Forbes журналының пікірі бойынша Samsung компаниясы төрт жыл қатарынан «Әлемнің үздік жұмыс берушілері» рейтингісінде көш бастап келеді
Samsung Electronics компаниясы Forbes журналының пікірі бойынша кезекті рет әлемнің ең үздік жұмыс берушісі деп атанды. Бұл атақ Samsung компаниясына төртінші жыл қатарынан беріліп отыр, ол компанияның өз қызметкерлеріне олардың әлеуеті толық ашылғанша қолдау көрсетуге және мүмкіндіктерді кеңейтуге деген талпынысын көрсетеді.
Statista деректерінің көмегімен Forbes әр түрлі 50 мемлекеттің 170 мыңнан астам қызметкерлерін сауалнамадан өткізді, бұл елдердің қатарына АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Корея және басқа да елдер кірді. Сауалнаманың қатысушылары компанияның әлеуметтік жауапкершілігін, оның экономикалық көрсеткіштерін және жұмыс жағдайларын бағалады, олар сондай-ақ бұл компанияны өздерінің туысқандыры мен достарына ұсынатындығы туралы сұраққа жауап берді. Сонымен қатар, қызметкерлерге осы салада жұмыс жасайтын басқа да компанияларды бағалау ұсынылды. Барлық жауаптар ұпайлар ретінде көрсетілді, осы ретте ең көп ұпай жинаған 700 компания қорытынды тізімге енді.
Компаниялардың өздері зерттеуге қатысқандығы үшін ақы төлемейді, оларға зерттеу барысына және сауалнама нәтижелеріне араласуға тыйым салынады, осы ретте қатысушыларға толық анонимділік қамтамасыз етіледі.
Samsung компаниясының Forbes рейтингісіндегі бұлжымас табысы оның қызметкерлерінің компанияға деген жоғары дәрежедегі қанағаттылығына және мақтанышына, сондай-ақ компанияның саладағы жағымды абырой-беліне негізделген. Forbes журналы өз мақаласында жетекші компаниялар, соның ішінде Samsung, қызметкерлердің өсу мүмкіндіктеріне, ғаламдық ынтымақтастыққа, қашықтан жұмыс жасауға және қызметкерлерге маңызы зор жұмысты ұсынуға көңіл бөлетіндігі туралы атап кетті.
Samsung Electronics компаниясы барлық деңгейдегі қызметкерлеріне өз жұмыстарынан барынша үлкен жауапты алу мүмкіндігін беретін қолайлы да, қауіпсіз ортаны құру үшін өзінің корпоративті мәдениетін одан әрі жетілдіруді жалғастырып жатыр. Компания сондай-ақ қызметкерлеріне жұмыспен байланысты болмайтын қолайлы қызметтерді де ұсынады, олардың ішіне өз мейрамханалары, клиникалар, фитнес-орталықтар, психикалық денсаулық жөніндегі консультациялар және тағы басқа нысандар кіреді.
Сонымен қатар, Samsung компаниясы Creative Lab және Employee Resource Group (ERG) атты өзінің венчурлық бағдарламасын ұсынады, ол көп бейінділік пен инклюзивтілік саласында ортақ мүдделері бар еріктілерден – басшылар мен қызметкерлерден құралған топ ретінде қызмет жасайды. Қызметкерлер сондай-ақ жергілікті қоғамның дамуына септігін тигізетін Solve for Tomorrow және Samsung Innovation Campus сияқты көптеген қайырымдылық бағдарламаларына қатысады.
Samsung компаниясы инновациялар мен ынтымақтастықты дамыту үшін сондай-ақ Mosaic атты идеялармен алмасудың ішкі платформасын; Samsung Talent Exchange Program (STEP) – дарындармен өзара алмасудың жаһандық бағдарламасын, және қызметкерлерді жаһандық көшбасшыларға айналдыруға бағытталған жұмыс пен көшбасшылыққа кешенді оқытуды қамтамасыз етеін Samsung Electronics (UniverSE) Университетін енгізіп, оған қолдау көрсетеді. Осы бастамалардың әр біреуі Samsung компаниясында жұмыс жасауды таңдаған дарынды қызметкерлердің дамуын, жұмысқа деген ынтасын, қанағаттылық сезімін арттыруға көмектеседі.
Forbes мақаласы: Meet The World’s Best Employers 2023
Forbes рейтинг тізімдері: World’s Best Employers
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Марапаттар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.