Samsung компаниясы Samsung.com сайтында Game Portal интернет-дүкенін іске қосады
Samsung Game Portal – бұл ойындарға арналған әмбебап интернет-дүкен. Ол әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейтін болады
Samsung Electronics компаниясы Samsung.com сайтында ойындарды ойнауға арналған Samsung Game Portal1 интернет-дүкенін іске қосқаны туралы жариялады. Ол маусым айының соңында әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания және Бразилияда қолжетімді болады.
Game Portal – бұл ойыншыларға арналған әмбебап интернет-дүкен, ол ойындарға арналған смартфондарды, теледидарларды, мониторларды және SSD дискілерін таңдауды және сатып алуды ыңғайлы етеді. Сонымен қатар Game Portal пайдаланушыларға әр түрлі ойын түрлерін ұсынады.
2021 жылы Accenture консалтингт фирмасы геймерлердің жартысы ойын ойнау үшін құрылғының бірнеше түрін пайдаланатынын көрсететін зерттеуді жариялады. Одан бөлек, пайдаланушылар аптасына орта есеппен 16 сағат ойын ойнауға, сондай-ақ сегіз сағат тақырыптық бейнелерді көруге және тағы алты сағат ойын қауымдастықтарында сөйлесуге жұмсайды.
Ойыншылардың өзекті сауалдарын ескере отырып, Samsung компаниясы келесідей әр түрлі мазмұнды: ойындар туралы ақпаратты, жергілікті және халықаралық сарапшылардың шолуларын, жаңалықтар мен арнайы ұсыныстар туралы хабарландыруларды ұсынатын Game Portal ойын порталын әзірледі.
«Ойындар тек ойын-сауық емес, бұл әсіресе миллениалдар мен жаңа ұрпақ өкілдеріне қатысты, себебі олар үшін ойындар өмірдің маңызды бөлігіне айналды, – деді Samsung Electronics компаниясының D2C орталығының атқарушы вице-президенті Эвелин Ким (Evelyn Kim). – Біз сатып алудан бастап ойынға қатысты өнімдерді пайдалануға дейінгі әрбір кезеңде ең үздік тәжірибені қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз сондай-ақ оларды сатып алу барысын жағымды, әрі жеңіл ететін ортаны құруды көздеп отырмыз».
Game Portal интернет-дүкенінде қол жетімді танымал өнімдердің ішінде ойындарды ойнауға оңтайландырылған Galaxy S23 Ultra смартфоны бар, ол жоғары өнімді Snapdragon® 8 Gen 2 Galaxy процессорымен және 5000 мАс батареясымен жабдықталған; одан бөлек 144 Гц қолдауы бар Neo QLED теледидары; және ең әсерлі ойын тәжірибесі үшін иілген 49 дюймді OLED дисплейі бар Odyssey OLED G9 ойын мониторы ұсынылған. Сондай-ақ интернет-дүкенде 7 450 және 6 900 МБ/с дейінгі жүйелі оқу және жазу жылдамдығы бар 990 PRO SSD-сақтау құрылғысы қол жетімді болады. Ол DirectStorage технологиясын қолдау арқылы PlayStation және компьютерден ойындарды жылдам жүктеп алуға мүмкіндік береді.
Ойын индустриясы – дамып келе жатқан санаулы салалардың бірі. Осы үрдісті ескере отырып, Samsung ойынға қатысты өнімдері мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы өзінің салалық көшбасшылығын нығайтуға ұмтылады. Samsung Game Portal ойын порталының іске қосылуы – одан әрі дамуға жол ашатын бұл бағыттағы шешуші қадам.
Толығырақ ақпарат алу үшін келесі веб-сайтқа кіріңіз: https://www.samsung.com/uk/game-portal/
1 Samsung ойын порталы
Компанияның жаңалықтары > Әлемде
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.