Samsung пен O2 Telefónica Германияда vRAN және Open RAN желілерін іске қосты
Samsung Electronics және O2 Telefónica Германияда өздерінің алғашқы виртуалды радиоқабылдау желісін (vRAN) және ашық коммерциялық радиоқабылдау желісін (Open RAN) іске қосты. Бұл Samsung компаниясының 5G виртуалды радиоқабылдау желісінің Германиядағы коммерциялық желіде тұңғыш рет пайдаланылуы. Қазіргі уақытта алаң Бавариядағы Ландсберг-ам-Лех қаласында жұмыс істейді, ол тұтынушыларға жоғары өнімділік пен сенімді 4G және 5G қызметтерін ұсынуда. Алдағы айларда компаниялар Open RAN қамтуды одан әрі кеңейту үшін аймақтағы жеті нысанда vRAN және Open RAN желілерін орнатады.
Бұған 2023 жылдың қазан айында жарияланған компаниялар арасындағы бірлескен бастама арқылы қол жеткізілді, онда екі жақ виртуалды және ашық радиоқабылдау желілерінің бірнеше сынақтарын өткізуге келісті. Ауқымды сынақтан кейін O2 Telefónica және Samsung зертханадан нақты жағдайға көшіп, бірінші коммерциялық сайтты іске қосуда.
«Біз Open RAN жолында тағы бір үлкен қадам жасаудамыз. Samsung компаниясымен бірге біз ұялы желіде ең соңғы ашық радиоқабылдау технологияларын пайдаланамыз. Болашақтың желісіне жету жолында, тұтынушыларымызға тамаша қосылымды қамтамасыз ету үшін жаңа желілік шешімдерді біріктіріп жатырмыз. Open RAN – бұл желіні автоматтандыруға, жаңартуларды тезірек енгізуге және желі құрамдастарын икемді пайдалануға көмектесетін құрылыс блогы», – деді Маллик Рао (Mallik Rao), O2 Telefónica компаниясының технология және ақпарат директоры.
«Samsung өзінің жаңашыл vRAN және Open RAN мүмкіндіктерінің арқасында телекоммуникация саласында жаңа жетістіктер стандарттарын белгілейді. O2 Telefónica компаниясының 100 жылдығын тойлай отырып, біз неміс коммуникациясының жаңа дәуірінде олардың негізгі серіктесі және жетекші болғанымызды мақтан тұтамыз», – деді Джунхи Ли (Junehee Lee), атқарушы вице-президент, Samsung Electronics компаниясының жаһандық сату, маркетинг және желілік бизнес бөлімінің басшысы.
Open RAN и vRAN: Көбірек икемділік пен автоматтандыру
O2 Telefonica заманауи және жетілдірілген радиоқабылдау желісінің технологияларын, ашық интерфейстерді және автоматтандыру мүмкіндіктерін пайдалана отырып, одан да тиімді және болашаққа сенімді желі құруда. Open RAN ұялы желіде үлкен икемділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ашық интерфейстердің арқасында операторлар әртүрлі провайдерлердің желілік компоненттерін қиыстырып, оларды өз желісіне біріктіре алады.
Бағдарламаға бағытталған виртуалды радиоқабылдау желісі желі операторларына функцияларды жақсырақ автоматтандыруға, өз желілері үшін жаңа технологиялар мен қызметтерді жылдам және тиімді енгізуге көмектесу үшін бұлтқа негізделген архитектураны еңгізуде. Бұл желілерді жылдам құру және жаңа 5G қосымшаларын енгізу үшін маңызды, виртуалды және кеңейтілген шындық немесе кідіріс үшін маңызды бизнес қосымшалары сияқты төмен жауап беруді қажет ететін жағдайларды қоса алғанда.
Samsung компаниясының жетілдірілген және дәлелденген желілік шешімдері
Samsung тәжірибесін және бүкіл әлем бойынша коммерциялық vRAN және Open RAN орналастыруларының дәлелденген экожүйесін пайдалана отырып, компаниялар 4G және 5G шешімдерінің алғашқы партиясынан үш айдан кейін бірінші коммерциялық сайтқа сәтті ауысты.
Алғашқы орналастыру үшін Samsung нарықтағы жетекші 4G және 5G vRAN 3.0 шешімін, төмен және орташа жиіліктерді (700 МГц, 800 МГц, 1,8 ГГц, 2,1 ГГц, 2,6 ГГц және 3,6 ГГц) қолдайтын үйлесімді O-RAN радиостанцияларын ұсынады, оның ішінде 64T64R массивті MIMO радиостанциялары бар. Samsung компаниясының жетілдірілген vRAN 3.0 жүйесі қуат тиімділігін арттыру, өнімділікті оңтайландыру және интеллектуалды автоматтандыру үшін кеңейтілген мүмкіндіктері бар.
Болашақта компаниялар өмірлік циклді басқару үшін желіні автоматтандыруға арналған Samsung компаниясының интеллектуалды шешімдерін енгізбекші – орналастыру мен пайдаланудан техникалық қызмет көрсетуге дейін. Бұл автоматтандыру шешімі, O-RAN-мен үйлесімді, бағдарламалық жасақтамаға негізделген инновациялық желілерді енгізуді жылдамдатады, осылайша мыңдаған желілік нысандарды бір уақытта автоматты түрде орнатуға мүмкін.
O2 Telefónica туралы
O2 Telefónica – тұтынушылар мен іскери клиенттер үшін толық қызмет көрсететін жетекші телекоммуникация провайдері. O2 негізгі брендінің, қосымша және серіктес брендтер портфолиосы дәстүрлі телефон және интернет байланыстарын ғана емес, одан басқа Интернет заттары мен деректерді талдауға арналған инновациялық цифрлық қызметтерді қамтиды. O2 Telefónica 45 миллионнан астам ұялы байланыс желілеріне қызмет көрсетеді (оның ішінде M2M – 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша). Елдегі бірде-бір желі операторы мұндай көрсеткіштермен мақтана алмайды. Әр түрлі марапатқа ие болған компанияның жоғары өнімді ұялы байланыс желісі халықтың 99%-дан астам қамтиды. O2 Telefónica тұрақты желісінде өз тұтынушыларына Германиядағы кез келген провайдердің үлкен технологиялық әртүрлілігін және географиялық қолжетімділігін ұсынады. 2023 қаржы жылында компанияның кірісі 8,6 миллиард еуроны құрады, ал жұмыскерлер саны шамамен 7500 адам болды. Компанияның негізгі иесі Мадридте орналасқан Telefónica S.A. испан телекоммуникациялар тобы болып табылады – әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық топтардың бірі.
Компанияның жаңалықтары > Әлемде
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.