Samsung енді қазақ тілінде ақпарат таратады

28.02.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы инновациялық технологиялар әлеміндегі қазіргі трендтерге қызығушылық танытатын қазақстандықтар үшін қолжетімділікті арттыру мақсатында Samsung Newsroom Kazakhstan ресми ақпараттық ресурсының қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосады.

 

Бұдан былай қазақтілді интернет қолданушылар, оның ішінде серіктестер IT саласындағы озық құрылғылар, шешімдер мен трендтер туралы барлық жаңалықтан хабардар болып, мемлекеттік тілдегі соңғы ақпараттарды Samsung сайтынан ала алады: https://news.samsung.com/kz_kz.

 

▲ Енді пайдаланушылар Samsung компаниясының соңғы жаңалықтары мен бренд оқиғаларына қазақ тілінде оңай қол жеткізе алады.

 

Сонымен қатар, Samsung Newsroom Kazakhstan сайтында компанияның Қазақстанда өткізетін қызықты іс-шаралары мен жаңа өнімдердің тұсаукесері жайлы ақпарат қолжетімді болмақ. Сондай-ақ пайдаланушыларда B2B конференцияларынан бастап салтанатты кештер мен бағалы сыйлықтар ойнатылатын байқауларға дейін алғашқылардың бірі болып білуге мүмкіндік бар. Әрине, сіз әрқашан оларға қатысы, жарқын әрі ұмытылмас тәжірибе ие бола аласыз!

 

«Қазақ тіліндегі Samsung жаңалықтары – бұл Samsung бренді мен оның өнімдеріне қызығушылық танытатын Қазақстандағы және елден тысқары пайдаланушыларымызбен байланыста болу және қарым-қатынасты арттыру үшін тамаша мүмкіндік», – деді SECE корпоративтік коммуникациялар бөлімінің басшысы Берік Умаров. «Алдағы уақытта аудитория бұдан да қызықты, пайдалы ақпарат алуы үшін қазақ тіліндегі контентімізді кеңейтеміз».

 

Samsung Қазақстанда 1996 жылдан бастап енді. Отандық кеңсе Samsung Electronics Central Eurasia атауымен жұмыс істеп келеді және көршілес Орталық Азия елдерінде, атап айтсақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Түркіменстан және Моңғолиядағы қызметті басқарады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары