Samsung iF Design Awards 2024 форумында 75 марапатқа ие болды

01.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Екі “алтын” әр түрлі өмір салтына сәйкес келетін дизайн үшін

Тоғыз номинация бойынша 75  марапат – өнім дизайнынан бастап пайдаланушы тәжірибесіне дейін – теледидарларға, тұрмыстық техникаға, смартфондарға және басқа құрылғыларға берілді

 

Samsung Electronics беделді неміс халықаралық дизайн байқауы – International Forum (iF) Design Awards 2024 байқауында 75 номинация бойынша жүлде алғанын жариялады. Олардың қатарында Samsung OLED теледидары (S95C) және арнайы Galaxy Z Flip5 Maison Margiela Edition үшін екі алтын жүлде.

 

iF Design Award форумы 1953 жылы Die Gute Industrieform e.V. көрмесі ретінде құрылған. Сарапшылар келесі тоғыз номинация бойынша жобаларды жан-жақты бағалайды: «Өнім», «Қаптама», «Коммуникация», «Интерьер архитектурасы», «Кәсіби тұжырымдама», «Сервис дизайны», «Сәулет», «Пайдаланушы тәжірибесі (UX)» және «Пайдаланушы интерфейсі (UI)».

 

«Электроника дизайны пайдаланушы тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және бұл марапаттар Samsung компаниясының осы саладағы үздіксіз алға қадам басуын көрсетеді», – деді Тэ Мун Ро (TM Roh), Samsung Electronics компаниясының президенті және корпоративті дизайн орталығының басшысы. Сондықтан біз пайдаланушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді жасауды және инновациялар арқылы олардың өмірін жақсартуды жалғастырамыз».

 

Екі инновациялық өнім үшін алтын жүлделер

 

 

OLED теледидары (S95C) ультра жіңішке 9,9 мм корпуста ұсынылған, бұл құрылғыны қабырғаға орнату кезінде бос орындарды азайтып, кеңістікті үйлестіруге мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың аудиовизуалды ортаға барынша жоғары деңгейде енуі Dolby Atmos технологиясымен қамтамасыз етіледі, соның арқасында дыбыс шынайы және үш өлшемді шығады.

 

 

Galaxy Z Flip5 Maison Margiela Edition арнайы шығарылымындағы қаптамасының қақпағында бірегей патч бар. Бұл сән үйіне тән стильді кездейсоқ көрсетеді. Қаптама тұтастай алғанда ательеден табуға болатын әр түрлі маталар мен жіптердің үлгілеріне ұқсайды. Ал оны жабатын қағаздан жасалған байланыстырушы материал құрылғыны Maison Margiela жоғары сән стандарттарына жақындатады.

 

Теледидар, тұрмыстық техника және смартфондарды қоса алғанда, тоғыз номинация бойынша 75 марапат

 

Samsung Electronics барлық дизайн номинациялары бойынша 75 марапатқа ие болды. OLED теледидары (S95C) және арнайы Galaxy Z Flip5 Maison Margiela Edition үшін алтын марапаттарға қоса, компания Bespoke AI Laundry Combo™ кір жуғыш-кептіргіш комбинациясы үшін «Өнім» санатында танылды, Music Frame теңшелген сымсыз динамик, қоршаған кеңістікті үйлесімді толтыруға арналған, және үлкейтілген сыртқы экрандары бар бүктемелі смартфондар Galaxy Z Flip5 және Galaxy Z Fold5, пайдалануды барынша ыңғайлы ету үшін жаңа пішін факторын пайдаланады.

 

Дизайндағы жетістіктері үшін танылған басқа өнімдер мен қызметтердің арасында – Samsung Now+, Q Symphony технологиясы және Samsung ресми веб-сайты кіреді. Samsung Now+ ауа-райы немесе үйдегі қауіпсіздік камерасынан тікелей эфир сияқты пайдалы ақпаратты, тіпті теледидар өшірілген болса да көрсетеді; Q Symphony жасанды интеллект арқылы аудитория кеңістігін талдайды және атмосфераға барынша ену үшін параметрлерді таңдайды, ал Samsung сайтының соңғы нұсқасы жетілдірілген ұялы мүмкіндіктер мен пайдаланушыға ыңғайлы интерфейспен ерекшеленеді.

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Марапаттар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары