Samsung Electronics компаниясы CES 2024 көрмесінде үй ішін тазалау ұғымын барынша өзгертетін жетілдірілген ЖИ-мен жасақталған шаңсорғыштардың жаңа желісін ұсынады

01.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung компаниясы ылғалды тазалау мен бумен тазартудың функциясы бар робот-шаңсорғышты жасау үшін жасанды интеллекттің ең жаңа технологиясын қолданды

Samsung Electronics компаниясы CES® 2024 көрмесінде жасанды интеллекттің (ЖИ) ең алдыңғы қатарлы технологияларымен жасақталған шаңсорғыштың жаңа моделін ұсынатындығын жариялады. Bespoke Jet Bot Combo™ робот-шаңсорғышы өзінде тазалау үрдісін жеңілдететін ЖИ-дің кең мүмкіндіктерін және бумен тазалаудың функциясын үйлестіреді.

 

«Мен сіздің құрметіңізге Samsung жасанды интеллектінің ең жаңа технологиясы қолданылған 2024 жылдың ең жаңа инновациялық моделі Bespoke Jet Bot Combo™ шаңсорғышын ұсынуға қуаныштымын» – дейді Samsung Electronics компаниясының тұрмыстық техника (Digital Appliances Business) бөлімшесінің клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі және атқарушы вице-президенті. Ол сондай-ақ: «Инновациялық функциялардың және мықты тазалаудың арқасында робот-шаңсорғыш тазалаудың ең жетік тәжірибесін ұсынады. Біз оның тазартуды ыңғайлы ететіндігіне сенеміз» – деді.

 

Bespoke Jet Bot Combo™1 шаңсорғышы үйде тазалықты сақтау үшін ЖИ2 негізінде көптеген алдыңғы қатарлы функцияларды ұсынады.

Кеңейтілген жасанды интеллекттің функциялары бар Bespoke Jet Bot Combo™

 

Bespoke Jet Boat Combo™ – бұл жасанды интеллектпен жасақталған ылғалды тазалау функциясы бар робот-шаңсорғыш.

 

Bespoke Jet Bot Combo™ шаңсорғышында пайдаланылатын ЖИ көмегімен нысандарды танудың жетілдірілген функциясы бұрын таныстырылған Bespoke Jet Bot™ AI+ шаңсорғышында қолданылған технологияларды дамытудың жаңа қадамы болып табылады. Енгізілген 3D-сезгегінің көмегімен ол одан да көп нысандарды тани алады, бұл өз кезегінде құрылғыға бөлме ішінде үлкен дәлдікпен қозғалуға мүмкіндік береді.

 

Ең қатты көзге түсетін жақсарту – бұл жасанды интеллекттің енді тек нысандарды ғана емес, сондай-ақ тазалауды одан да тиімді ету үшін кеңістікті және дақтарды тани алу қызметі болып табылады.

 

ЖИ виртуалды картадағы облыстарды, мысалы: қонақбөлменің және ас үйдің облыстарын сәйкестендіреді және топтастырады. Ол автоматты түрде ванналық бөлме, веранда немесе кіреберіс сияқты «тыйым салынған аймақтарды» белгілеуді ұсынады, робот-шаңсорғыш оларды тазалау кезінде айланып өтеді.

 

Bespoke Jet Bot Combo™ шаңсорғышы дақты анықтаған кезде өзін-өзі тазалау станциясына барады, онда ол кір жуғыш салмасын ыстық бумен және сумен ысытады және дақты тазалау үшін қайтып келеді. Жылдамдығы 170 айналым/минутына болатын мықты кір жуғыш щеткалары арқасында ол тіпті қатып қалған дақтарды тазарта алады. Бұл пайдаланушыны көптеген үрдістерге қатысу қажеттілігінен біршама босататын жоғары тиімді автономды тазалауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, модель одан да тиімді тазалау үшін ЖИ (AI Floor Detect) көмегімен жазықтық бетін тану функциясын пайдаланылану арқылы тіпті жазықтық бетін жабатын жабынның типін анықтай алады.

 

Ол қатты жазықтықты кілемнен айыра алады, ал содан кейін автоматты түрде сору қуатын арттырып, тіпті кілемдерге терең сіңіп кеткен шаңды тазалауға көмектеседі. Осымен қатар, бұл функция кілемдерді су өтуден және кір жуғыш салмалардың ластануынан сақтайды. Bespoke Jet Bot Combo™ шаңсорғышы кілем жабынын анықтаған кезде тазалау сапасын арттыру үшін кір жуғыш салмаларды көтеру керектігін немесе тазалау станциясында оларды ажырату қажеттілігін шешеді.

 

Bespoke Jet Bot Combo™ тазалаудың соңғы минутына дейін оның тиімділігі туралы ойлайды. Өзін-өзі тазалау станциясы кір жуғыш салмаларды толық тазартудың үш сатылы жүйесін қамтамасыз етеді, оның ішіне автоматты жуу, бумен тазарту және ыстық ауамен автоматты кептіру кіреді. Салмалар ыстық сумен жуылған соң, олар жаман иістерді болдырмас үшін ыстық бумен тазартудан өтеді, бұл шаңсорғыш күтімін гигиеналық жағынан одан да тиімді етеді.

 

Өнім қазіргі уақытта әзірлеу сатысында және өзгертілуі мүмкін.

ЖИ біздің терең оқыту моделіміз негізінде жұмыс жасайды, ол алдын ала анықталған деректердің жиынтығын пайдаланады, сондай-ақ толық емес және қате ақпаратты беруі мүмкін. Мерзімді түрде біздің оқыту моделімізге деректердің жаңа жиынтықтары енгізілуі мүмкін, бұл құрылғының қызмет ету дәлдігін арттыру үшін жасалады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары