Samsung Galaxy Watch8: ұйқыдан бастап жаттығуға дейінгі ультра жайлылық
Galaxy Watch8 және Galaxy Watch8 Classic саулыққа бет алған жолыңызда сізді ынталандыру үшін ерекше дизайнды денсаулық туралы жаңа, жекелендірілген біліммен біріктіреді

Samsung Electronics Co., Ltd. бүгін Galaxy Watch-тың барлық үлгілеріне арнап, аңыздық дизайн-сәйкестігін жасай отыра, Galaxy Watch8 және Galaxy Watch8 Classic1 ұсынды. Galaxy Watch Ultra дизайнын негізге ала отыра, бұл серияда денсаулықты үздіксіз қадағалауға арналған осы уақытқа дейінгі ең жұқа және ыңғайлы Galaxy сағаттары бар. Galaxy Watch8 сериясы әртүрлі өмір салтына сәйкес келеді және сәннің және дербестендірілген денсаулықты қадағалаудың жаңа стандартын орната отыра, алдыңғы қатарлы мүмкіндіктерді ұсынады.
“Біз өзіміздің инновациялық технологияларымыздың арқасында миллиардтаған адамдардың салауатты өмір салтын ұстауына көмек көрсетуге ұмтыламыз”, – дейді Samsung Electronics компаниясының Device eXperience (DX) бөлімшесінің басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh). “Мақсатты дизайны, озық сенсорлық технологиясы және AI негізіндегі интуитивті тәжірибесі арқасында Galaxy Watch8 сериясы салауатты және өзара байланысты өмірдің бастапқы нүктесі ретінде қызмет ете отыра, тұтынушылардың әл-ауқатына қатысты маңызды қадамдарды қабылдауды жеңілдетеді.”
Ең жақсы әл-ауқат үшін ішкі және сыртқы жағы жаңартылған
Пішінін де, функционалдылығын да жаңарта отыра, Galaxy Watch8 сериясы саладағы жетекші өнімділікпен қатар теңдесі жоқ жайлылықты ұсынады, бұл оны күнделікті әл-ауқаттың тамаша серігі етеді. Galaxy Watch Ultra-мен алғаш рет ұсынылған бірегей дизайн енді бүкіл Galaxy Watch ауқымын анықтайды. Бүгінгі таңдағы ең жұқа дизайнға қол жеткізу үшін Galaxy Watch8 құрылғысының ішкі құрылымы толығымен қайта жасалды және оның құрамдас бөліктерін орнату мүмкіндігі 30%-ға жақсартылды, нәтижесінде дизайн 11%-ға жұқа болды. Dynamic Lug жүйесімен біріктірілген жаңа дизайн білекпен табиғирақ қозғалады, ыңғайлылық пен денсаулықты бақылау дәлдігін арттыру үшін көбірек жайлылық пен жақсартылған тұрақтылықты2 қамтамасыз етеді.
Galaxy Watch8-дің әсем профилі оның ерекше өнімділігімен толықтырылған. Жарық күн сәулесінің астындағы ашық ауада болсаңыз да, дисплей оңай көріну үшін ең жоғары жарықтығы 3000 ниттерде 50% жарығырақ2 бола түседі, ал жақсартылған батарея2 сағаттың сіздің белсенді өмір салтыңыздан қалып қалмайтындығына кепіл береді. Бұдан бөлек, қосжиілікті GPS тұрған жерін анықтаудың барынша толығырақы және жақынырақ нәтижелерін қамтамасыз етеді, ал сол уақытта біздің ең күшті 3-нм техпроцессор барынша жылдамырақ өнімділікті және көп қуат тиімділігін ұсынады. Денсаулық туралы барынша терең және нақты деректерді алуға мүмкіндік беретін BioActive жаңашыл бергішінің арқасында, Galaxy Watch8 сериясы сіздің дене жағдайыңыздың бүтін көрінісін жасауға көмектеседі.
Денсаулық үшін ұзақ уақыт жұмыс істеуге арналған ынталандыру
Ұйқы – сіздің денсаулығыңызға апаратын жол, сондықтан әрбір жайлы түн денеңізге және санаңызға бірден келесі күні қалпына келуге мүмкіндік береді. Сол себепті Samsung ұйқыға арналған жеке жаттығуларды ұсына отыра, ұйқыға арнаолған оңайлы ортаны жасауға көмектесе отыра және тіпті дем тоқтауының жеңіл және ауыр белгілерін анықтай отыра үнемі ұйқы процесін жақсартады. Бұдан бөлек, Galaxy Watch8 сериясында ұйқыдан бастап, тамақтану және жаттығуға дейін – шапшаң, шабыттандырушылық ұсыныстар арқылы сізге барынша пайдалы әдеттерді қалыптастыруға көмек беретін Samsung Health3 қолданбасында жаңа ерекше функциялар бар.

Bedtime Guidance4 сіз келесі күні таңда тыныққан күйде ұйқыдан оянатындай етіп, ұйқыға жатуға дайындалуға оңтайлы уақытты ұсыну үшін сіздің циркадты ырғағыңызды өлшей алады. Тамырлық жүктеме5 ұйықтаған кезде сіздің тамырлық жүйеңіздегі күйзеліс деңгейін бақылау мүмкіндігін ұсынады.Ұйқы, күйзеліс және белсенділікті қоса алғанда, өмір салтының әртүрлі қырлары туралы көріністі ұсына отыра, құрылғы сізге сіздің денсаулығыңызды басқаруға барынша кешенді тәсілді қабылдауға көмектеседі.

Сол аралықта, Galaxy Watch8 сериясы бар болғаны бес секундта каротиноид деңгейін өлшеуге және салауатты қартаю үшін өмір салтын түйсікті таңдауға мүмкіндік беретін смарт-сағаттарындағы Антиоксиданттық индексті6 алғаш рет ұсынды.
Жаңа бастаған, сондай-ақ тәжірибелі жүгірушілерге арнап, Galaxy Watch8 сізге ынталандыру өте қатты қажет болған кезде, сіздің дене қалпыңыз туралы дербестендірілген ақпаратты ұсынады. Жүгіруге жаттықтырушы7 сіздің дене пішіміңіздің деңгейін 1 бастап 10 дейін анықтайды және нақыт уақыттағы ұсыныстармен және ынталандыру ақпаратымен жаттығулардың жеке жоспарын дайындап шығарады. Ендігі жерде жүгіруді қолдайтын жаңартылған Бірге мүмкіндігінің арқасында, сіз өзіңіздің достарыңызды және отбасы мүшелерін сынасып көруге шақыра отыра, өзіңіздің жақсы дене пішіміңізге апаратын жолыңызды ойынға айналдыра аласыз.

Егер күйзелістің жоғары деңгейі сақталатын болса, Күйзеліс нақты уақыт тәртібінде өз күйзелісіңіздің деңгейін басқаруға көмектесе отыра, сіз үзіліс алу үшін, бірден белгі береді. Медитацияны қадағалаумен сіз өз көңіл-күйіңізді жазып ала отыра, өзіңіздің күйзелісіңізді жеңілдету үшін тыныс алу жаттығулары туралы ұсыныстар ала аласыз – және осының барлығы бір уақытта сіздің білегіңізде.
Оның үстіне AI-мен жабдықталған Energy Score8 әр күніңіз әл-ауқатта болу үшін дене және ақыл көрсеткіштерін біріктіре отыра, сізге қуат деңгейіңіздің түсірілімін береді.
Wear OS және Gemini-мен барынша қарапайым өзара әрекет
Google-мен тығыз серіктестікте жасап шығарылған Galaxy Watch8 сериясы Wear OS 6-мен, сондай-ақ бұның алдындаGoogle-дан AI- көмекші Gemini9-мен жабдықталған алғашқы смарт-сағаттары болып табылады. Сіз Samsung Health, Calendar, Reminder и Clock секілді Galaxy Watch қолданбаларындағы табиғи дауыс пәрмендері көмегімен жүріп бара жатып жұмыс істей аласыз. Мысалы, сіз Gemini-ден жақын арадан кафе табуды және досыңызбен сіз таңдаған жерде кездесу үшін оған хабарлама жіберуді өтіне аласыз. Немесе сіз жаттығуда бастауға дайн болсаңыз, және сіздің ойыңызда мақста болса, жәй ғана: “30-минуттық жүгіруді баста” деңіз. Сағаттар Samsung Health-та кедергісіз жаттығуға бастамашылық жасайды.
Бұдан бөлек, жаңа One UI 8 Watch арқасында тұтынушылық интерфейс циферблаттың өлшемі және пішіміне қарай оңтайландырылған. Жаңа Көпақпараттық панель медициналық көрсеткіштерге, ауа райына, іс-шараларға және ақпараттың көп көлеміне жеңіл рұқсатты қамтамасыз етеді– осының барлығы экранға қарағандағы бір шапшаң қарауда. Бұдан бөлек, жаңа Now Bar және шектеусіз хабарламалар алдыңғы жоспарда және орталықта басты іс-шаралардың болуына кепіл береді.
Өмірдің кез-келген мәнеріне бейімделген
Galaxy Watch8, Galaxy Watch8 Classic және жаңа Galaxy Watch Ultra -ға кейбір елдерде бүгінгі күннен бастап алдын ала тапсырыс беруге болады, ал жаппай алдын ала тапсырыс 25 шілдеде10 басталады.
Сәнді және шағын дизайнға ие бола отыра, Galaxy Watch8 күнделікті әл-ауқат үшін жасап шығарылған. 44 мм немесе 40 мм өлшемінде және Графит немесе Күміс түсінде қолжетімді, олар күн сайынғы белсенділік үшін жайлылық және сәнді қамтамасыз етеді. Сол арада, Galaxy Watch8 Classic сіздің білектеріңізге айналмалы қапсырма немесе қосымша ыңғайлылық үшін жылдам бастырма секілді заманауи мүмкіндіктермен бірге мәңгілік талғампаздықты береді. Classic үлгісі 46мм өлшемімен және Қара және Ақ түстерде ұсынылады. Бұдан бөлек, қос үлгі әртүрлі өмір салтына арнап жасалынған сәнді баулардың11 біртұтас қатарымен үйлеседі.

Ашық ауадағы белсенділікті ұнататындар үшін, Galaxy Watch Ultra – бұл Galaxy Watch -тың ең заманауи және берік үлгісі. Жаңа Titanium Blue қоса алғанда, төрт титан жабындысымен қолжетімді құрылғы батареялардың ең ұзақ жарамдылық мерзімін және топтамадағы барынша берік өнімділікті ұсынады.
Galaxy Watch8 туралы көбірек білу үшін: www.samsungmobilepress.com, news.samsung.com/kz_kz/ және www.samsung.com/kz_kz/watches кіруіңізді өтінеміз.
Galaxy Watch8 топтамасының сипаттамалары
| Galaxy Watch8 | Galaxy Watch8 Classic | ||
| Түсі | – 44 мм: Графит, Күміс
– 40 мм: Графит, Күміс |
– 46 мм: Черный, Белый | |
| Өлшемдері12
және салмағы13 |
– 44 мм: 43.7 x 46 x 8.6 мм (34.0 г)
– 40 мм: 40.4 x 42.7 x 8.6 мм (30.0 г) |
46 мм: 46.4 x 46 x 10.6 мм (63.5 г) | |
| Дислпей | Жақұт әйнек
– 44 мм: 1,47 дюйм (37,3 мм) Super AMOLED 480×480, толық түсті, Always on Display – 40 мм: 1,34 дюйм (33,3 мм) 438 x 438 Super AMOLED, толық түсті, Always on Display |
Сапфировое стекло
– 46 мм: 1,34 дюйма (33,3 мм) 438 x 438 Super AMOLED, полноцветный, Always on Display |
|
| Процессор | Exynos W1000 (5 ядер, 3 нм) | Exynos W1000 (5 ядер, 3 нм) | |
| Жады | 2 ГБ жедел жады + 32 ГБ кіріктірілген жады | 2 ГБ оперативной памяти + 64 ГБ встроенной памяти | |
| Аккумулятор14 (әдеттегі мәндері) | – 44 мм: 435 мА•с
– 40 мм: 320 мА•с |
445 мА•ч | |
| Зарядтау15 | Жылдам зарядтау (Сымсыз жылдам зарядтау WPC) | ||
| ОЖ16 | Wear OS Powered by Samsung (Wear OS 6) | ||
| Тұтынушылық интерфейс | One UI 8 Watch | One UI 8 Watch | |
| Бергіштер | Samsung BioActive (биодабылдың оптикалық бергіші + жүректің электрлік бергіші + биоэлектрлік импеданс сараптамасы), температура бергіші, акселерометр, барометр, гироскоп, геомагниттік бергіш, жарықтылық бергіші | Samsung BioActive (оптикалық биосигналды бергіші + жүректің электрлік бергіші + биоэлектрлік кедергі талдауы), температура бергіші, акселерометр, барометр, гироскоп, геомагниттік бергіші, жарықтылық бергіші, 3D Hall бергіші | |
| Қосылу мүмкіндігі | LTE17, Bluetooth 5.3, Wi-Fi 2,4+5 ГГц, NFC, қосжіиілікті GPS L1+L5 (GPS, Glonass, Beidou, Galileo) | ||
| Беріктік18 | 5ATM + IP68 / MIL-STD-810H | ||
| Үйлесімділік | Android 12.0 немесе одан жоғары және 1,5 ГБ немесе одан көп жад19 | ||
1 Қол жетімділік пен мүмкіндіктер нарыққа, үлгіге және жұптастырылған смартфонға байланысты. Осы құжатта ұсынылған барлық функционалдылықты, нақты функцияларды, сипаттамаларды және басқа да өнім туралы ақпаратты, соның ішінде артықшылықтарды, дизайнды, бағаларды, компоненттерді, өнімділікті, қол жетімділікті және өнімнің мүмкіндіктерін ескертусіз өзгертуге болады.
2 Алдыңғы Galaxy Watch үлгілерімен салыстырғанда.
3 Тек жалпы сауықтыру мен фитнеске арналған. Кез келген медициналық жағдайды немесе ауруды анықтау, диагностикалау, емдеу, бақылау немесе бақылау кезінде қолдануға арналмаған. Құрылғы және / немесе қолданба арқылы алынған денсаулыққа қатысты ешқандай ақпарат медициналық кеңес ретінде қарастырылмауы керек. Пайдаланушылар кез-келген медициналық кеңес алу үшін дәрігерге баруы керек. Кейбір мүмкіндіктер нарыққа, тасымалдаушыға немесе жұптастырылған құрылғыға байланысты өзгеруі мүмкін.
4 Үш күндік ұйқыны, тұтынушының циркадтық ырғағын жіне ұйқы қысымын талдау негізінде.
5 Үйлесімді Galaxy Watch -ты тағу соңғы 14 күннің кем дегенде З ұйықтаған кезінде қажет.
6 Өлшеу үшін тұтынушы саусағының ортасын сағаттың артындағы сенсорға қойып, оны 5 секунд ұстап тұруы керек. Антиоксидантты индексті кез келген саусақпен өлшеуге болатынына қарамастан, ең дәл нәтиже алу үшін бас бармақты пайдалану ұсынылады. Терінің біркелкі емес құрылымына байланысты қайта өлшеу әртүрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.
7 Бапкерлік бағдарламаны бастар алдында жүгіру деңгейінің тестінен өту және деңгей белгісін алу қажет.
8 Тұтынушы үйлесімді Galaxy Watch немесе Galaxy Ring-ті кем дегенде бір рет тіркеген кезде ғана қол жетімді.
9 Gemini мобильді қосымшасы белгілі бір құрылғыларда, тілдерде және елдерде қол жетімді. Үйлесімді құрылғыға қосылу үшін Wear OS үйлесімді сағаты қажет. Жауаптардың дұрыстығын тексеріңіз. Интернетке қосылу және орнату қажет болуы мүмкін. Мүмкіндіктер жазылым мен есептік жазбаға байланысты өзгеруі мүмкін. Нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін және иллюстрация үшін жасалған. Google және Gemini-Google LLC сауда белгілері.
10 Түстер мен өлшемдердің қол жетімділігі нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін.
11 Бөлек сатылады. Сағат белдіктерінің болуы нарыққа немесе тасымалдаушыға байланысты өзгеруі мүмкін.
12 Денсаулық жағдайы бергіштерінсіз өлшенеді.
13 Баусыз өлшенеді.
14 Батареяның қызмет ету мерзімі Samsung жүргізген әдеттегі пайдалану жағдайлары үшін ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелеріне негізделген. Батареяның нақты қызмет ету мерзімі әртүрлі пайдалану үлгілеріне, құрылғы үлгісіне, желі ортасына және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Типтік мән үшінші тарап зертханалық жағдайда сыналған. Типтік мән-IEC 61960 стандартына сәйкес тексерілген батарея үлгілері арасында батарея сыйымдылығының ауытқуын ескеретін бағалау орташа мәні.
15 Samsung компаниясы әрқайсысы Samsung телефонына қосылған Galaxy Watch8 және Galaxy Watch8 Classic (BT & LTE) алдын-ала шығарылған нұсқасын қолдана отырып жүргізген тестілеу; барлық құрылғылар алдын-ала шығарылатын бағдарламалық жасақтама, Galaxy Watch USB C магниттік Жылдам зарядтау кабелі (EP-OL300) және Samsung 25W USB қуат адаптері арқылы тексерілді C (EP-TA800). Зарядтау уақыты аймаққа, параметрлерге, пайдалану үлгілеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгереді; нақты нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Samsung 25W USB C қуат адаптері (EP-TA800) бөлек сатылады.
16 Wear OS powered by Samsung Android 12 немесе одан кейінгі 1.5 Гб-тан астам жады бар телефондармен жұмыс істейді. Үйлесімді құрылғылар нарыққа, операторға немесе құрылғының брендіне байланысты өзгеруі мүмкін.
17 LTE-ге тек LTE модельдерінде қосылу.
18 Galaxy Watch8 сериясы MIL-STD 810h сертификатын алды: ол 6 сағат ішінде -20°C (1Hr) мен 50°C (1Hr) аралығында қайталанатын сынақтан өтті.
19 Құрылғыны іске қосу Google Mobile Services қолдайтын смартфонға қосылғаннан кейін ғана қол жетімді. Үйлесімді құрылғылар нарыққа, операторға немесе құрылғының брендіне байланысты өзгеруі мүмкін.
TAGSBedtime GuidanceGalaxy Watch8Galaxy Watch8 ClassicOne UI 8 WatchUnpacked 2025Антиоксиданттық индексЖүгіруге жаттықтырушыТағылатын құрылғыларыТамырлық жүктеме
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.