Samsung Electronics Welcome to Bespoke AI шарасында AI Home концепциясын ұсынады
Жетілдірілген ЖИ және жаңа өнім санаттарындағы экрандары бар Bespoke AI тұрмыстық техникасы тұтынушылардың күрделі тұрмыстық тапсырмаларын шешеді.
Samsung Electronics компаниясы Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен Welcome to Bespoke AI жаһандық іс-шарасында өзінің жаңартылған AI Home концепциясы мен тұрмыстық техниканың инновациялық желісін таныстырды. Жаңа өнімдерді әзірлеу кезінде басты назар қауіпсіз және интуитивті пайдаланушы тәжірибесін құру болды. Компания экрандық интерфейстері бар құрылғылардың ауқымын кеңейту арқылы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетті.
Samsung Electronics компаниясының сандық құрылғылар бизнесі бойынша атқарушы вице-президенті және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық даму бөлімінің басшысы Чон Сын Мун (Jeong Seung Moon) үйдің әр бұрышында пайдаланушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі құр ылғыларды үздіксіз байланыстыратын экожүйесі – AI Home ұсына отырып, пресс-конференцияны ашты.
«Bespoke AI тұрмыстық техникасының көмегімен біз AI Home концепциясын жүзеге асырдық, ол күнделікті өмірде ыңғайлылықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар энергияны үнемдеуге және пайдаланушыларға қамқорлық жасауға ықпал етеді», – деді Чон Сын Мун. «Біз AI Home экожүйесін смарт дисплейлермен, Bixby және Knox қауіпсіздік жүйесімен кеңейтуді жалғастырамыз».
Bespoke AI 2025 жылғы тұрмыстық техникасының топтамасы

▲ Samsung 2025 жылы bespoke AI жасанды интеллектімен жаңа техниканы ұсынды.
Іс-шарада Samsung пайдаланушының күрделі мәселелерін шешуге арналған озық технологиялармен жабдықталған 2025 Bespoke AI тұрмыстық техникасының топтамасын таныстырды.
AI Home1 дисплейі басты назарда болады. Өткен жылы ұсынылған инновацияларды дамыта отыра, Samsung экрандардың әртүрлі көлемдерімен құрылғылардың сұрыпталымын кеңейтті. Енді AI Home Bespoke AI тоңазытқыштарында, Bespoke AI Laundry Vented Combo кептіру-жуу жүйелерінде, сондай-ақ кір жуу және кептіру машиналарында2 қолжетімді.
Bespoke AI тоңазытқыштарындағы 9 дюймдік AI Home экраны пайдаланушыларға үлкенірек AI Family Hub™ экранында көрсетілген ұқсас мүмкіндіктерді ұсынады. Жақсартылған AI Vision Inside3 жүйесі өңделген азық-түлікті4 автоматты түрде тану арқылы тағамды басқаруға мүмкіндік береді. Bespoke AI кір жуғыш машинада жуу және кептіру циклдарын интуитивті басқаруды, сондай-ақ басқа қосылған құрылғыларды5 бақылауды 7 дюймдік AI негізгі экраны қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жаңа Bespoke AI құрылғылары пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Мысалы, Bespoke AI Hybrid тоңазытқышы ағымдағы күйді талдау және камера ішіндегі температураның өзгеруін болжау арқылы тиімді салқындату үшін жасанды интеллектті пайдаланады.
Bespoke AI кір жуғыш машиналарда ыңғайлы болу үшін жаңа мүмкіндіктер бар. Жеке үлгілерде Еуропаға арналған, жетілдірілген AI Wash+ және AI Dry+6 технологиялары бар, А класының7 ең төменгі талаптарымен салыстырғанда энергияны 55%-ға дейін аз тұтынады. Samsung сонымен қатар өз класындағы бірінші желдеткіш кір жуғыш кептіргіш Bespoke AI Laundry Vented Combo-ны8 ұсынды. Ол кептіру уақытын айтарлықтай қысқартады, толық жуу және кептіру циклін Super Speed режимінде 68 минутта аяқтайды.
Компания cонымен қатар шаңсорғыштар топтамасын жетілдіруді жалғастыруда. Bespoke AI Jet Ultra cымсыз тік шаңсорғышы – 400 Вт дейінгі әлемдегі9 ең қуатты сору жүйесімен10 жабдықталған. AI Cleaning Mode 2.0 жақсартылған режимі11 тазалау тиімділігін арттыру үшін жабындының бұрыштарды12 және кілемдер типтерін13 қоса алғанда, көбірек әртүрлі түрлерін14 ажыратуға икемді.
Bespoke AI Jet Bot Steam Ultra15 робот-шаңсорғышы тек қана табалдырықтардан өтіп қана қоймай, 1 см басталатын көлемдегі кедергілерді16 және мөлдір сұйықтықтарды тануға мүмкіндік беретін, нәтижесінде мұқиятырақ тазалауды қамтамасыз ететін AI Object Recognition желісімен17 жабдықталған. Құрылғы бұрыштарға және қабырғаларға жақындаған кезде, оның щеткасы қол жету қиын жерлерді тазалай отыра, автоматты түрде алға шығады.
Samsung ақылды тұрмыстық техникасы: ыңғайлылық, қамқорлық және үнемдеу
Samsung өзінің кеңейтілген AI Home концепциясын ашты, ол үш негізгі аспекті: ыңғайлылық, күтім және үнемдеу арқылы құрылғыларда ыңғайлы және жекелендірілген тәжірибе жасау үшін жасанды интеллект интеграциясына назар аударды.
AI Home дисплейінің арқасында тұтынушылар Bespoke AI тұрмыстық техникасымен оңай өзара әрекеттесе алады. Зерделі экран SmartThings арқылы басқа құрылғылардың қосылуына мүмкіндік бере отыра, қосымша хабсыз басқарудың орталық элементі болады18. Сондай-ақ тұтынушылар жеке хабарландырулар және күнді жоспарлау үшін Daily Board функцияларын қолдана алады, ал Map View көмегімен – басқа қосылған құрылғыларды жеңіл бақылай алады.
Жаңартылған Bixby дауыс пәрмендері арқылы технологияңызды басқаруды жеңілдетеді және Voice ID19 қоса алғанда, жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Ол пайдаланушының дауысын автоматты түрде таниды, Samsung тіркелгісін ауыстырады және жекелендірілген күнтізбені көрсетеді. Егер иесі Galaxy смартфонында нашар көру режимін пайдаланса, бұл параметр оңай көру үшін экранмен автоматты түрде синхрондалады.
Сондай-ақ, SmartThings-тің жаңа қызметтері, соның ішінде, егер пайдаланушы белгіленген уақыт ішінде белсенділік танытпаса, отбасы мүшелеріне хабарландыру жіберетін Family Care20 қызметі енгізілді. Сонымен қатар, робот шаңсорғыш енді сіздің үйіңізді төтенше жағдайлардың белгілерін тексере алады және бүкіл экожүйе Samsung Knox жүйесімен қауіпсіз қорғалған.
Сенімділік және қауіпсіздік үнемі басымдылықта болады
2025 жылы AI Home көрінісін жүзеге асыру үшін Samsung озық технологиялар мен пайдаланушы қауіпсіздігіне назар аударады.
Ең алдымен, компания Knox жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, барлық қосылған құрылғылар үшін жоғары қорғанысты қамтамасыз етеді. 2025 жылға қарай Knox Matrix Trust Chain мүмкіндігі барлық Wi-Fi қосылған құрылғыларға қолданылады. Пайдаланушылар арнайы басқару панелі арқылы нақты уақыт режимінде құрылғыларының қауіпсіздік деңгейін бақылай алады.21
Сонымен қатар, тұрмыстық техника бірінші рет жеке аппараттық чипте құпия пайдаланушы деректерін – парольдер мен аутентификация ақпаратын сақтайтын Knox Vault22 жүйесімен біріктіріледі. Ықтимал кванттық шабуылдардан қорғау үшін Samsung экрандары бар құрылғыларға арналған Knox Matrix Credential Sync жүйесінде пост кванттық криптографияны (PQC) пайдаланады23
Samsung үшін тағы бір маңызды міндет – құрылғылардың қызмет ету мерзімін ұзарту. Smart Forward24 қызметі жаңа үлгілерді сатып алмай-ақ тұрмыстық техниканың бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға мүмкіндік береді. Ал SmartThings Home Care мүмкіндігі құрылғыларыңыздың денсаулығын диагностикалау және ақаулар анықталған кезде ескертулер жіберу үшін ЖИ пайдаланады. Қажет болса, пайдаланушылар маманнан қашықтан кеңес ала алады.25 Бұл қызмет Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та, Францияда, Нидерландыда және Канадада қолжетімді.
Осы бастамалардың барлығын біріктіре отырып, Samsung пайдаланушыларға жайлылық пен жан тыныштығын қамтамасыз ететін қауіпсіз, ыңғайлы және жайлы ақылды үйдің экожүйесін құруды мақсат етеді.

▲ Samsung компаниясының DA департаменті өзінің тұжырымдамасы мен жаңа өнімдерін ұсынатын жаһандық іс-шара өткізді.
1 AI Home Display — өнімдегі 7 дюймдік немесе 9 дюймдік СКД экран. Бұл AI Home жүйесінде қол жетімді барлық қызметтер AI пайдаланады немесе AI көмегімен ақпаратты жасайды дегенді білдірмейді. AI Home арқылы қолжетімді кейбір мүмкіндіктер дәлдікті жақсарту үшін мерзімді түрде жаңартылуы мүмкін AI-мен жұмыс істейтін алгоритмдерді пайдаланады. AI алгоритмдері толық емес немесе қате ақпаратты тудыруы мүмкін.
2 AI Home таңдаулы үлгілерде қол жетімді және қол жетімділігі аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
3 Таңдаулы T-Type және French Door тоңазытқыш үлгілерінде бар. 2025 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша AI Vision Inside жаңа піскен жемістер мен көкөністер сияқты 37 тағамды тани алады. Егер өнім танылмаса, ол белгісіз деп белгіленуі мүмкін. AI Vision Inside тоңазытқыш есігінің қалтасындағы немесе мұздатқыштағы тағамды анықтай алмайды. Өнімді тану дәлдікті жақсарту үшін мерзімді түрде жаңартылатын терең оқыту үлгілеріне негізделген.
4 AI Vision Inside танып, пайдаланушыларға ішіне бірнеше рет орналастырылған өңделген өнімдерді сақтауды ұсынады, бұл көрсетілген атаумен 50-ге дейін өнімді сақтауға мүмкіндік береді. Өңделген тағамдар белгілі бір қаптаманы сақтайтын өнімдермен шектеледі. AI Home өнімді 30 күн ішінде 4 реттен көп енгізілгеннен кейін сақтауды ұсынады.
5 Wi-Fi қосылымын және Samsung есептік жазбасын қажет етеді. Үшінші тарап құрылғылары SmartThings қызметін қолдауы керек.
6 Жетілдірілген AI алгоритміне негізделген. Ол кейбір маталарды танымауы мүмкін немесе жүкте әртүрлі мата түрлерінің қоспасы болса, оларды дәл анықтамауы мүмкін. Тозуды болдырмау үшін ұқсас маталарды бірге жуыңыз. АҚШ-та мүмкіндік атаулары әртүрлі: AI OptiWash және AI OptiDry AI OptiWash+ және AI OptiDry+ деп аталады.
7 Samsung ішкі сынақтарына негізделген. 9 кг моделінің энергия тұтынуы EEI 21,8 құрайды, бұл А энергия тиімділігі класының ең төменгі шегінен (9 кг модельдер үшін EEI 52) қарағанда 55% жоғары энергияны үнемдейді. Энергия өнімділігі Eco 40-60 бағдарламасында тексерілді, 55% үнемдеу Eco 40-60 бағдарламасындағы сынақтармен де расталды.
8 27 дюймдік желдеткіш кір жуғыш кептіргіштердің арасында. Тек АҚШ, Канада және Мексикада сатылады.
9 IEC 62885-4 Cl.5.8 стандартына сәйкес SLG Prüf- und Zertifizierungs GmbH компаниясының қол шаңсорғышын (щеткасыз) пайдалану арқылы сынауына негізделген. 2024 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін тәуелсіз нарықты зерттеу агенттігі жинаған, Samsung моделінің нақты қуатын сынады. толық зарядталған жоғары сыйымдылықтағы батареямен жұмыс істеу уақыты: 1 минутқа дейін.
10 IEC 62885-4 Cl.5.8 сәйкес SLG Prüf- und Zertifizierungs GmbH сынауына негізделген. Бос шаң контейнері бар қозғалтқышсыз құралдың кірісінде, Jet режимінде және толық зарядталған жоғары сыйымдылығы бар аккумулятормен өлшенеді. Жұмыс уақыты: 1 минутқа дейін.
11 AI Cleaning Mode 2.0 жаңартылған функцияларын шаңсорғышты SmartThings қолданбасында тіркегеннен кейін қосуға болады. AI Cleaning Mode 2.0 жұмысы белгілі бір жағдайларда шектелуі мүмкін, мысалы, All-in-one Clean Station желіден ажыратылған болса, Wi-Fi тұрақсыз болса немесе шаңсорғыш пен All-in-one Clean Station арасындағы Bluetooth байланысы тұрақсыз болса. Егер AI тазалау режимі 2.0 жиі жұмыс істемесе, All-in-one Clean станциясын кедергісіз орынға жылжытыңыз. Үздіксіз мүмкіндік жаңартуларын қосу үшін Wi-Fi желісін үйде әрқашан қосулы ұстаңыз.
12 Slim LED Brush+ көмегімен қолданғанда. Бұрыштарды және еденнен қабырғаға түйіспелерді анықтау тек қатты еденде жұмыс істейді. «Бұрыш» екі тегіс және жабық қабырғалардың түйіскен жерін білдіреді. Сору күші щетканы қабырғаға басқаннан кейін шамамен 2-3,5 секундтан кейін артады. Егер щетка бұрыштың бір жағына ғана тиіп тұрса немесе бұрышта бос орын болса, ол бұрыш ретінде танылмауы мүмкін және тану дәлдігі мен жауап беру жылдамдығы қабырға пішіні мен пайдалану жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
13 Active Dual Brush-пен қолданған кезде.
14 Әртүрлі тазалау жағдайларын анықтау мүмкіндігі және параметрлерді өзгертуге қажетті уақыт қоршаған орта жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
15 Өнім мүмкіндіктері әлі де әзірлену үстінде және өзгеруі мүмкін. Соңғы сипаттаға кепілдік берілмейді.
16 Алдын ала анықталған деректер жиынында оқытылатын терең оқыту үлгісіне негізделген және толық емес немесе қате нәтижелер беруі мүмкін. Модельдің дәлдігін жақсарту үшін жаңа деректер жиынын кезеңді түрде қосуға болады.
17 Төгілген сұйықтық 7 см × 7 см көлемінде немесе одан үлкен дақ сияқты анықталады. Ажырату дақ көлеміне немесе оның суреті секілді еден жағдайына байланысты болуы мүмкін.
18 32-дюйм AI Family Hub және/немесе 9-дюймAI Home тоңазытқыштарында қол жетімді. Wi-Fi қосылымы және Samsung тіркелгісі қажет. Барлық құрылғылар SmartThings-ке қосылған болуы керек. SmartThings-пен үйлесімді үшінші тарап құрылғыларын ғана тіркеуге болады.
19 Bixby қолжетімділігі елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Bixby тек ағылшын (АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан), француз (Франция), неміс (Германия), итальян (Италия), корей (Оңтүстік Корея), мандарин (Қытай), испан (Латын Америкасы, Испания) және португал (Бразилия) тілдерінің кейбір екпіндері мен диалектілерін ғана таниды. Voice ID 2025 жылдың мамырында Smart Forward жаңартуы арқылы қолжетімді болады. Іске қосу күні аймаққа және елге байланысты өзгеруі мүмкін. Белсендірілген Samsung Bixby тіркелгісі қажет. Құрылғыда алты есептік жазбаға дейін тіркеуге болады. Дәлдікті жақсарту үшін дауысты тыныш ортада жазу ұсынылады. Дауыс идентификаторы тіркеу кезіндегі дауыс үніне негізделген. Дауысты кез келген өзгерту немесе өзгерту тану қатесіне әкелуі мүмкін.
20 Қызметті белсендіру үшін құрылғы Wi-Fi желісіне қолдау көрсетуі және SmartThings қызметіне қосылған болуы керек. Пайдаланушылар қызметті SmartThings ішінде іске қоса алады.
21 Trust Chain Dashboard 2025 жылы шығарылған 7 немесе 9 дюймдік AI Home және AI Family Hub бар құрылғыларға қолданылады.
22 Knox Vault Bespoke AI Jet Bot Steam Ultra және Bespoke 7 немесе 9 дюймдік AI Home және AI Family Hub құрылғыларына, Bespoke AI Oven қоспағанда, 2025 жылы шығарылған құрылғыларға қатысты.
23 PQC 2025 жылы шығарылған 7 немесе 9 дюймдік AI Home және AI Family Hub құрылғыларына қолданылады, Bespoke AI Oven қоспағанда.
24 Smart Forward жаңартулары тек бағдарламалық құрал үшін және 2017 жылдан кейін шығарылған және стандартталған OCF хаттамасымен жабдықталған үлгілер үшін қол жетімді. Кейбір жаңартулар арнайы жабдық сипаттамаларын қажет етуі мүмкін. Android және iOS құрылғылары үшін қол жетімді. Wi-Fi қосылымы және Samsung тіркелгісі қажет.
25 2018 жылдан кейін шығарылған құрылғыларға қолданылады және 2018 жылдан бері шығарылған OCF хататамсымен стандартталған үлгілерінде қолдау көрсетіледі. Қолдау көрсетілетін мүмкіндіктер аймақ пен елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Қызметті қосу үшін құрылғы Wi-Fi-ды қолдауы және SmartThings-ке қосылған болуы керек.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.