Samsung MWC 2024 көрмесінде Galaxy AI Vision аясында соңғы өнімдер мен қызметтерді ұсынады

26.02.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics Испанияның Барселона қаласында басталған Mobile World Congress 2024 көрмесінде Galaxy AI-мен жұмыс істейтін жаңа мобильді тәжірибелерімен таныстырады. Samsung стендіне келушілер барлық Galaxy өнімдерінде, әсіресе мобильді жасанды интеллекттің жаңа дәуірін бастайтын Galaxy S24 сериясындағы Galaxy AI тәжірибесін сынап көру мүмкіндігіне ие болады. Galaxy AI¹ сонымен қатар Samsung компаниясының барлық портфолиосында көрсетіледі, оның ішінде Galaxy Book4 сериясындағы интеллектуалды өнімділік, Galaxy Watch6 сериясындағы смарт денсаулық және алғаш рет көпшілікке ұсынылатын Galaxy Ring жобасы.

 

«Біздің соңғы Galaxy өнімдеріміз бен инновацияларымыз мобильді жасанды интеллекттің құатын аша отырып пайдаланушылардың күнделікті өмірлеріндегі мүмкіндіктерін кеңейтеді», – деді Тэ Мун Ро (TM Roh), Samsung Electronics компаниясының президенті және Mobile eXperience Business бөлімінің басшысы. «Биылғы MWC көрмесінде біз Galaxy S24 сериясын қоса алғанда, бүкіл портфолиодағы Galaxy AI мүмкіндіктерін көрсетуге қуаныштымыз және бұл құрылғылардың жақсырақ, интеллектуалды және байланысқан болашақты құру үшін қаншалықты қуатты екенін көрсетуді мақсат етеміз.

 

 

Мобильді AI жаңа дәуірін ұсынамыз

 

Samsung стенді Galaxy S24 сериясындағы AI мүмкіндіктерін көрсетеді, ол пайдаланушылардың қарым-қатынасы мен шығармашылығын жақсарта отырып, оларды күнделікті өмірге енгізеді. Оның ішінде тілдік кедергілерді еңсеру үшін телефон қоңырауларын нақты уақыттағы екі жақты аудару үшін құрылғыдағы AI арқылы қуатталған Live Translate² сияқты мүмкіндіктер бар. Circle to Search with Google³ қызметі қарапайым қимылмен жаңа нәрселерді табуға болатын жылдамырақ, оңайырақ және интуитивті іздеу мүмкіндігін ашады.

 

Сондай-ақ көрме барысында күрделі мәтіндерді жеңілдететін және реттейтін Note Assist⁴, оған қоса пайдаланушыға шығармашылық еркіндік үшін фотосуреттердегі нысандардың өлшемін еркін өзгертуге және орналастыруға мүмкіндік беретін Generative Edit⁵ көрсетіледі.

 

Samsung сонымен қатар Galaxy S24 сериясының қуатты камераларының сипаттамаларын тексеруге болатын кеңістікті орнатты. Күңгірт концерт залын еске түсіретін аймақта Galaxy S24 сериясының түнгі суретке түсіру мүмкіндіктерін пайдалану үшін сахнада орналасқан шағын нысандарды жақыннан түсіруге болады. Түнгі көрініс режимі Galaxy AI.⁶ арқылы жұмыс істейтін ProVisual Engine арқасында нашар жарықтандыру жағдайында тұрақты жұмыс істеу үшін жақсартылды.

 

Осы Galaxy AI мүмкіндіктері жақын арада қолданыстағы Galaxy үлгілеріне кеңейтіледі, оның ішінде Galaxy Z Fold5, Z Flip5 және Tab S9 сериялары, сондай-ақ Galaxy S23 және S23 FE.⁷ сияқты телефон сериялары бар. Сонымен қатар, Samsung компаниясы 26 ақпаннан бастап бүкіл әлемде қолжетімді болатын Galaxy Book4 сериясың қолдана отырып өнімділіктің жоғарылауының тексеруін ұсынады.

 

Samsung стендінде көрсетілген Galaxy құрылғысының қосылу мүмкіндіктері пайдаланушыларға Galaxy S24, Galaxy Book4 және Galaxy Tab S9 арасында фотосуреттер мен бейнелерді оңай тасымалдау және өңдеу сияқты өнімділікті қалай жақсартуға болатынын көрсетеді.

 

Жасанды интеллекте негізделген денсаулыққа қосымша мүмкіндіктер

 

Samsung MWC көрмесінде өзінің ақылды денсаулық құрылғыларының желісін таныстырды, бұл пайдаланушыларға жасанды интеллекттің түрлендіру күшін одан да көп құрылғыларда пайдалана отырып жекелендірілген және үздіксіз денсаулық сақтау тәжірибесін ұсынады. Бұл желі аясында күнделікті өмірді жеңілдететін жаңа Galaxy Ring құрылғысы енгізіледі. Құрылғы Samsung Health сандық платформасы арқылы ақылды және салауатты өмір салтын қолдайды.

 

Samsung сонымен қатар жаңа смарт денсаулық мүмкіндіктерін ұсынады. Мысалы, My Vitality Score⁸ әртүрлі факторларға негізделген жекелендірілген денсаулық ақпаратын ұсынады, соның ішінде ұйқы, белсенділік, жүрек соғу жиілігі және жүрек соғу жиілігінің өзгермелілігі бар. Ал Booster Card⁹ алдын ала қойылған мақсаттарды қадағалау және іске асырылатын түсініктерді қамтамасыз ету арқылы әр күнді сау етуге көмектеседі. Келушілер бұл мүмкіндіктерді Galaxy S24-пен жұптастырылған Galaxy Watch6 сериясында осы жылдың соңында көпшілікке қолжетімді болғанға дейін көре алады.

 

Samsung SmartThings экожүйесі арқылы үйіңізді салауатты өмір салтын ұстанатын орынға қалай айналдыруға болатынын білуге болады.¹⁰ Жақсы ұйықтау үшін автоматты түрде өшіп-қосу үшін енгізілген шамдарды басқарыңыз¹¹, немесе дәрі қабылдауды еске салатын ескертулерді орнатыңыз. Бұған қоса, құрылғы теледидарда фитнес бейнелерін көру кезінде физикалық жаттығуларды бақылауға, жүрек соғу жиілігін және жағылған калорияларды нақты уақыт режимінде өлшеуге мүмкіндік береді.

 

MWC 2024 көрмесіндегі Samsung Galaxy Experience стенді Fira Barcelona Gran Via көрме орталығында орналасқан.

 

 

¹Samsung жасанды интеллект функцияларымен қамтамасыз етілген нәтижелердің дәлдігіне, толықтығына немесе сенімділігіне қатысты ешқандай уәде, мәлімдеме немесе кепілдік бермейді. Кейбір Samsung AI мүмкіндіктері Samsung тіркелгісіне кіруді талап етуі мүмкін.
²Live Translate желі қосылымын және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Live Translate мүмкіндігі алдын ала орнатылған Samsung Phone қолданбасында ғана қолжетімді. Қоңыраулар жергілікті Samsung тергіші арқылы жасалуы керек. Кейбір тілдер тіл бумасын жүктеп алуды талап етуі мүмкін. Қызметтің қолжетімділігі тілге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
³Нәтижелер көрнекі сәйкестікке байланысты өзгеруі мүмкін. Интернетке қосылу қажет. Android жүйесін соңғы нұсқасына дейін жаңартуы қажет болуы мүмкін. Өнімнің функционалдығы қолданбаға және құрылғы параметрлеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Кейбір мүмкіндіктер кейбір қолданбалармен үйлесімді болмауы мүмкін. Қызметтің қолжетімділігі ел мен тілге байланысты өзгереді. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Жаңарту уақыты үлгіге байланысты өзгеруі мүмкін.
⁴Тек Samsung Notes бағдарламасындағы мәтін үшін (200-4000 таңба); Samsung тіркелгісіне кіру және интернет байланысы қажет.
⁵Generative Edit желіге қосылу және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Generative Edit көмегімен өңдеу 12 МП дейінгі фотосуретті шығарады. Сақталған кезде кескінге көрінетін су таңбасы қосылады, бұл кескіннің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетеді. Жасалған кескіннің дәлдігі немесе сенімділігіне кепілдік берілмейді.
⁶AI Zoom сандық масштабтау мәндерінің арасындағы қашықтықтарға қолданылады. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
⁷Galaxy S24 сериясындағы кейбір AI мүмкіндіктері алдыңғы буын үлгілерінде болмауы мүмкін.
⁸My Vitality Score қызметі Samsung Health жүйесінде 2024 жыл ағымында қолжетімді болады. Қолжетімділігі елге, операторға немесе киілетін құрылғыға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мүмкіндіктер тек жалпы денсаулық және фитнес мақсаттарына арналған. Өлшемдер тек жеке анықтама үшін берілген. Денсаулық сақтау маманынан кеңес сұраңыз.
⁹Booster Card Samsung Health жүйесінде 2024 жыл ағымында қолжетімді болады. Қолжетімділігі елге, операторға немесе киілетін құрылғыға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
¹⁰SmartThings арқылы тіркелген смарт құрылғылар үшін қол жетімді. Қолжетімділігі елге немесе құрылғыға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
¹¹Ұйқы ортасын теңшеу үшін Samsung Clock және SmartThings мобильді қолданбаларының соңғы нұсқасы қажет.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары