Samsung ЖИ-қосымшаларына оңтайландырылған ДК арналған ең қуатты SSD жаппай өндірісін іске қосады
Samsung 5-нм контроллері мен V-NAND сегізінші буынының интеграциясымен PM9E1 жаңа дамуы ЖИ-мен ДК үшін ең жоғары өнімділік пен энергия тиімділігіне ие
Оқу және жазудың тізбекті жылдамдығы алдыңғы буынмен салыстырғанда екі еседен астам өсті және сәйкесінше 14,5 ГБ/с және 13 ГБ/с жетеді
Жадтың алдыңғы қатарлы технологияларының әлемдік көшбасшысы Samsung Electronics, ең жоғары өнімділігі және саладағы ең үлкен сыйымдылығы бар PM9E1, PCle 5.0 қатты денелі жинауышының сериялық өндірісінің басталғанын жариялады. 5-нанометрлік процесс (нм) және сегізінші буын (V8) V-NAND технологиясы негізінде әзірленген, жеке конторллері базасында жасалған PM9E1, бұл оны кіріктірілген жасанды интеллектпен ДК үшін оңтайлы шешім ететін, қуатты өнімділік пен жоғары энергия тиімділігін қамтамасыз етеді. Алдыңғысымен (PM9A1a) салыстырғанда, өнімділік, сыйымдылық, энергия тиімділік және қауіпсіздікті қоса алғанда, қатты денелі жинаушының басты сипаттамалары жақсартылды.
«5- нм контроллермен біріктірілген біздің PM9E1 саладағы ең үздік энергия тиімділігін және негізгі серіктестеріміз растаған ең жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, дейді Samsung Electronics жад өнімдерін жоспарлау жөніндегі атқарушы вице-президенті Йонг-Чеол Бэ (YongCheol Bae). – Қарқынды дамып келе жатқан дәуірде Samsung компаниясының PM9E1 жасанды интеллект құрылғысы бүкіл әлем бойынша тұтынушылар үшін жасанды интеллект портфолиосын тиімді жоспарлау үшін сенімді негіз болады».
Сегіз арналы PCIe 5.0 интерфейсімен жаңа SSD-ді дәйекті оқу және жазу жылдамдығы алдыңғы буынмен салыстырғанда екі еседен астам өсті және сәйкесінше 14,5 гигабайт/с және 13 ГБ/с -қа жетті. Бұндай жоғары өнімділік деректерді қарқынды пайдаланатын ЖИ- қосымшаларында да деректерді жылдам тасымалдауды қамтамасыз етеді, бұл 14 гигабайттық үлкен тіл моделін (LLM) SSD-ден DRAM-ға бір секундтан аз уақыт ішінде жіберуге мүмкіндік береді.
PM9E1 деректерді сақтаудың бірқатар нұсқаларын ұсынады, соның ішінде 512 ГБ, 1 терабайт (ТБ), 2 ТБ және саладағы ең үлкен көлем – 4 ТБ. 4 ТБ сыйымдылығымен нұсқа – бұл жасанды интеллект жасаған контент, көп дерек пен жоғары ажыратымдылықтағы видеолар сияқты үлкен көлемдегі файлдар үшін сыйымдылықты сақтауды қажет ететін ДК пайдаланушылары үшін, сондай-ақ ойындар секілді ауыр жүктеме тапсырмалары үшін оңтайлы шешім.
Сонымен қатар, бұл құрылғыларда ЖИ-қосымшаларын пайдалану үшін мінсіз жағдай жасайтын, 50% – дан астам жақсартылған энергия тиімділігі автономдық жұмыс мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік шараларын арттыру үшін Samsung PM9E1-ге 1.2 нұсқасының қауіпсіздік протоколы мен деректер үлгісін (SPDM) енгізді. Бұл SPDM стандарты «Қорғалған арна», «Құрылғы аутентификациясы» және «Микробағдарламаның түпнұсқалығын растау» технологияларын қамтиды. Өнімде сақталған деректерді, оны өндіру немесе тарату кезеңінде, қаскүнемдер қолдан жасай немесе өзгерте алатын кезде, бұл технологиялар жеткізілім тізбегіне шабуылдардың алдын алуға көмектеседі.
PM9E1 – ден бастап Samsung бүкіл әлем бойынша ДК өндірушілері үшін өзінің озық SSD дискілерінің топтамаларын кеңейтуді жоспарлап отыр. Болашақта компания жасанды интеллект құрылғылары нарығында көшбасшылық позициясын нығайту үшін PCIe 5.0 технологиясына негізделген тұтынушылық өнімдерді шығарады.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Жартылай өткізгіштер
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.