Samsung Electronics компаниясы төртінші жыл қатарынан ең үздік брендтердің бестігінде

22.11.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung брендінің құны 91,4 млрд долларға жетті, компания өзінің клиенттерімен жұмыс жасаудың кезең-кезеңді ілеспелі стратегиясы және 6G мен жасанды интеллект сияқты болашақ технологияларды әзірлеудегі көшбасшылығы үшін жоғары бағаға ие болды.

Samsung Electronics компаниясы Interbrand халықаралық консалтинг компаниясының пікірі бойынша, Best Global Brands 2023 рейтингісінің төртінші жыл қатарынан әлемнің ең үздік брендтерінің бестігіне кірді. Samsung компаниясының капитализациясы 91,4 млрд. долларға бағаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% жоғары.

 

2023 жылы әлемдік IT саласындағы баяу сұранысқа қарамастан, Samsung брендінің позициялары барлық бағыттар бойынша өсті. Interbrand компаниясының деректеріне сәйкес Samsung Electronics компаниясын бағалауда келесі факторлар жағымды әсер етті:

 

  • One Samsung стратегиясына сәйкес тұтас компанияның ауқымында клиенттік тәжірибенің жүйелі түрде жақсаруы.
  • SmartThings қосымшасының және кеңейтілген өнімдік сұрыпталымның арқасында ойын үрдісіне қосылу және оны жақсартуға бағытталған мүмкіндіктердің кеңеюі.
  • 6G, жасанды интеллект (ЖИ), толықтырылған шынайылық (AR) және виртуалды шынайылық (VR), сондай-ақ көлік жасауға арналған шешімдер сияқты болашақтың инновациялық технологияларын әзірлеудегі компанияның жетекші рөлі.
  • Барлық өнім желілерінде экологиялық бағыттылығы есебінен ESG облысында көшбасшылықты күшейтуге бағытталған кезең-кезеңді ілеспелі іс-әрекеттері.

 

«Бүкіл әлем бойынша біздің клиенттеріміздің қолдауы арқасында Samsung Electronics брендінің құны күрделі бизнес-ортаға қарамастан тұрақты өсуін жалғастыруда» – дейді Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті және маркетинг бойынша директоры Янгхи Ли (YH Lee). Ол сондай-ақ: «Біз технологиялық инновацияларды әзірлеудегі көшбасшылығы, өнімдермен өзара әрекеттесудің мәнді тәжірибесін құрудағы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі жүйелі талпыныстары үшін барша адам жақсы көретін бренд болуға әрқашан ұмтыламыз» – деді.

 

Брендтің құнына әсер еткен факторлар: SmartThings, сондай-ақ жетілдірілген ойын үрдісі мен ESG облысындағы көшбасшылықты қосқанда саладағы жетекші инновациялар

Өткен жылдың соңында Samsung Electronics компаниясы клиенттер үшін интеграцияланған онлайн және офлайн тәжірибені қамтамасыз етуге арналған Жаһандық маркетинг басқармасының ішінде Direct-to-Consumer (D2C) орталығын құрды. Одан басқа, компанияда бірнеше құрылғы арасындағы өзара әрекеттесуге жауапты CX-MDE орталығы жұмыс жасайды, бұл өнімдердің арасында синергияны арттыруға және пайдаланушының ортақ тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, өткен жылы Samsung бренді құнының өсуіне септігін тигізген негізгі факторларының бірі серіктестіктер болды. Жалпыға бірдей құрылғыларға қосылуға мүмкіндік беретін SmartThings қосымшасының арқасында Samsung компаниясы тек өзінің құрылғыларын ғана емес, сондай-ақ бөгде өндірушілердің әр түрлі құрылғыларын да қосу үшін ашық серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуды жалғастырып жатыр. Содан басқа, оның ұялы құрылғылар, планшеттер, теледидарлар, ЖК және мониторлар саласындағы әр түрлі компаниялармен серіктестігі пайдаланушылар үшін ойын үрдісін оңтайландыруға көмектеседі.

 

Samsung компаниясы болашақта пайдаланушылардың мүмкіндіктерін құруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін 5G/6G, жасанды интеллект және көлік жасау өнеркәсібіне арналған шешімдер сияқты алдыңғы қатарлы технологияларға қаражат салуды жалғастырып жатыр. Жартылай өткізгіштер секторында компания DDR5 DRAM классты 12 нм жадын әзірлегені үшін, бұл – саладағы тұңғыш осындай шешім, сондай-ақ ЖИ-ден бастап көлік жасау өнеркәсібі мен алдыңғы қатарлы ұялы құрылғыларға дейінгі болашағы зор салаларға салған еңбегі үшін танылды.

 

ESG облысы компанияның стратегиясында маңызды орын алады, оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі өзінің жемістерін беруде. Samsung компаниясының жетістіктерінің арасында – Galaxy S23, Galaxy Z Flip5 және Fold5 серияларында шыны, алюминий, лақтырылған балық аулау ауларынан алынған пластик сияқты қайта өңделген материалдарды пайдалану мөлшерінің артуын, теледидарларға арналған алыстан басқару пульттерінде күн батареяларын пайдалануға ашық лицензиясын, Patagonia компаниясымен бірге кір жуғыш машиналарға арналған Less Microfiber™ фильтрін жасаудағы жұмысын және SmartThings Energy-ге ЖИ көмегімен электр қуатын басқару режімін атап өтуге болады.

 

Әрбір бизнес-бөлімшеде Interbrand атап өткен Samsung компаниясының талпыныстары

Ұялы құрылғылар

 

  • Пайдаланушылардың пікірлері негізінде жасалған Galaxy S23 сериясының камераларына арналған инновациялық шешімдер
  • Join the Flip Side кампаниясының іске қосылуы және бүктемелі телефондар санатында көшбасшылықты сақтау
  • Ойын индустриясында позицияларын нығайту және саладағы жетекші серіктесіктерімен жасаған ынтымақтастығы арқасында Galaxy құрылғыларының өнімділігін ойындар үшін оңтайландыру
  • Өзінің өнімдері мен қызметтерінің арнайы мүмкіндіктерін кезең-кезеңмен кеңейту, соның ішінде Galaxy Buds құлаққаптарында Ambient Sound дыбыстық фоны функциясын жетілдіру
  • Galaxy пайдаланушыларын біріктіретін және БҰҰ-ның тұрақты дамуының мақсаттарына жетуге көмектесетін тәсілдер туралы баяндайтын Ambient Sound қосымшасы

 

Желілік құрылғылар

 

  • Ашық RAN және 5G (vRAN) виртуалды радиожетімділік желісіне арналған шешімдерді әзірлеудегі техникалық көшбасшылығы арқасында бірінші болып 5G-инновацияларға қол жеткізу
  • Жетекші жаһандық телекоммуникациялық операторлармен тығыз серіктестік қарым-қатынастары арқасында 5G саласындағы позицияларын нығайту
  • Тұрақты дамуға байланысты Samsung компаниясының 5G-технологияларының сипаттамалары мен мүмкіндіктері туралы хабардар ету

 

Виртуалды дисплейлер

 

  • Neo QLED 8K теледидарын және жарық диодты Micro LED экранын қосқанда инновациялық өнімдерді үздіксіз енгізудің арқасында әлемдік нарықтағы көшбасшылығын нығайту
  • Odyssey Ark мониторы, Samsung Gaming Hub платформасы сияқты инновациялық өнімдері және ойын стримингінің жетекші әлемдік сервистерімен серіктестігінің есебінен ойын индустриясында позицияларын нығайту
  • Relumino Mode1 режімінің және RNIB-мен (Соқырларға арналған Патшалық ұлттық институты) серіктестігінің арқасында арнайы мүмкіндіктерді кеңейту

 

Тұрмыстық техника

 

  • Тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар сияқты тұрмыстық техниканың негізгі санаттарында жаһандық көшбасшылықты сақтау
  • Клиенттердің қажеттіліктерін зерттеу негізінде өнімнің толық өмір сүру циклінде пайдаланушылық тәжірибені жақсарту
  • Bespoke сериясының өнімдері арқылы тұрмыстық техниканың рөліне жаңа көзқараспен қарау, CES Innovation Award, iF Design Award және т.б. марапаттарын жеңіп алу

 

Жартылай өткізгіштер

 

  • DDR5 DRAM классты 12 нм жады сияқты саладағы инновацияларды тұңғыш болып жасау және нарықта көшбасшылықты нығайту
  • Жасанды интеллект (ЖИ) және көлік жасау өнеркәсібі сияқты жылдам өсіп бара жатқан салаларда серіктестік қарым-қатынастарды нығайту
  • Киілетін құрылғылар және 5G саласында Exynos пайдалану саласын кеңейту
  • Ірі өндірушілердің флагмандық смартфондарында ISOCELL сезгектерін пайдаланудың арқасында сенімді арттыру
  • ESG-коммуникацияларын кезең-кезеңмен нығайту

 

Interbrand компаниясы брендтің құнын бағалау негізінде Best Global Brands рейтингін құрады, ол компанияның қаржылық көрсеткіштерін, пайдаланушының өнімді сатып алу туралы шешімді қабылдаудағы брендтің рөлін, сондай-ақ брендтің бәсекелестігін жан-жақты талдаудың нәтижесі болып табылады. Брендтің құнын бағалаудың бұл әдістемесі әлемдегі ең көнелердің бірі болып табылады, ол өзінің сенімділігінің арқасында кең танылған.

 

1 Relumino: кескін режімі, ол көзі нашар көретін адамдар үшін кескінді тамашалауды реттейді және көру сапасын жақсартады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Марапаттар

Жүктеу

  • Samsung_Interbrand-2023_PR_dl3.jpg

  • Samsung_Interbrand-2023_PR_dl2.jpg

  • Samsung_Interbrand-2023_PR_dl1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары