Тұтынушылық технологиялар қауымдастығы Samsung компаниясының болашақтың инновацияларын әзірлеудегі жетістіктерін атап өтті

21.11.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

CES® 2024 Innovation Awards премиясы өз санатындағы жетекші технологияларды пайдаланатын Samsung өнімдерін атап өтті

 

Технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Samsung Electronics компаниясы оның ең жаңа әзірлемелері әр түрлі санаттарда CES® 2024 Innovation Award көптеген марапаттарын алғандығы туралы жариялады.

 

Samsung компаниясы болашаққа жаңа көзқарас ұсынатын өнімдер мен қызметтерді әзірлеудегі талпынысы үшін кезекті рет Тұтынушылық технологиялар қауымдастығынан (Consumer Technology Association (CTA)®) марапаттар алды. Бұл технологиялар сондай-ақ болашақ жағымды өзгерістердің белгісі болып табылады, себебі компания әлемнің одан да тиімді және экологиялық тұрақты көзқарасын жүзеге асыруға және ағымдағы жылы одан да көп таң қалдырарлық инновацияларды ұсынуға ұмтылады.

 

Биыл CTA® қауымдастығы Samsung компаниясының әр түрлі санаттағы өнімдерін атап өтті, олардың ішіне ұялы құрылғылар, теледидарлар, аудиоқұрылғылар, проекторлар, мониторлар және тұрмыстық техника кірді. Бұл Samsung компаниясының мүмкіндіктерді кеңейтетіндігін және пайдаланушыларға бүктемелі смартфондар саласындағы жаңашыл әзірлемелерден бастап одан да тиімді экологиялық өмір салтын ұстануға көмектесетін инновацияларға дейін техниканы пайдаланудан бұрыңғыдан да ыңғайлы дербес тәжірибесін ұсынатындығын растайды.

CES® 2024 әлемдегі ең ірі және маңызды технологиялық көрмесі 9 қаңтардан 12 қаңтарды қоса алған мерзімде Лас-Вегас қаласында өтеді.

 

Келесі өнімдер Innovation Award сыйлығының лауреаттары атанды:

 

«Кескіндерді сандық өңдеу/Фототүсірілім» және «Ұялы құрылғылар, аксессуарлар мен қосымшалар» санаттарында Galaxy Z Fold5 смартфоны. Samsung Galaxy Z Fold5 смартфоны жаңа буын Flex шарниры бар ең жұқа бүктемелі корпуста орналасқан жақсартылған өнімділікті және кәсіби камерасының бұлжымас сапасын мақтан ете алады.

 

Galaxy Z Fold5 бүктелген және ашылған түрде жұмыс пен ойындарға арналған өзгеріссіз серікке айналады. Оңтайландырылған мультитерезе режімінің көмегімен презентациялар, жазбалар және күнтізбе арасында оңай өте беруге немесе жақсартылған міндеттер панелін қолдана отырып, өз үстеліңізді ЖК сияқты ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар, Flex режімінің арқасында қолыңызды пайдаланбай, креативті ракурста фотосуреттерді түсіруге болады.

 

«Фитнес және спорт» санатында Galaxy Watch6 тағылмалы құрылғылардың сериясы. Жаңа Galaxy Watch6 және Galaxy Watch6 Classic сағаттары – бұл өзіңізді жақсы сезінуіңізге арналған дербестенген кеңестер, ойластырылған дизайн және бұрыңғыдан да саналы және салауатты өмір салтын ұстануға арналған кеңейтілген технологиялық мүмкіндіктер. Осылардың барлығы – сіздің білегіңізде.

 

Galaxy Watch6 тағылмалы құрылғылары денсаулықтың физикалық күйін және спорттық белсенділікті қадағалаудың алдыңғы қатарлы аспаптарының күнделікті таралуына көмектеседі. Олар жоғары өнімділікке ие және салауатты өмір салтын ұстану үшін кешенді шешімдерді ұсынады, соның ішінде ұйқы мен фитнес-жаттығуларын бақылаудан бастап тамақтану жоспарын таңдауға дейінгі іс-әрекеттер кіреді. Samsung компаниясының философиясының бір бөлігі – пайдаланушыларға өздерінің жалпы денсаулық жағдайлары, сондай-ақ физикалық дайындық деңгейлері туралы білудің жаңа тәсілдерін ұсыну және қажетті шараларды қабылдауға үгіттеу.

 

«Құлаққаптар мен аудиоқұрылғылар» санатында Galaxy Buds FE құлаққаптары. Samsung Galaxy FE сериясын әзірлеген кезде пайдаланушылардың пікірлері назарға алынды, бұл құрылғылардың өнімділігін арттыруға, тиімді бағамен тамаша функцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Galaxy Buds FE көмегімен музыканы тыңдаған кезде құлаққаптар мықты бастары бар тамаша дыбысты қамтамасыз етеді, оларда сондай-ақ жетілдірілген белсенді шуды басу (ANC) және телефон қоңыраулары кезінде одан да нақты естілу қызметтері бар. Эргономикалық дизайны, салымдардың әр түрлі мөлшерлері және Galaxy Buds FE қосымша тіркеулері арқасында олар құлаққа ыңғайлы да, сенімді отырады. Олар күнделікті пайдалану үшін жасалған, Samsung құрылғыларына, соның ішінде смартфондарға, планшеттерге, ЖК және тіпті теледидарларға жеңіл қосылады, және тамаша бағамен қол жетімді.

 

Samsung Health қосымшасы «Ұялы құрылғылар, аксессуарлар мен қосымшалар» санатында атап өтілді. Samsung компаниясы пайдаланушыларға өмір сапасын жақсарту үшін инновациялық аспаптарды ұсынуға ұмтылады. Galaxy Watch құрылғысымен бірлестікте Samsung Health қосымшасы денсаулықтың физикалық жағдайы мен оны жақсарту тәсілдері туралы ақпаратты жинауға арналған ең жаңа функцияларды пайдалануға көмектеседі.

 

Samsung Health қосымшасы салауатты өмір салтын ұстану үшін бұрыңғыдан да дербес және интуитивті түсінікті жолды қамтамасыз етеді. Оған нақты уақыт режімінде жүгіруді талдау, үнемі қосылып тұрған қауіпсіздік функциялары және ұйқының сапасын жақсарту бойынша жеке жаттығулар кіреді. Samsung Health қосымшасы денсаулық көрсеткіштері туралы толық ақпаратты ұсынады, салауатты өмір салтын ұстануда орындауды қажет ететін шараларға және оған жету жолында кез келген мақсаттарға жетуге көмектеседі.

 

Samsung Food. ЖИ санатында жақында кейбір елдерде шығарылған Samsung Food сервисі атап өтілді. Ол Samsung компаниясының қосымшаларын, ақылды құрылғыларын және тұрмыстық техникасын пайдаланушылар үшін одан да пайдалы ету үшін жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдаланады. Food AI инновациялық технологиясының негізіндегі сервис Samsung SmartThings Cooking және Samsung Family Hub+ функцияларын қолдайтын тоңазытқыштармен бірге жұмыс жасайды. Негізгі ерекшеліктеріне пайдаланушының жеке тамақтану жоспарына және белсенділік деңгейіне негізделген дербестендірілген рецепттер, сондай-ақ басқа адамдармен рецепттермен, кеңестермен бөлісуге мүмкіндік беретін әр түрлі аспаздық қоғамдарға қол жетімділік кіреді.

 

SmartThings Energy. SmartThings Energy сервисі «Ақылды үй» санатында атап өтілді, ол пайдаланушыға тек өзінің көмірсутегі ізін қадағалауға ғана мүмкіндік бермей, сондай-ақ электр қуатына жұмсалатын ай сайынғы шығыстарды төмендетуге көмектеседі. AI Energy режімі қосымшаға қосылған құрылғылардың электр қуатын тұтынудың деңгейін қадағалайды және электр қуатын тұтынуды азайту үшін олардың қызметтерін автоматты түрде оңтайландырады. Ал жаңа Carbon Intensity Awareness функциясы өндірілген электр қуатының мөлшері және көміртегі сыйымдылығы туралы ақпаратты ұсынады. SmartThings Energy сондай-ақ электр қуатын жоғары деңгейде тұтыну кезеңінде ақшаны үнемдеу үшін электр қуатына сұранысты басқару бағдарламасына қосылып, құрылғыларды автоматты түрде реттей алады.

 

Less Microfiber™ сүзгісі. Less Microfiber™ сүзгісі «Тұрақты даму» санатында атап өтілді, бұл – кір жуу циклдері кезінде пластик микро талшықтарын азайтуға мүмкіндік беретін кір жуғыш машинаға арналған сыртқы сүзгі. Сүзгісі бар кір жуғыш машинаны аптасына төрт рет іске қосу жылына көлемі 500 мл сегіз пластик бөтелкелеріне сәйкес келетін микро талшықтардың санын қысқартуға көмектеседі. 1 Ендірілген Wi-Fi арқасында пайдаланушылар SmartThings қосымшасында сүзгінің жағдайын тексеріп, тіпті оны тазалау немесе ауыстыру қажеттілігі туралы хабарламаларды алуға болады.

 

Exynos Connect U100 чипі «Ендірілген технологиялар» санатында атап өтілді. Samsung компаниясы өндіріп шығарған Exynos Connect U100 ұялы құрылғыларға, автокөлік құрылғыларына, сондай-ақ Ғаламтор заттары құрылғыларына арналған шағын арақашықтыққа жоғары жиілікті импульстерді берудің өте кең желілік (UWB) технологиясы.

 

Exynos Connect U100 чипі сигналдың жету уақытын (ToA) және үш өлшемді беру бұрышын (AoA) өлшеудің арқасында кемшілігі кемінде бес градусты құрайтын сантиметрге дейінгі дәлдікті иеленеді. Бұл оны бөлмелердің ішінде орналасқан заттарды қадағалауда, сондай-ақ нақты уақыт режімінде қозғалып, орын алмастыратын адамдарды дәл бақылауды талап ететін AR және VR қосымшаларында пайдалану үшін ерекше тиімді етеді.

 

1 WW90T734DWH моделінде Ocean Wise Plastics Lab зертханасында Less Microfiber™ сүлгісін орнатумен және орнатусыз шығарылатын микро талшықтардың саны салыстырылып тестілеуден өткізілді («Синтетика» кір жуғыш бағдарламасын пайдаланумен, барабанға шамамен 2 кг жететін синтетикалық маталардан жасалған киімдерді жүктеу кезінде). Саны 50 мкм сүзгі арқылы суды өткізу жолымен есептелді. 0,627 г тең болатын микро талшықтардың саны және бір кір жуу циклі кезінде азаятын микро талшықтардың саны 5 кг киімді жүктеу кезінде шығарылды (0,125 г/кг х 5 кг). Микро талшықтарды шығаруды төмендетудің жылдық нормасы (132 г) 210 жуу циклін (аптасына 4 рет, 52 апта) әрбір цикл сайын барабанға 5 кг киімді жүктеу кезінде іске қосу нәтижелері негізінде есептелді. Бөтелкенің салмағы 500ml (15,4 г) Кореяның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің пластик бөтелкелеріне қатысты ұсынымына негізделген.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Марапаттар

Жүктеу

  • CES-Innovation-Award-2024_dl1.jpg

  • CES-Innovation-Award-2024_dl2.jpg

  • CES-Innovation-Award-2024_dl3-1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары