Samsung компаниясы Орта Азия экологтарын өзінің қоқыстарды жинау тәжірибесімен шабыттандырды

14.02.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы 8-9 ақпанда Бішкек қаласында өткен электронды қалдықтар бойынша Орта Азиялық форумға қатысты.

 

Іс-шара қоршаған ортаны қорғау және статистика бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан бизнес-қауымдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинады. Тізімнің қатарына келесі қатысушылар, мысалы, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қауымының өкілдері (GIZ) кірді.

 

Форум электронды қалдықтарды басқару проблемаларына және оның болашағына арналған бірнеше сессиядан құралды. Орта Азияның алдында саналы тұтынуға ұмтылу деген мақсат бар, себебі аймақ тұрғындарының көп бөлігі ескі электронды құрылғыларды және оның бөлшектерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтыруға болмайтындығы туралы және бұл қандай қайғылы салдарға алып келетіндігі туралы білмейді. Соңғы уақытта Орта Азия елдерінің үкіметтері электронды қалдықтарды басқарудың жүйесін дамытуға бағытталған әр түрлі талпыныстарды жасады. Осы бағытта шамалы жағымды әсерлердің орын алғаны көрінсе де, заңнаманы орындауға, инфрақұрылымды дамытуға, өндірушілердің/импортерлердің кеңейтілген жауапкершілігін және т.б. енгізуге байланысты әлі де көптеген проблемалар бар.

 

Сессиялар барысында форумның қатысушылары электроника саласындағы циркулярлық экономиканың принциптерін және инновациялық тәсілдерді қарастырды. Сондай-ақ аймақтағы өндірушілер, импортерлер және қайта өндірушілер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін үлкен назарға алды.

 

 

Samsung Electronics компаниясы халықты саналы тұтынуға үйрету бөлімінде қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Сөз Samsung Recycling School экологиялық жобасы туралы болды, бұл жоба Алматы қаласында өзін тамаша көрсетті. Компания Алматы қаласының оқу орындарының студенттерін және қызметкерлерін ескі техниканы жинауға шабыттандырды. Электронды қоқыстың ең көп мөлшерін тапсырған жандар бағалы сыйлықтарды алды.

 

Бұл экологиялық бастама Samsung компаниясы іске қосқан Eco-Box бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жоба Алматы қаласының ірі ЖОО-дарын – KIMEP University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Satbayev University, AUES University, Narxoz University, SDU және IITU қамтиды. Осы оқу орындарының ғимараттарында кез келген брендтердің ескі құрылғыларын қалдыруға болатын арнайы бокстар орналастырылды. Samsung компаниясы өз кезегінде лақтырылған техниканы Қазақстан заңнамасына сәйкес өңдеп, кәдеге жаратады. Сонымен қатар, Samsung компаниясы экобокстарды Астана, Алматы және Шымкент қалаларының авторизацияланған сервистік орталықтарында орнатты. Барлық пунктер осы күнге дейін электронды қалдықтарды қабылдайды.

 

«Samsung әлеуметтік корпоративті жауапкершілікке, жеке алғанда, экология саласына күннен-күнге көбірек көңіл бөліп отыр. Бұл неге маңызды? Себебі біз елімізді жақсы көреміз және Қазақстан болашақ ұрпақтар үшін қауіпсіз жер болсын деп тілейміз, – дейді Samsung Electronics Central Eurasia сервистік департаментінің қызметкері Әділ Каирлин – Біз өз тәжірибемізбен басқалармен бөлісуге дайынбыз. Себебі электронды қалдықтарды кәдеге жарату, бөлек алғанда, біздің елдеріміздің экологиясына келтірілетін зиянды едәуір төмендету жолындағы біздің ең бірінші дәрежелі міндетіміз».

 

Samsung Electronics компаниясының экологиялық жобасы Орта Азия елдерінің тұрғындарында экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың тағы бір құралы ретінде форумның қатысушыларын қызықтырды. Экобокстарды пайдаланумен осындай жаңа байқаулар Қазақстанда ағымдағы оқу жылының соңына жоспарланған. Samsung Electronics компаниясы қатысушылардың тізімін кеңейтуге және белсенді саналы азаматтарды одан әрі ынталандыруға ниет білдіреді.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары