Samsung One UI 9 интерфейсін ресми түрде таратуды бастайды, бұл Galaxy-дің соңғы функцияларын көптеген құрылғыларда қолжетімді етеді
Жаңартуды тарату 16 қыркүйекте Galaxy S26, S26+ және S26 Ultra модельдерінен басталады
Samsung Electronics One UI 9 интерфейсінің қолжетімділігін көбірек Galaxy құрылғылары үшін кеңейтетінін жариялады. Жаңарту Galaxy S26, S26+ және S26 Ultra1 модельдерінен басталады. Galaxy Z Fold8 Ultra, Fold8 және Flip8 смартфондарында алдын ала орнатылған One UI 9 фирмалық қабығы әртүрлі форма-факторлы құрылғыларда пайдаланушының тәжірибесін одан да қарапайым және ыңғайлы етеді, ал жаңартылған жасанды интеллект құрылғылармен дербес және пайдалы өзара әрекеттесу үшін көбірек мүмкіндіктер ұсынады.
Түсіру, жеке пайдалану және басқару үшін жаңа функциялар
One UI 9 суретке түсіру, күнделікті ақпаратты дербестендіру және құрылғыны басқаруды жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
- Автоорталықтандыру2 жазылған видеодағы таңдалған адамды автоматты түрде бақылайды және объект қозғалған кезде кадрлауды өзгерте отырып, оны кадрдың ортасында ұстайды. Нәтижесінде пайдаланушылар әлеуметтік желілер үшін өңдеуді қажет етпейтін дайын контент алады. Баланың өнер көрсетуі, би алаңындағы досы немесе спорттық матчтың жарқын сәті болсын – бұл функция кадрдағы қажетті адамды тез ажыратуға көмектеседі.
- “Менің күнім”3 түйіндемесіндегі жаңа генеративті және дербес карточкалар пайдаланушыларға күнделікті есепте қандай ақпарат көрсетілетінін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, физикалық жағдай мен ауа райы туралы ақпаратты көрсететін карточкаларды баптау немесе күнделікті қорытындыда тек пайдаланушы үшін өзекті ақпаратты қамту үшін видео қосуға болады.
- “Кепілдік және қызмет көрсету” бөлімі4 баптаулар мәзіріндегі негізгі сервистік функцияларды біріктіреді. Енді пайдаланушылар қосылған мобильді құрылғылардың кепілдікті қамтуын тексере алады, өзін-өзі диагностикалауды іске қоса алады, жөндеудің алдын ала құнын біле алады, Samsung Care+ қызметін басқара алады және ресми қолдау қызметіне жүгіне алады — мұның бәрі бірнеше рет басу арқылы жүзеге асырылады.
Аз уақытта көп тапсырманы орындау үшін жақсартылған мүмкіндіктер
One UI 9 Galaxy-дің үйреншікті функцияларын кеңейтіп, күнделікті тапсырмаларды жылдам әрі оңай орындауға көмектеседі. Контекстік ұсыныстар мен шығармашылық кеңестер, сондай-ақ аударма, сканерлеу және дауысты жазу функцияларының жақсартылуы әдеттегі тапсырмаларды аз уақыт пен күш жұмсап орындауға мүмкіндік береді.

- «ЖИ кеңестері»5 функциясы жағдайға байланысты контекстік ұсыныстар ұсынады және туындаған мәселелерді процесте шешуге көмектеседі. Мысалы, әңгімелесуде кездесуді жоспарлау кезінде пайдаланушылар тікелей чаттан брондау мәліметтерін жылдам көре алады немесе геопозицияны сақтай алады.
- Креативті студия енді алдағы оқиғаларды ескере отырып, суреттер жасау үшін идеялар ұсынады. Мысалы, досының туған күні алдында пайдаланушы тақырыптық сурет немесе ашықхат жасау және тез арада түпнұсқа құттықтау дайындау туралы ұсыныс алуы мүмкін.
- «Аудармашы» қолдандасында6 Thread View диалогын көрудің жаңа режимі пайда болды, ол жүргізілген әңгіменің барысын оңай бақылауға және алдыңғы репликаларға жылдам жүгінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сөйлесу режимінде аударма тезірек болды, ал сәйкес келетін Galaxy Buds құлаққаптары аударманы тезірек ойнатады. Бұл репликалар арасындағы кідірісті азайтып, қарым-қатынасты бірқалыпты әрі үздіксіз етеді.
- «Құжаттарды сканерлеу» функциясы тіпті зақымдалған материалдарды, мысалы, кітаптардың иілген беттерін немесе бұрыштары бүгілген құжаттарды оңай цифрландыруға мүмкіндік береді. Үлкен экраны бар сәйкес келетін Galaxy құрылғыларында жаңартылған интерфейстің арқасында құжаттарды сканерлеу ыңғайлырақ болды. Жақсартулардың арқасында енді тазарақ және ұқыптырақ скандар алуға көмектеседі.
- «Диктофон» пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез табуды жеңілдету үшін тақырыптарды, кестелерді және басқа да элементтерді пайдалана отырып, қысқаша қорытындыларды неғұрлым логикалық және құрылымдалған түрде жасайды.
Жақсартылған құпиялылық қорғанысы: көбірек бақылау мен ақпарат
One UI 9 сонымен қатар деректерді қорғау мен құпиялылықты қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Жаңартулар қауіпсіздік параметрлерін түсініктірек етеді және пайдаланушыларға өз деректерін жақсырақ бақылауға көмектеседі. Жүйе пайдаланушы қажет болған жағдайда тез арада шара қолдана алуы үшін ықтимал тәуекелдер туралы дер кезінде хабарлайды.
- Security Brief ақпары «Менің күнім» интерфейсіне зиянды бағдарламалық жасақтама, белгісіз көздерден алынған қолданбалар және артық рұқсаттар туралы ескертулер сияқты негізгі қауіпсіздік және құпиялылық ескертулерін қосады. Бұл пайдаланушыларға ерте кезеңде ықтимал мәселелерді анықтауға және қашан әрекет ету керектігін анықтауға көмектеседі.
- «Құпиялылық туралы ескертулер»7 әлеуетті тәуекелдерді, соның ішінде рұқсаттарға фондық қол жеткізу әрекеттерін анықтау үшін кіріктірілген жасанды интеллектті пайдаланады, бұл пайдаланушыларға олардың деректерінің қалай пайдаланылатынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді
- «Алаяқтықты анықтау»8 енді көбірек елдерде9 қолжетімді және қолдау көрсетілетін нарықтардағы Galaxy қолданушыларын әлеуетті алаяқтық қоңыраулардан қорғай отырып, жаңа тілдерді қолдайды.
1 Осы пресс-релиз жарияланған сәтте One UI 9-ның ресми нұсқасы Galaxy Z Fold8 Ultra, Galaxy Z Fold8 және Galaxy Z Flip8 құрылғыларында қолжетімді. Жаңарту біртіндеп басқа Galaxy құрылғыларына таралады деп күтілуде.
2 “Автоорталандыру” функциясын пайдалану үшін Samsung Account тіркелгісіне кіру қажет. Функцияның қолжетімділігі нақты видеоға байланысты болуы мүмкін. Бақылау объектісі болмаған кезде қолдау көрсетілмейді. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
3 «Менің күнім» (Now Brief) функциясын пайдалану үшін Samsung тіркелгісіне кіру қажет. Қолжетімді функциялар мен мүмкіндіктер елге, аймаққа, тілге, құрылғы моделіне және қолданбаға байланысты болуы мүмкін. Кейбір функциялар желіге қосылуды талап етуі мүмкін. Берілген жекелендірілген жиынтық контент пайдаланушы келісім берген жеке ақпаратқа ғана негізделеді. Жасалған нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
4 Кепілдік пен қызмет көрсету мәзіріндегі қолжетімді функциялар елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Кепілдік ақпараты Samsung Account тіркелгісіне байланыстырылған құрылғылар үшін қолжетімді. Ask Bixby функциялары мен қолдау көрсетілетін контент елге немесе тілге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Жөндеу құнын алдын ала бағалаудың қолжетімділігі құрылғы моделі мен аймаққа байланысты болуы мүмкін. Samsung Care+ қызметінің қолжетімділігі, қамтылуы, құны және қызмет көрсету шарттары ел мен аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін; франшиза (қызмет көрсету ақысы) алынуы мүмкін.
5 Жасанды интеллект кеңестерін пайдалану үшін Samsung аккаунтына кіру қажет. Қолжетімді функциялар мен мүмкіндіктер елге, аймаққа және тілге байланысты болуы мүмкін. Мәтіндік ұсыныстар Samsung Messages, Google Messages және Google Chat сияқты кейбір үшінші тарап мессенджерлерінде қолжетімді. Бөлінген экран режиміндегі қолданбалардың қолдауы әртүрлі болуы мүмкін. Фотосуреттерді бөлісу ЖИ кеңестерінде қолжетімді визуалды контентті талдау негізінде жұмыс істейді. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
6 «Аудармашы» қолданбасын пайдалану үшін Samsung Account тіркелгісіне кіру қажет. Кейбір тілдер үшін тіл пакетін жүктеу талап етілуі мүмкін. Қызметтің қолжетімділігі тілге байланысты болуы мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Қолжетімділік пен қолдау көрсетілетін функциялар елге, аймаққа немесе операторға байланысты болуы мүмкін. Қолдауы бар тілдердің қолжетімділігі әртүрлі болуы мүмкін.
7 ЖИ-ге негізделген құпиялылық ескертулері Galaxy S26, S26 Ultra, S25, S25 FE, S24, S24 FE, S23, S23 FE, Galaxy Z Fold8 Ultra, Fold8, Flip8, Fold7, Flip7, Fold6, Flip6, Fold5, Flip5 смартфондарында, сондай-ақ Tab S11 Ultra, Tab S11, Tab S10 Ultra, Tab S10 Plus, Tab S9 Ultra, Tab S9 Plus және Tab S9 планшеттерінде қолдау табады. Құпиялылық ескертулері барлық маңызды факторларды ескермеуі мүмкін.
8 Қолжетімділік елге, аймаққа, тілге, құрылғы моделіне немесе ОЖ/One UI нұсқасына байланысты болуы мүмкін.
9 “Алаяқтықты анықтау” (Scam Detection) функциясы Жапония, Канада және Үндістанда қолжетімді болады.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.