Samsung компаниясы ойындарға, бизнеске және шығармашылыққа арналған жоғары өнімділігі бар SSD 990 EVO шығарды

25.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

NVMe жаңа қатқыл жинақтауышы арттырылған өнімділікпен, қуат тұтыну тиімділігімен және интерфейс иілімділігімен ерекшеленеді

 

Жадыны сақтаудың алдыңғы қатарлы технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы Samsung Electronics компаниясы мықты өнімділік пен арттырылған қуат тиімдігін қамтамасыз ететін компанияның тұтынушылық SSD-жинақтауыштарының желісіне жаңадан қосылған SSD 990 EVO жинақтауышының шығарылымы туралы жариялады. Видео ойындарды ойнау, жұмыс жасау және бейне/фотосуреттерді өңдеу сияқты күнделікті есептеулерді жақсарту үшін әзірленген NVMe SSD пайдаланушылардың кең ауқымы үшін мінсіз шешімге айналады деп күтілеуде.

 

«Samsung компаниясы өзінің алдыңғы қатарлы жадыны жасау технологияларын SSD-шешімдерін оңтайландыру үшін пайдаланып жатыр, ал біз соңғы тұтынушылық өнімімізде пайдаланушылардың есептеуіш мүмкіндіктерін жақсарту үшін инновациялар мен тиімділікті біріктірдік» – дейді Samsung Electronics компаниясының Memory Brand Product Biz Team бөлімшесінің вице-президенті Хангу Сон (Hangu Sohn). Оның сөзіне сәйкес, 990 EVO жинақтауышында өнімділік, қуат тұтыну тиімділігі және сенімділік үйлесімін тапты, бұл оны ойындарды, бизнес-үрдістерді және шығармашылықты қосқанда, әр түрлі күнделікті міндеттерді шеше алатын ең жаңа интерфейс үшін әмбебап таңдауға айналдырады.

 

Арттырылған өнімділік

990 EVO жинақтауышы алдыңғы 970 EVO Plus моделіне қарағанда 43%-ға арттырылған өнімділікті қамтамасыз етеді. Ілеспе оқудың жылдамдығы секундына 5 000 мегабайтқа (МБ/с), ал жазу жылдамдығы – 4 200 МБ/с жетеді. Кездейсоқ оқу және жазу жылдамдығы да сондай-ақ өсті: секундына 700 мыңға дейін кіріс-шығыс операциялары (IOPS) және тиісті 800 мыңға дейін IOPS артты.

 

Хост-процессордың DRAM-на тікелей қосылу үшін Host Memory Buffer (HMB) технологиясын пайдаланудың арқасында SSD жинақтауышы тіпті DRAM болмаған жағдайда оңтайлы өнімділікке жете алады. Мейнстримнің алдыңғы қатқыл жинақтауыштарынан көшкен пайдаланушылар ойындарды жүктеудің жылдамдығын едәуір арттыру және үлкен файлдарға жылдам қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

 

Арттырылған қуат тиімділігі және зияткерлік жылу шешімі

Samsung 990 EVO жинақтауышының қуат тұтыну тиімділігі алдыңғы 970 EVO Plus моделіне қарағанда 70%-ға өсті, бұл пайдаланушыларға автономды жұмыс уақытына үнемі алаңдамай, ЖК-де ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ Modern Standby1 функциясын қолдайды, бұл функция тіпті қуатты тұтынудың деңгейі төмен болғанда ғаламторға үздіксіз қосылумен және хабарламаларды үздіксіз алумен лезде қосу/өшіру қызметтерін қамтамасыз етеді.

 

990 EVO жинақтауышының жылуды тарататын жапсырмасы дисктің тұтастығына зиян келтірмей, ең жоғары деңгейде операцияларды орындауға мүмкіндік беріп, NAND чипінің жылу режимін тиімді реттейді.

 

Заманауи және болашақ есептеулерге арналған әмбебап қатқыл жинақтауыш

990 EVO – бұл ағымдағы және болашақтағы есептеу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әмбебап қатқыл жинақтауыш. Пайдаланушылар ойындар, бизнес және шығармашылық үрдіс сияқты күнделікті өмірдің талаптарына жауап беретін бір ғана SSD-жинақтауышпен көп міндеттілік режимінде жұмыс жасай алады.

 

990 EVO жинақтауышы PCIe 4.0 x4 және PCIe 5.0 x2 интерфейстерін қолдай отырып, PCIe 4.0 M.2. слоттарын қолдайтын заманауи ЖК қажеттіліктеріне жауап береді. Сонымен қатар, жаңа шешім болашақ қосымшалардағы PCIe 5.0 интерфейстерімен, сондай-ақ термореттеумен және қуат тұтыну тиімділігімен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.

 

990 EVO моделі сыйымдылығы 1 ТБ және 2 ТБ болатын нұсқаларда ұсынылған.

 

Samsung Magician бағдарламалық жасақтамасын қолдау

Samsung Magician бағдарламалық жасақатамасы – бұл Samsung компаниясының барлық қатқыл жинақтауыштарының, соның ішінде 990 EVO жинақтауышының да функционалдығын арттыруға арналған оңтайландыру аспаптарының жиынтығы болып табылады. Пайдаланушылар SSD-ді жаңартқан кезде деректерді тасымалдау үрдісін оңай және қауіпсіз жеңілдете алады. Сонымен қатар, Samsung Magician құнды деректерді қорғайды, дисктің күйін қадағалайды және бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажеттілігі туралы уақытында хабардар етеді.

 

1Modern Standby туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме бойынша Microsoft сайтынан таба аласыз (https://learn.microsoft.com/en-us/windows-hardware/design/device-experiences/part-selection#ssd-storage).

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Жартылай өткізгіштер

Жүктеу

  • Samsung-SSD-990-EVO_dl1.jpg

  • Samsung-SSD-990-EVO_dl2.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары