Қырғызстанда Samsung Innovation Campus жобасы басталды

15.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Ақпан айында ұялы әзірлеме бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Samsung Innovation Campus (SIC) білім беру жобасы ресми түрде Қырғызстанда іске қосылды. Ашылу салтанаты И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің (ҚМТУ) негізінде өтті. Ақпан айында бірінші болып ҚМТУ бакалаврлары үшін ұялы әзірлеме бойынша білім беру трегі басталады.

 

Samsung Innovation Campus бағдарламасының бірінші оқу курсының шеңберінде студенттер Java бағдарламалаудың заманауи өнеркәсіп тілінің негізін, Android платформасына арналған қосымшаларды әзірлеуді оқиды және ұялы қосымшаларды әзірлеудің заманауи тәсілдерімен және әдістерімен танысатын болады. Оқу аяқталғаннан соң әрбір тыңдаушы өзінің жеке қосымшасын жасап, жоғары оқу орны ішіндегі жобалар байқауына қатыса алатын болады. Көктемгі семестрде «Информатика және ЕТ» кафедрасының 25 студентінен құралған жобалық топ Samsung жылдық курсына қатысады, ал осы жылдың күзінен бастап бағдарлама ҚМТУ АТ институты дайындайтын барлық бағыттағы студенттердің негізгі аудиториясына қол жетімді кеңейтілетін болады.

 

 

Samsung Innovation Campus – бұл жасанды интеллект, заттар интернеті, ұялы әзірлеме, сондай-ақ үлкен деректер сияқты IT саласының ең қажеттілігі жоғары салаларында болашақ IT-мамандарды оқытуға бағытталған Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік-білім берудің ұзақ мерзімді бағдарламасы. Samsung компаниясының мамандары әзірлеген оқу тректері жобалық қызметті орындау барысында қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге негізделген.

 

Samsung Innovation Campus оқу бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар Samsung компаниясынан сертификат алады. Samsung Innovation Campus бағдарламасы бойынша оқу тегін жүргізіледі. Білім беру бағдарламасын табысты өту үшін тыңдаушылардың информатика пәні бойынша білімдері және программалаудың тұрақты қабілеттері болу керек.

 

▲ Қырғыз Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Уәкілетті елшісі Ли Вонджэ мырза.

 

Салтанатты ашылу рәсіміне ТМД елдері бойынша Samsung Electronics штаб-пәтерінің вице-президенті Сергей Певнев, Samsung компаниясының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Светлана Юн, Ұялы әзірлемелер бойынша SIC бағдарламасының кураторы Андрей Лимасов, ҚМТУ ректоры Мирлан Чыныбаев, Қырғыз Республикасының Ғылым және білім министрінің орынбасары Расул Абазбекұлы, Қырғыз Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Уәкілетті елшісі Ли Вондже, сондай-ақ Korea International Cooperation Agency (KOICA) in Kyrgyzstan and Kazakhstan Offiсes, Қырғыз Республикасының Сандық даму министрлігінің өкілдері, АТ институтының директоры Гульнара Кабаева, «Информатика және ЕТ» кафедрасының меңгерушісі Нелла Исраилова және ҚМТУ өзге де өкілдері қатысты.

 

 

Samsung Innovation Campus бағдарламасы жастарға бағытталған. 2014 жылдан бастап бағдарлама шеңберінде дүние жүзі бойынша шамамен 119 000 студент білім алып шықты. Қазіргі таңда Samsung Innovation Campus жобасы әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Армения, Испания, Түркия және басқа да елдерде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның географиясы кезең-кезең бойынша кеңеюді жалғастырып жатыр, компания Қырғызстанда жобаны ашуды 2021 жылдан бері әзірлеп отырды.

 

Samsung компаниясының сандық дағдыларды дамытуға және білім беру үрдісінде заманауи технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетін Samsung Innovation Campus сияқты білім беру жобаларын дамытуы мен қолдауы бойынша көпжылдық жұмысын халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. 2023 жылы Samsung Electronics компаниясы 2023 жылдың Digital Inclusion Benchmark атты сандық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету рейтінгісінде жетінші орынды алды, бұл рейтинг компанияның басты санаттар, соның ішінде адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және сандық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша қызметіне баға береді.

 

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары