Samsung Netflix компаниясымен ынтымақтастықта «Кальмар ойнының» әлемін жандандырады

22.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы Netflix компаниясының «Кальмар ойны: сынақтар» (Squid Game: The Trials) атты терең ену жобасының ресми серіктесі болды. Samsung компаниясының алдыңғы қатарлы технологиялары арқасында қатысушылар ең жаңа Samsung Smart TV теледидарлары мен Galaxy смартфондарын қолдана отырып, ойын үрдісінің ең қызықты да, интерактивті формасын өз бетімен сынай алады.

 

Netflix «Кальмар ойны» мегахит сериалының және «Кальмар ойны: өзін сынау» реалити-шоуының жанкүйерлері енді басқалардан бөлек тұратын бірегей іс-шараға жазыла алады, бұл оларды ұмытылмас декорациялардан өтуге және сериалдың мотивтері бойынша жасалған ойындарға қатысып, жарысуға мүмкіндік береді.  «Кальмар ойны: сынақтар» жаңа жобасы қазіргі уақытта Лос-Анжелес қаласындағы келушілер үшін ашық және жаңа жылға дейін жұмыс жасайды, кейін бұл шараны әлемнің әр түрлі қалаларында да іске асыру жоспарланып отыр.

 

 

«Біз Netflix компаниясымен ынтымақтастықта біздің алдыңғы қатарлы ойын-сауық технологияларымызды ұсынуға өте қуаныштымыз, – дейді Samsung Electronics атқарушы вице-президенті және визуалды дисплейлер бөлімшесінің сату мен маркетинг бөлімінің бастығы Чолги Ким (Cheolgi Kim). – Neo QLED 8K бейнесінің таңқаларлық сапасының арқасында жанкүйерлер мен қатысушылар тамсандыратын сериал желісіне терең үңіліп, шарадан ұмытылмас естеліктер ала алады».

 

«Кальмар ойны: сынақтар» кейбір ойындарда тереңге сүңгудің барынша үлкен әсерін алу үшін Galaxy ұялы құрылғыларының және Samsung компаниясының алдыңғы қатарлы теледидарларының артықшылықтарын пайдаланады. Қатысушылар ойындардың жылдам қарқынын және жан еліктірерлік сипатын күшейту үшін белгілі бір жолмен орналастырылған Samsung Neo QLED 8K, 4K және The Frame флагман теледидарларымен қоршалған тәжірибелік аймақтар бойынша өтетін болады.

 

 

Кіре берісте қонақтарды Samsung Neo QLED 8K флагмандық дисплейі күтіп тұрады, ол «Кальмар ойыны: өзін сынау» трейлерін көрсетіп тұрады. 8К нейро-кванттық процессорының арқасында Neo QLED нақты уақыт режімінде жан еліктірерлік 8K шешіміне ыңғайланған контентті көрсетеді, бұл қатысушыларға жарқын жан-жақты бейнеленген «Кальмар ойны» әлеміне бірден кірісіп кетуге мүмкіндік береді.

 

Келушілер сондай-ақ Galaxy Z Flip5 және Galaxy S23 Ultra құрылғыларынан жарқын әсерлер алып, Samsung компаниясының ең жаңа ұялы инновацияларынан ләззат ала алады. Samsung компаниясы «Кальмар ойнының» ең аты шулы көріністерін өзінің ең үздік заманауи технологияларының басты ерекшеліктерімен біріктіріп, олармен танысуға мүмкіндік береді.

 

 

«Samsung және Netflix компанияларының бұрыннан келе жатқан қарым-қатынастарының негізінде ортақ мақсат жатыр, ол – өмірге құштарлықты оятып, адамдарға жаңа әлемдерді ашуға көмектесу» – дейді Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience Business  департаментінің маркетинг бөлімінің бастығы және атқарушы вице-президент Стефани Чой (Stephanie Choi). Ол сондай-ақ: «Біздің ашық және біріккен қарым-қатынастарымыз арқасында біз жаңа әсерлер алуға портал аша аламыз» – деді.

 

«Кальмар ойнының» – Red Light, Green Light атты ең танымал бөлігінде Galaxy S23 Ultra смартфоны ойын үрдісінің ең басты сәттерін Hyperlapse бейнесінің және жоғары сапалы фотосуреттердің көмегімен түсіретін болады.

 

 

S Pen стилусы өзінің дәлдігі арқасында Digital Dalgona Challenge жарысының ең маңызды компоненті ретінде қызмет етеді, ол корей конфеттерін кесіп алу тапсырмасында өзінің сезімталдығымен ойыншыларға әсерлі жарысқа толықтай сіңіп кетуге көмектеседі. Келушілер Galaxy S23 Ultra иммерсивті кең экранында ойнай алады және өздерін бес түрлі қиындық деңгейдегі ойында сынай алады. Ойыншылар сондай-ақ көшбасшылар кестесінде бәсекелестер арасында өздерінің позицияларын біле алады. Сонымен қатар, ойын аяқталған соң фотосуреттермен бөлісу үшін S Pen көмегімен ойын оқиғалары орын алған жерлерде фотосуреттер түсіре алады.

 

Quick Share функциясы немесе электронды пошта арқылы фотосуреттермен бөлісуге болады. Сонымен қатар, FlexCam Selfie Kiosk киоскісі де жұмыс жасайтын болады, онда Galaxy Z Flip5 орналастырылған FlexCam камерасы келушілерге қолдардын пайдаланбай әр түрлі ракурстарда фотосуреттер жасауға және оларды фотожиекке рәсімдеу үшін жүктеуге мүмкіндік береді.

 

Ойындардан соң қатысушылар VIP-залға бара алады, сонда The Frame 85-дюймдік экранында тапсырмалардың орындалу барысын тамашалауға болады. Ең жаңа Matte Display технологиясымен жабдықталған Lifestyle TV теледидары тамашалаудың премиум шарттарын қамтамасыз етеді, онда қатысушылар өздерін сериалдағы фронтменнің бөлмесінде болғанындай сезіне алады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары