Samsung компаниясы Galaxy S24 сериясын жаңарту туралы жариялады, бұл Galaxy пайдаланушыларына таңдаудың одан да көп мүмкіндіктерін ұсынады

16.02.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung компаниясы Galaxy AI технологиясының арқасында адамдарға шектеусіз сұқбаттасу мүмкіндіктерін ұсынуға, шығармашылық әлеуетін ашуға және өнімділігін арттыруға тырысады. Galaxy S24 алғашқы пайдаланушылары оны сезе алды, алайда әр пайдаланушының өзінің дербес қажеттіліктері бар.

 

Сіздің пікірлеріңізді негізге ала отырып, болашақ жаңартуда біз құрылғының дисплейімен және камерасымен жұмыстан кеңейтілген мүмкіндіктерді және әсерлерді алуды ұсынамыз. Төменде сіз Galaxy S24 жаңартулары туралы толығырақ білетін боласыз, сондай-ақ оларды өз құрылғыңызды жақсарту үшін қалай пайдалану керектігі туралы ақпарат аласыз.

 

Өзіңіздің қараудан алатын тәжірбиенізді дербестендіріңіз

Дисплей туралы сөз болғанда, Galaxy пайдаланушыларының талғамдары әр түрлі болады. Сол себепті біз Galaxy S24 сериясының экранын одан да табиғи және жеке қарау үшін ыңғайлы етіп реттедік. Сіз «Қосымша параметрлер» тарауында түстердің қанықтығының деңгейлерін реттей отырып, одан да жарқын, түстерге қанық дисплейді тамашалаудан ләззат ала аласыз.

 

Әр сәтті оның түпнұсқа қалпында сақтаныз

Galaxy S сериясы бұрыннан бері өзінің алдыңғы қатарлы камерасымен танымал, ал Galaxy S24 сериясы басты функцияларды одан әрі оңтайландыру арқасында оны жаңа деңгейге шығарады. Біз камераның барлық функцияларын, жеке алғанда, зумдау, портреттік режім, түңгі түсірілім, негізгі камераға бейнетүсірілім және көптеген басқа да функцияларsy жетілдірдік.

Тілдік шектеулерсіз сұқбаттасу

Біз мақсатымызға жетуге ұмтыламыз – баршаға шектеусіз сұқбаттасуды қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз болашақта одан әрі сізге құлақ асамыз және сіздің көзқарасыңызды дамыту, болашаққа жаңа мүмкіндіктерді ашу үшін Galaxy технологиясын жетілдіреміз.

 

Жаңарту ақпан айында қол жетімді болады.

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары