Samsung Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G: әсерлі инновациялар мен барлығы үшін қауіпсіздік

12.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics компаниясы Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G таныстырды. Осы екі смартфон Samsung компаниясының ең жақсы мобильді инновацияларды барлығына қолжетімді етуге деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл туралы Samsung Newsroom Kazakhstan ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

 

Смартфондарды осы жылдың сәуір айының басында Қазақстанда сатып алуға болады.

 

«Galaxy A сериясымен біз ең жаңа технологияларымызды одан да көп адамдар пайдалана алуы үшін кеңірек аудиторияға жеткіземіз», – дейді Тэ Мун Ро (TM Roh), Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience Business бөлімінің президенті және басшысы. – Биылғы жылы біз Galaxy A сериясына бұдан да көп мүмкіндітерді ашып жатырмыз және осы желі үшін Samsung Knox Vault шешімін бірінші рет ұсынып отырмыз. Біз Galaxy A сериясының пайдаланушыларына керемет мобильді тәжірибені қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін бергенімізді мақтан тұтамыз».

 

Жан-жақты фотосуреттері мен керемет дисплейі бар ойын-сауық және шығармашылық орталығы

 

Жақсартылған Nightography функцияның көмегімен Galaxy A55 5G тіпті жарық аз жағдайда да анық, жарқын фотосуреттер түсіреді. Бұл кез келген түнгі фотосуретті эпикалық жаңа деңгейге көтеруге болатынын білдіреді. Galaxy A55 5G смартфонындағы жетілдірілген AI кескін сигналын өңдеу (ISP) технологиясы аз жарықта таңғажайып кескіндерді түсіруге мүмкіндік береді. Бұл Galaxy A сериялы смартфондарда алғаш рет орын алып отыр. Керемет көрінетін пейзаждар ғана емес түнгі портрет режимі және 12 биттік HDR бейне арқылы адамдар әр фотосуретте таңғажайып болып шығады. Енді сіз керемет жарықтандыруға қарамастан достарыңыз бен отбасыңызбен естеліктерді тамаша сапада сақтай аласыз.

 

Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G смартфондары Samsung Galaxy танымал керемет суретке түсіру тәжірибесін ұсынады. Одан бөлек оптикалық кескінді тұрақтандыру (OIS) және цифрлық бейнені тұрақтандыру (VDIS) сияқты мүмкіндіктерді қоса, фотосуреттер мен бейнелерді жолда түсіру кезінде де анық сақтайды.

 

Жаңа құрылғылар Galaxy A сериясының көңілді және әсерлі мобильді тәжірибелерді барлығына қолжетімді ету дәстүрін жалғастырады. Пайдаланушылар Full High Definition пішімінде таңғажайып кескін анықтығын көрсететін Super AMOLED дисплейлерінің арқасында жаңа бейнелерді көруден немесе әлеуметтік желілерде сөйлесуден ләззат алады. Сонымен бірге, Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G смартфондардың 6,6 дюймдік экраны Vision Booster технологиясының арқасында әртүрлі жарық жағдайларында анық және жарқын болады.

 

Samsung компаниясының ең күшті қауіпсіздік инновацияларын демократияландыру

 

Осы жылы Samsung алғаш рет Galaxy A сериясының пайдаланушыларына өзінің ең инновациялық флагмандық қауіпсіздік мүмкіндіктерінің бірі – Samsung Knox Vault ұсынады, оның ішінде жаңа Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G үлгілері бар. Аппараттық құралдарға негізделген және бұзуға төзімді Samsung Knox Vault қауіпсіздік шешімі негізгі процессор мен жүйелік жадтан физикалық оқшауланған қауіпсіз орындау ортасын құра отырып, аппараттық және бағдарламалық жасақтама шабуылдарынан жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл құрылғыдағы ең маңызды деректерді, соның ішінде PIN кодтары, парольдер мен суреттер, құлыптау экранының тіркелгі деректерін қорғауға көмектеседі. Samsung Knox Vault сонымен қатар құрылғыда сақталған пайдаланушылардың жеке деректерін шифрлау арқылы құрылғы шифрлау кілттерін қорғайды. Құрылғы жоғалған немесе ұрланған болса да, дұрыс құлыптау экранының тіркелгі деректері бар пайдаланушы ғана өз деректеріне қол жеткізе алады.

 

Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G көп деңгейлі Samsung Knox атты қауіпсіздік платформасымен қорғалған. Дүние жүзіндегі ең сенімді қауіпсіздік платформаларының бірі, Samsung Knox маңызды ақпаратты және аппараттық құралдарды түпкілікті қорғау арқылы осалдықтарды қорғауға арналған. Сондай-ақ бүкіл Galaxy экожүйесі бойынша тұтас көзқарасты қолдана отырып, нақты уақыттағы қауіпті анықтау және бірлескен қорғанысты қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, Galaxy A сериясында Auto Blocker қосымша қауіпсіздік шараларының пакеті ұсынылған. Қосылған кезде Auto Blocker рұқсат етілмеген көздерден қосымшаларды орнатуды блоктайды, ықтимал зиянды бағдарлама үшін қолданба қауіпсіздігін тексеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ USB кабелі арқылы қосылған кезде ықтимал зиянды пәрмендерді және құрылғыға бағдарламаларды орнатуды блоктайды. Жаңа Galaxy A сериялы смартфондарының пайдаланушылары сондай-ақ Galaxy қауіпсіздік және құпиялылық бақылау тақтасына қол жеткізе алады. Бұл олардың деректеріне не болатынын көруге, бақылауға және өз қалауы бойынша кез келген рұқсаттарды жоюға мүмкіндік береді. Олар құпия жеке немесе қаржылық ақпаратты қамтитын жеке файлдарды қауіпсіз және шифрланған түрде алмасуға мүмкіндік беретін Private Sharing (часть Quick Share) функциясымен пайдалана алады. Құпиялықты қамтамасыз ету үшін пайдаланушылар алушының кіру құқықтарын және файлдың жарамдылық мерзімін басқара алады, сонымен қатар скриншоттар мен жүктеп салуларды шектей алады.

 

Жаңа Galaxy A сериялы смартфондары Samsung компаниясының Galaxy құрылғыларын ұзақ уақыт бойы қауіпсіздігін және өзектілігін сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді. Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G пайдаланушылары Android ОЖ және One UI жаңартуларының төрт буынына дейін одан бөлек, бес жылдық қауіпсіздік жаңартуларын ала алады. Бұл құрылғылардың өмірлік циклін оңтайландырады және оларды ең соңғы Galaxy және Android мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

 

Үнемі кеңейіп жатқан Samsung Galaxy экожүйесіндегі жіксіз байланыс

 

Galaxy A55 5G және Galaxy A35 5G смартфондары Galaxy экожүйесімен толық үйлесімді және пайдаланушыларға әртүрлі Galaxy құрылғыларында тегіс және біріктірілген жұмысты қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар Galaxy Fit3 немесе Galaxy Watch6 құрылғысын Galaxy A сериялы смартфонына қосу арқылы жаттығу жасай алады. Сонымен қатар, Auto Switch функциясының арқасында кіріс қоңыраулар пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін автоматты түрде қосылған Galaxy Buds FE-ге ауыстырылады.

 

Техникалық сипаттама

Galaxy A55 5G
Дисплейі 6,6 дюймдік FHD+

Super AMOLED Display

Жаңарту жиілігі 120 Гц дейін

Vision Booster

Өлшемдері мен салмағы 161.1 x 77.4 x 8.2мм, 213г
Камерасы ·        12 МП ультра кең бұрышты камера

·        F2.2

50МП негізгі камера

·        F1.8, AF, OIS

5МП макро-камера

·        F2.4

32МП алдыңғы камера

·        F2.2

 

Жад

8ГБ + 128ГБ

8ГБ + 256ГБ

12ГБ + 256ГБ

Аккумулятор  5,000мАс (үлгілік мәні)
ОЖ  Android 14

One UI 6.1

 

Қауіпсіздік 

Samsung Knox

 

Galaxy A35 5G
Дисплейі 6.6-дюймдік FHD+

Super AMOLED Display

Жаңарту жиілігі 120 Гц дейін

Vision Booster

Өлшемдері мен салмағы 161.7 x 78.0 x 8.2мм, 209г
Камерасы  8МП ультра кең бұрышты камера

·        F2.2

50МП негізгі камера

·        F1.8, AF, OIS

5МП макро-камера

·        F2.4

13МП алдыңғы камера

·        F2.2

Жад 6ГБ + 128ГБ

8ГБ + 128ГБ

8ГБ + 256ГБ

Аккумулятор 5,000мАс (үлгілік мәні)
ОЖ  Android 14

One UI 6.1

Қауіпсіздік Samsung Knox

 

 

 

 

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары