Samsung Electronics компаниясы серіктестеріне алдыңғы қатарлы бизнес-шешімдерді ұсынды

16.10.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы өз серіктестері үшін инновациялық B2B-семинарын өткізді, онда алдыңғы қатарлы бизнес-шешімдер көпшіліктің назарына ұсынылды. Іс-шара 11 қазанда Алматыдағы Rixos қонақүйінде өтті.

 

Қазақстандық компаниялар арасында бизнес-міндеттерді тиімді шешуге арналған арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар сыртқы әсерлерден қорғалған Samsung компаниясының салалық ұялы құрылғылары үлкен қызығушылыққа ие болды.

 

 

Компания осы сегментте Galaxy XCover 5, XCover 6 Pro смартфондары және Galaxy Tab Active 4 Pro планшеті сияқты өнімдерді ұсынды. Олар ең заманауи IP68 және MIL-810H стандарттарына сәйкес қорғалған, бұл осы құрылғыларға шаң да, су да, кір де қорқынышты емес дегенді білдіреді. Смартфондар судың астында ұзақ болуға, 1,5 метрге дейінгі биіктіктен құлауға төзімді. Портативті және ықшам ұялы шешімдер алаң жағдайларында қарқынды пайдалануға арналған. Ал құрылғылардың корпоративті топтамасын тиімді бақылау және басқару үшін смартфондарға MDM-шешімі бар KNOX manage қоса беріледі.

 

Samsung компаниясы сондай-ақ серіктестеріне білім беру саласына арналған инновациялық шешімді – жаңа буынның Samsung Flip Pro интерактивті тақтасын көрсетті. Жаңа модель алдыңғысына қарағанда бірқатар жетілдірулерді, соның ішінде білім беру үрдісін жеңілдететін жаңа құралдар мен функцияларды, сондай-ақ қазақ тілін қолдау мүмкіндіктерін иеленді. Flip Pro тақтасы кеңседе де, мектептегі және университеттегі дәрістерде де одан да пайдалы аспапқа айналады.

 

 

Сонымен қатар, компанияның серіктестері В2В-өнімдерінің басқа да алдыңғы қатарлы желілерімен, ақпараттық дисплейлерімен және ойынға арналған модельдерден бастап бизнеске арналған модельдеріне дейінгі мықты сипаттамалары бар мониторларымен танысты.

 

Samsung компаниясы бүкіл әлем бойынша өзінің серіктестеріне арналған өзекті бизнес-шешімдерді құруға және дамытуға тұрақты түрде күш салады. Компания жыл сайын Қазақстанда бизнеске арналған іс-шараларды өткізеді, осында компаниялар В2В сегментіндегі ең жаңа әзірлемелермен танысады, бұл өз кезегінде, оларға өздерінің бизнес үрдістерін оңтайландыруға және өз қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Бизнеске арналған шешімдер

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары