Samsung компаниясы Қазақстан армиясын цифрландыруға көмектеседі
Қазақстан армиясында озық мобильді инновациялар енгізілуі мүмкін: ҚР Қорғаныс министрлігінде Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығында жаңа буынды әскери планшеттерді пайдалану жоспарланып отыр
ҚР Қорғаныс министрлігі мен Samsung Electronics Central Eurasia (бұдан әрі – Компания) ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Оның шеңберінде компанияның жоғары технологиялық өнімдері Қазақстан армиясын одан әрі цифрландыруға қызмет етеді. Атап айтқанда, халықаралық әскери стандарттарға сәйкес келетін және қашықтан басқару мүмкіндігіне ие, кіріктірілген механизмдері бар мобильді планшеттер мен смартфондар жайлы болып отыр.
Үкімет ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын жаңғыртуда, ал оның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі Қарулы күштерді цифрландыру болып табылады.
«Цифрлық құралдар армияның тиімділігін арттыруға және Қорғаныс министрлігінің қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған». – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Осылайша, биылғы жылдың басынан әскерге шақыру кезіндегі шығынды талап ететін іс-шараларды цифрлық жүйеге көшірген «Цифрлық әскери комиссариат» жобасы сәтті іске қосылды, соның арқасында жыл сайын миллиардтан астам бюджет қаражаты үнемделеді. Іс-шараларды жоспарлауды цифрландыру және жауынгерлік дайындық нәтижелерін талдауды қоса алғанда, басқа да бастамалар қолға алынуда. Бұл үдерістердің барлығы да жеңілдетіліп, ақпараттық платформаға көшірілетін болады.
Арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар әскери үлгідегі планшеттер деректермен жұмысты оңтайландырады. Мысалы, офицерлер ведомствоның жаңа ақпараттық жүйесіне бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы туралы ақпаратты енгізеді, осылайша басшылық стратегиялық шешімдерді талдап, қабылдау үшін осы деректерге тікелей қол жеткізе алады.
Жобаны ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ (Қорғаныс министрлігінің еншілес кәсіпорны) жүзеге асырады деп жоспарлануда.
Бұл басы ғана. Қазіргі уақытта қаралып жатқан әлеуетті жобалар бөлімшелердің навигациясын цифрландыруды, басшылық пен бақылауды оңтайландыруды, сондай-ақ барлау мәліметін алу үшін дрондар мен датчиктермен интеграциялауды көздейді. Инновациялық мобильді шешімдерді қолдану келешегі одан да кеңейе бермек.
Бұдан басқа, қол қойылған меморандум шеңберінде Қорғаныс министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері Samsung электронды корпоративтік дүкеніне қол жеткізе алады. Бұл олардың барлық серіктестер сияқты ерекше шарттармен Компания шығарған жабдықты тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігіне ие болатындығын білдіреді.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.