Samsung Electronics Samsung AI Forum 2025 ашты

15.09.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жасанды интеллект саласындағы жетекші әлемдік мамандардың баяндамалары және Samsung компаниясының соңғы зерттеулерінің тұсаукесері

Samsung Electronics 15-16 қыркүйек аралығында өтетін Samsung AI Forum 2025 іс-шарасының ашылғанын жариялады. Тоғызыншы жыл өткізіліп отырған форум жетекші ғалымдар мен сала мамандарының басын қосатын, жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер мен болашақ зерттеу бағыттарын талқылайтын жаһандық алаңға айналды.

 

«Samsung жасанды интеллектті өз қызметінің барлық салаларында қолданады, жасанды интеллектті қолдану интуитивті және табиғи болатын негізгі технологияларды дамытады», – деп атап өтті Samsung Electronics вице-төрағасы және CEO Ён Хён Джун (Young Hyun Jun) кіріспе сөзінде. «Биыл форум жасанды интеллект қоғам мен бизнесті қалай өзгертетінін талқылау және мағыналы идеялармен алмасу форматында пікір алмасу үшін академиялық орта мен индустрияның жетекші мамандарын жинады».

 

Форум бағдарламасына, Монреаль университетінің профессоры және терең оқытудың негізін қалаушылардың бірі Йошуа Бенджио (Yoshua Bengio), сонымен қатар Стэнфорд университетінің профессоры және диффузиялық тіл моделін (diffusion-based language model, DLM) жасауда шешуші рөл атқарған Inception стартапының негізін қалаушы Стефано Эрмон (Stefano Ermon) секілді AI саласындағы әлемдік ғалымдардың дәрістері кіреді.

 

Бірінші күн: жартылай өткізгіш индустриясындағы AI болашағы туралы ғалымдар

Форумның бірінші күні Йонъиндегі (Оңтүстік Корея) жартылай өткізгіш кампусының жанындағы Samsung компаниясының Device Solutions (DS) бөлімшесінің қолдауымен өтті. Күннің тақырыбы – «Тік AI стратегиялары және жартылай өткізгіш индустрияға деген көзқарас».

 

Профессор Бенджио заманауи AI-модельдерінің ауқымды тәуекелдері, соның ішінде адамның бақылауынан шығу мүмкіндігі және оларды теріс пайдалану ықтималдығы туралы негізгі дәріс оқыды. Шешім ретінде ол Scientist AI – осы тәуекелдерді азайту үшін жасалған жаңа модельді ұсынды.

 

«Адамға еліктеуге немесе ұнауға тырысатын модельдерден айырмашылығы, Scientist AI дәлелденген фактілер мен деректерге негізделген шынайы жауаптар беруге бағытталған», – деп профессор Бенджио модельдің AI қауіпсіздігін жақсарту және ғылыми жаңалықтарды жеделдету әлеуетін атап өтті.

 

Ол сонымен қатар жаңа материалдарды әзірлеу үшін AI қолдану бойынша зерттеулердің соңғы нәтижелерімен бөлісті.

 

Siemens EDA аға вице-президенті Амит Гупта (Amit Gupta), «AI қолдауымен электронды жобалаудың болашағы» сессиясын өткізді. Ол жасанды интеллекттің толық әлеуетін ашудың негізгі факторы технологияларды жұмыс процесінің барлық кезеңдерінде электрониканы жобалауды автоматтандыру жүйелеріне (EDA) біріктіру болатынын атап өтті.

 

Содан кейін DS бөлімшесінің атқарушы вице-президенті және AI-орталығының басшысы, профессор Сохьен Кан (Seokhyung Kang) (POSTECH) және профессор Иль-Чул Мунның (Il-Chul Moon) (KAIST) қатысуымен техникалық сессиялар өтті. Олардың барлығы микросызбаларды жобалау мен өндіруде жасанды интеллектті қолдану бойынша жаңа зерттеулерді ұсынды және индустрияның болашағы туралы көзқарастарымен бөлісті.

 

«Жасанды интеллект чиптерді жобалау және БЖ әзірлеу кезінде таптырмас құралға айналды, – деп атап өтті атқарушы вице-президент Сон. – Жартылай өткізгіштер өндірісінің күрделілігінің артуымен біз AI туындаған техникалық қиындықтарды жеңуге көмектеседі деп күтудеміз».

 

Форум сонымен қатар Samsung AI Researcher of the Year сыйлығының үш лауреатын, соның ішінде Торонто университетінің профессоры Николас Паперноны (Nicolas Papernot) атап өтті. Барлық жеңімпаздар өз жұмыстарын ұсынды және зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

 

Екінші күн: агенттік AI дәуіріне көшу және өнімділіктің өсуі

Форумның екінші күнін Device eXperience (DX) Samsung (DX) бөлімшесі онлайн режимінде өткізеді және Samsung Developer’s YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Негізгі тақырып – «Генеративті AI-дан агент AI-ға дейін».

 

«Генеративті AI қазірдің өзінде күнделікті өмір мен бизнестегі ең маңызды құралға айналды, деп атап өтті DX бөлімшесінің техникалық директоры және Samsung Research басшысы Пол (Кёнгхун) Чон (Paul (Kyungwhoon) Cheun). – агенттік AI дәуіріне енуімен Samsung тұтынушыларға нақты пайда әкелетін технологияларды дамытуды жалғастырады».

 

Екінші күннің бағдарламасында төмендегі жандар сөз сөйлейді:

 

  • Джозефа Гонсалеса (Joseph E. Gonzalez), UC Berkeley профессоры және тілдік модельдер мен AI-агенттері саласындағы жетекші зерттеуші;
  • Суббарао Камбхампатти (Subbarao Kambhampati), Аризона мемлекеттік университетінің профессоры және AI жоспарлау және шешім қабылдау саласындағы әлемдік беделді тұлға;
  • Стефано Эрмона (Stefano Ermon), Стэнфорд университетінің профессоры және Inception негізін қалаушы.

 

Профессор Гонсалес LLM негізіндегі агенттік ықтимал жүйелерді кеңейту бойынша өзінің зертелімін ұсынады. Сонымен қатар, ол агенттерге тұрып қалған кезеңдерді саралау, оқыту және жоспарлау үшін қолдануға мүмкіндік беретін sleep-time compute парадигмасы туралы айтып береді.

 

Профессор Камбхампатти LLM шектеулерін еңсеруге бағытталған пайымдау үлгілерін (LRM) әзірлеу бойынша зерттеулерді ұсынады. Ол заманауи модельдер мәтінді құруда жақсы жұмыс істейтінін, бірақ нақты дәлдікке, жоспарлауға және күрделі пайымдауға келгшенде қиындықтарға тап болатынын атап көрсетеді. Негізгі қиындықтардың ішінде ол кепілдендірілген жауап беру қажеттілігін, контекстке және аралық ойлау қадамдарының ашықтығына байланысты адаптивті есептеулерді атап өтті.

 

Профессор Эрмон суреттерді, бейнелерді және аудионы жасау үшін қазірдің өзінде кеңінен қолданылатын диффузиялық модельдердің тәсілдерін мәтін өрісіне кеңейтетін диффузиялық тіл үлгісін ұсынады. Бұл парадигма дәстүрлі дәйекті мәтін генерациясының шектеулерін еңсеруге және тілдік үлгілерге тиімдірек көзқарас ұсынуға бағытталған.

 

Техникалық сессияларда Samsung Research мамандары соңғы әзірлемелерді, соның ішінде:

 

  • Камера түсінің температурасын автоматты түрде реттеуге арналған AI- технология
  • Тиімділікті арттыру үшін knowledge distillation негізделген LLM оқыту әдістері
  • Құрылғыда тікелей LLM жұмысын қамтамасыз ететін смартфондар және ТД-ға арналған On-device AI
  • Нағыз спикер дауысымен дыбыстауды жасайтын автоматты дубляж
  • Мультиагентті жүйелер көмегімен есепьерді сараптау және өңдеуге арналған deep dive технологиясы
  • Document AI түрлі форматтағы құжаттарды LLM және агент жүйелері үшін құрылымдық деректерге автоматты түрлендіру
  • On-device AI Studio генеративті AI үлгілерінің даму циклін қысқартатын әзірлеушілерге арналған

 

AI Forum 2025 Opening

 

AI Forum 2025 Opening

 

1 Агенттік AI – адамның араласуынсыз өз бетінше шешім қабылдауға және тапсырмаларды орындауға қабілетті зерделі жүйелер.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Жүктеу

  • Samsung-Corporate-Technology-Samsung-AI-Forum-2025-Semiconductors-Agentic-AI-Generative-AI_dl1-F.jpg

  • Samsung-Corporate-Technology-Samsung-AI-Forum-2025-Semiconductors-Agentic-AI-Generative-AI_dl2-F.jpeg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары