Samsung QLED-теледидарлары TÜV Rheinland-тан ‘Real Quantum Dot Display’ сертификатын алды

08.05.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung QLED-теледидарлары кванттық нүктелер технологияларымен экрандарды шығару бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестік үшін сертификатталған. Сертификаттау Samsung-тың инновацияларға және дисплейлердің жоғары сапасына шынайы берілгендігін айқындайды.

TÜV Rheinland

 

Samsung Electronics Co., Ltd., оның QLED-теледидарларының жаңа топтамасы Германияда орналасқан TÜV Rheinland халықаралық сертификаттайтын ұйымнан ‘Real Quantum Dot Display’ сертификатын алғандығы туралы жариялады. Сертификат Samsung-тың QLED-теледидарлары кванттық нүктелермен дисплейлер құрылыман қатысты ғаламдық стандарттарға сәйкес келетіндігін растайды, бұл компанияның  премиум-теледидарлар нарығындағы технологиялық көшбасшылығын нығайтады.

 

Сертификат сондай-ақ, Samsung-тың QLED-теледидарлары QLED стандартты дисплейлерінің көк түс нүктелерімен үйлесімділікте кванттық нүкте (QD) жарығын қайта түрлендіруді қолдануды анықтайтын Халықаралық электротехникалық комиссияның (ХЭК) 62595-1-6 cтандартына сәйкес келетіндігін растайды.

 

Сертификаттау процесінің бір бөлігі ретінде TÜV Rheinland Samsung QLED теледидарлары өндіретін жарық спектрін саралады да, ол қызыл, жасыл және көк арасындағы нақты айырмашылықты көрсететінін растады – бұл түс нақтылығының маңызды маркері. Мұндай бөліну кванттық нүктелермен қамтамасыз етіледі. Өз кезегінде, ол ұқсас материалдарды қолданатын дисплейлерде дәл осылай анық көрінбеуі мүмкін. Бұл бөлу кванттық нүктелер арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде, ол баламалы материалдарды пайдаланатын дисплейлерде соншалықты айқын болмауы мүмкін, бұл кейде түстердің араласуына немесе мөлдірліктің төмендеуіне әкеледі. Нәтижелер Samsung-тың кванттық нүктелерді пайдалануы жарқын және дәл түсті шығаруға қалай ықпал ететінін көрсетеді.

 

Жаңа сертификаттау арқылы Samsung QLED-теледидарлары шынайы кванттық нүктелік дисплейлер ретінде ресми түрде мақұлданды, бұл Samsung компаниясының бірегей өнімдерін одан әрі айқындап көрсетеді және тұтынушылардың жоғары сапалы теледидар технологиясына сенімін нығайтады.

 

«Бұл сертификат Samsung QLED теледидарлары халықаралық стандарттарға сай жасалған шынайы кванттық нүкте өнімділігін қамтамасыз ететінін объективті түрде растайды», – деді Samsung Electronics Visual Display Business атқарушы вице-президенті Тэёнг Сон. «Біз премиум-теледидар нарығында жетекшілік ету арқылы инновацияларды қолдауды және тұтынушылардың сенімін арттыруды жалғастыратын боламыз».

 

Сертификаттауға ие болған топтамаларға Neo QLED 8K (QN990F, QN950F), Neo QLED 4K (QN90F, QN85F, QN80F, QN70F) и QLED 4K (Q8F, Q7F, Q6F) сериясы кіреді.

 

Кванттық нүктелер – бұл адам шашынан ондаған мың есе кіші ультра жұқа наноматериалдар, жарықтың толқын ұзындығына байланысты дәл және жарқын түстерді шығару қабілетімен танымал. Кванттық нүктелерді дисплейлерге біріктіру әдісі премиум-ТД сегментіндегі технологиялық прогресті бағалаудың негізгі көрсеткішіне айналды.

 

Сонымен қатар, Samsung-тың кванттық нүктелік технологиясын Societe Generale de Surveillance (SGS) жаһандық сынақ ұйымы да кадмийсіз өндірістегі тамашалығы үшін мойындады. Бұл адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін улы ауыр метал – кадмийді пайдалануды болдырмайтын экологиялық саналы тәсіл.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • Samsung-TVs-and-Displays-QLED-TVs-Samsung-Quantum-Dots-Technology-Certification-From-TÜV-Rheinland_dl2.jpg

  • Samsung-TVs-and-Displays-QLED-TVs-Samsung-Quantum-Dots-Technology-Certification-From-TÜV-Rheinland_dl1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары