге дейінгі мәселелердің кең ауқымын нақтылауға көмектеседі. Пайдаланушылар мал дәрігерлерімен кез келген сәтте байланыса алады.
- Multi Control функциясы: бірден барлық экрандарды, соның ішінде Bluetooth-пернетақтасы немесе тышқан көмегімен теледидарлардың, смартфондардың және мониторлардың экрандарын қоса басқарудың мүмкіндігі арқасында үйден одан да тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға бір уақытта әр түрлі құрылғыларда көшіру мен енгізу, құжаттарды оқу және т.б. функциялары арқасында жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін ашуға мүмкіндік беріледі.
2024 жылдың Samsung теледидарларының модельдері сондай-ақ бірыңғай экожүйесінің ішінде әр түрлі құрылғылармен кеңейтілген бірге жұмыс жасау үйлесімділігіне ие болады. Бұл теледидарлардың мен смартфондардың немесе тағылатын құрылғылардың интеграциясы кезінде кастомизацияның, қол жетімділіктің және ыңғайлылықтың одан әрі жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
- Mobile Smart Connect функциясы: SmartThings Mobile плагинінің көмегімен барлық жаңа қосымшаларды және сервистерді жеңіл басқаруға мүмкіндік береді, ол смартфонды экрандарға арналған көп функционалды АБ пультіне айналдырады. Қосымша түсінік қалқымалы интерфейстің және реттелетін пайдаланушылық интерфейстің есебінен ыңғайлылықты және арттырылған қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
- 360 Audio функциясы: бұл – бұрын тек Galaxy құрылғыларында жұмыс жасаған аудиофункция, ол енді Samsung теледидарларында да қол жетімді. Samsung Galaxy Buds-ты фильмдерді және сериалдарды қарау, сондай-ақ ойындарды ойнау кезінде кеңістікті дыбысты құру үшін енді теледидарға қосуға болады, бұл пайдаланушыны визуалды контентке және геймплейге шынайы енгізеді.
- Vibrary визуалды кітапханасы: енді кез келген суретшілердің өнерлерін теледидардың үлкен экранында жоғары сапада тамашалауға болады. Ambient Mode режимінде пайдаланушылар әрбір күнін сүйікті суретшісімен бірге бастай алады. Олар сондай-ақ контенттің тігіссіз тасымалын қамтамасыз ететін Casting функциясының арқасында теледидарда ұялы құрылғыдан музыканы тыңдап, фотосуреттерді көре алады.
Теледидарлардың соңғы модельдерінде сондай-ақ пайдаланушылардың бұрыңғыдан да кең ауқымы үшін Samsung Neo QLED теледидарында сүйікті контентке қол жеткізуге бағытталған кеңейтілген арнайы мүмкіндіктер қол жетімді.
- Audio Subtitle функциясы: мәтінді тану технологиясы және АІ көмегімен нақты уақыт режімінде субтитрлерді дауыстап оқитын теледидарға ендірілген әлемдегі тұңғыш функция.
- Remote for Barrier Free қосымшасы: көру, есту қабілеті нашар және физикалық дамуында бұзылыстары бар жандарға теледидарды смартфонның көмегімен ыңғайлы басқаруға мүмкіндік беру үшін жасалған қосымша. Ол реттеу үшін кең мүмкіндіктерді және пернелердің интуитивті түсінікті орналасуы, бұрыңғыдан да жарқын түстер мен тактильді жауап қайту, сондай-ақ теледидарға смартфоннан жеңілдетілген қол жетімділік үшін дауыстық кеңестер сияқты пайдаланушылық интерфейстің жақсартылған функцияларын ұсынады.
- Relumino Together режімі: Relumino – көзі нашар көретін жандар үшін олардың сүйікті сериалдарын, фильмдерін қосымша құрылғыларды қолданбай көруге, ойындарын ойнауға мүмкіндік беретін режім. Бұл функция жасанды интеллект технологиясының көмегімен адамдар мен нысандарды бұрыңғыдан да нақты көруге мүмкіндік береді, ол нақты уақыт режімінде элементтердің экрандағы пішінін белгілейді, түстерді реттейді. Жаңа режім бір уақытта екі әрекетті орындайды: бірінші экранда бейне стандартты көру режімінде және көзі нашар көретін адамдар теледидарды отбасы мүшелерімен бірге көру үшін екінші экранда бейне Relumino режімінде көрсетеді.
MICRO LED: дисплей технологияларының шекараларын кеңейтеді
Samsung компаниясы CES® 2024 көрмесінде MICRO LED мөлдір дисплейін ұсынып, бүкіл әлемге экрандардың мүмкіндіктері шын жүзінде шексіз екендігін көрсетті. Мөлдір әйнекке ұқсайтын фрагмент жоғары технологиялық үрдісті қолданумен өндірілген және микроскопты MICRO LED жарық диодтарымен жасақталған, бұл тігістерді алып тастауға және жарықты бұруға мүмкіндік берді. Осының арқасында MICRO LED мөлдір дисплейі әйнектей таза, айқын кескінді береді және оны үйде де, коммерциялық кеңістіктерде де қолдануға болады.
MICRO LED – бұл шын мәнінде инновациялық дисплей технологиясы, ол кез келген кеңістікте бейімделетін, экрандардың пішінін, өлшемін және жақтарының қатынастарын реттеуге мүмкіндік беретін модульдік құрылымға ие. Samsung компаниясының жартылай өткізгіштерді зерттеу мен әзірлеуге жұмсаған жылдары таңқаларлықтай тиімді өндірістік үрдістің құрылуына алып келді. Ол MICRO LED жарық диодтарын тікелей әйнекке орналастыруға мүмкіндік берді, бұл пайдаланушылар дәстүрлі экрандарда кездестіретін жарықтың жоғалуынан қорғайды.
OLED-теледидарларының кеңейтілген желісі қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыруға мүмкіндік береді
2024 жылдың Samsung OLED-теледидарларының модельдері өткен жылдың желісін толықтырады. S95D сериясы 77 дюймді ең үлкен экранды иеленеді, ол алдыңғы жылдың желісіне қарағанда 20%-ға жарық келеді. Осыдан басқа, қара түстің реңктері одан да терең және қанық болады, ал АІ көмегімен күшейтілген түстерді берудің дәлдігі Validated от Pantone™ сертификатымен расталған. Сонымен қатар, Samsung компаниясы S90D және S85D модельдерін 42 бастап 83 дюймге дейінгі мөлшерде ұсынды.6
2024 жылдың S95D сериясындағы OLED-экрандар үшін арнайы жасалған OLED Glare Free7 жаңа шағылысқа қарсы технологиясы түстерді берудің дәлдігін сақтайды және шағылыстардың санын төмендетеді. OLED-теледидарларының жаңа сериясында кескін тіпті күн сәулесі кезінде де нақты болып қалады. Шағылысты бойына сіңіретін жабын арнайы OLED-экрандар үшін бейімделген, осының арқасында дисплейдің жарқындығы мен оның шағылысатын қабілеті арасында теңгерілім қамтамасыз етіледі.
S95D моделі көрермендерді ақ түстің мінсіз реңктерімен, қара түстің терең реңктерімен және нақты түс берудің қабілетімен тартады, олар бейненің сапасын арттырудың алдыңғы қатарлы патенттелген технологияларымен қамтамасыз етеді. Спорт фанаттары мен геймерлер кадрлардың бірқалыпты ауысуын және әйнектей таза кескінін жоғары бағалайды, себебі қазіргі сәтте бұл – Samsung компаниясы өндіріп шыққан ең жарқын, сондай-ақ 144 Гц-ке дейінгі кадрларды жаңартудың ең жоғарғы жиелігін иемденген OLED-экран.
Жаңа интерьерлік шешімдер өміріңізді жарқын етеді
Samsung интерьерлік құрылғылардың желісін кеңейтеді, сөйтіп өзінің «Экрандар әр жерде, экрандар баршаға» концепциясына бұлжымас сенімділігін растайды. Жаңа өнімдер кастомизацияның және дербестенудің келесі кеңейтілген мүмкіндіктерін иеленеді:
- The Frame: қазіргі уақытта ең жақсы сатылатын интерьерлік теледидар болып табылады және биыл өнермен өзара әрекеттесудің тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа шешімдерді ұсынады. «Өнер туындысы дүкені» дүние жүзіне танымал мұражайлардан және галериялардан алынған 2500 өнер туындысына дейін кеңейтілді, ал өнер туындыларын трансляциялаудың жаңа функциясы барлық пайдаланушыларға жаңа таңдаулы өнер туындыларына ай сайын тегін қаруға, осылайша осы бай коллекциямен танысуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2024 жылдың The Frame моделі «Сурет» режімінде кадрлардың жаңартылу жиілігін реттеу мүмкіндігі8 арқасында электр қуатының шығысын 10% төмендетуге көмектеседі.
- The Premiere 8K проекторы: бұл – кеңістікті кабельдермен ауырлатпай, оны интерьерге жеңіл енгізуге мүмкіндік беретін сымсыз қосылуы бар әлемдегі тұңғыш проектор. Бұл инновациялық проекторды смарт-функциялар, дыбыстың жоғары сапада шығуы және бір экранның бетінде бір уақытта әр түрлі контентпен төрт терезеге дейін ашу мүмкіндігі толықтырады. Бұдан басқа, ол патенттелген Samsung Sound-on-Screen технологиясымен жасақталған, ол кескіннің өзінен шығатын дыбыстың әсерін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық алгоритмдерді және жоғарғы динамикті пайдаланады.
- Екінші ұрпақ The Freestyle проекторы: бұл – Smart Edge Blending технологиясын пайдаланатын портативті проектордың жаңартылған нұсқасы, ол кескін мен бейнені бір үлкен экранда ойнату үшін The Freestyle екі проекторынан алынған бейнені біртекті біріктіруге мүмкіндік береді. Осының арқасында екі құрылғы қандай да бір сырттан қолмен араласусыз жақтарының 21:9 қатынасымен өлшемі 160 дюймді кескінді көрсете алады.
Жаңартылған саунбарларда жан еліктірерлік дыбыс
Үйде ойын-сауық көңіл көтеруге арналған шешімдердің сұрыпталымы 2024 жылы саунбарлардың желісімен толықты: жаңартылған модельдер алдыңғы қатарлы AI алгоритмдерінің арқасында бұрыңғыдан да жан еліктірерлік дыбыс шығарады.
- Music Frame интерьерлік аудиожүйесі: бұл 2024 жылдың аудиодағы инновациясы. Music Frame бөлек сымсыз колонка ретінде де, одан әрі көлемді дыбыс шығаруды және бастарды күшейту үшін Q-Symphony технологиясы арқылы Samsung теледидарымен және саунбарымен бірлестікте жұмыс жасай алады. Оның дизайны фотосуреттерге арналған заманауи жиектемеге ұқсайды, осының арқасында ол көзге қатты көрінбей, кез келген кеңістікті үйлесімді толықтырады. Music Frame аудиожүйесі SmartThings сервисімен үйлесе алады және Samsung теледидарларына және саунбарларына қосылған кезде көлемді дыбыс жүйесінің элементіне айналады.
- HW-Q990D саунбары: флагмандық саунбар озық 11.1.4-арналы дыбысты иеленеді, Dolby Atmos форматын және жаңартылу жиілігі 120 Гц болатын және 4К шешімі бар бейнесигналдарды табыстау қолдайды. Әр түрлі контенттің мінсіз дыбысталуы AI қолданумен дыбысты оңтайландыру және талдау технологияларының көмегімен қол жеткізіледі.
- HW-S800D саунбары: бұл кез келген кеңістікті ұқыпты толықтыратын қалыңдығы 39 мм болатын ультра жұқа саунбар, ол осы ретте қанық және жан еліктірерлік дыбысталуды сақтайды. S800D моделі классикалық саунбарлардан үш есе кіші болатын жұқа өлшеміне қарамастан, 10 динамикке ие, соның ішінде жоғары бағытталған арнайы динамиктермен және дауысты шыныдай таза шығару үшін орталық арнамен жасақталған. Пассивті сәулеленуі бар кішігірім сабвуфер саундбардың дыбысын бұрмаламай терең бастармен толықтырады.
2024 жылдың Samsung теледидарларының және құрылғыларының желісі өз бойында алдыңғы қатарлы технологияларды және бірегей дизайнды үйлестіреді, осылайша құрылғылармен өзара әрекеттесу туралы дәстүрлі түсінікті өзгертетін жан еліктірерлік пайдаланушылық тәжірибені алу үшін барлық жағдайларды жасайды.
1 Тек QN900D моделінде қол жетімді. Басқа модельдерде 8K AI Upscaling функциясы қол жетімді.
2 Кескіннің детализациясы контенттің типіне және форматына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. ЖК-ға қосылғанда және ойын режімінде масштабты үлкейту қолданылмауы мүмкін.
3 12,9 мм тереңдігі тек 65” QN900D қатысты.
4 Samsung Daily+ DU7000↑ қол жетімді болады және бүкіл әлем бойынша таратылады.
5 Workout Tracker Galaxy Watch 4 және одан кейінгі смарт-сағаттармен, YouTube контентімен және телебағдарламалармен бірлесе алады. Бөгде өндірушілердің әр түрлі құрылғыларымен бірлесуі кейін 2024 жылы пайда болады.
6 OLED модельдерінің мөлшерлері мен қол жетімділігі елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
7 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халықаралық ұйым белгілеген Unified Glare Rating (UGR) тестілеу стандартына сәйкес өнімдерді бағалай отырып, UL тексеру “шағылыссыз OLED” бекітілген жазбасын растайды.
8 Бұл функция 55” және одан жоғары дисплейлерге қатысты.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.