Samsung Silk Road Electronics-пен бірлесіп Қазақстанда теледидар өндірісін іске қосады
Samsung Electronics және қазақстандық Silk Road Electronics компаниясы премиум модельдерді қоса алғанда, Samsung теледидарларының өзекті топтамасын шығаруды көздейтін келісімге қол қойды. Ынтымақтастық Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде жоғары технологиялық өнімдерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Жаңа өндірістік желі Қарағанды облысының Сарань қаласындағы Silk Road Electronics кәсіпорнының базасында орналастырылатын болады.
«Samsung Electronics тұтынушылық электроника саласындағы мойындалған әлемдік көшбасшы ретінде озық технологияларды енгізіп қана қоймайды және бірегей пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етеді, сонымен қатар өз пайдаланушыларына жақын болуға ұмтылады», – деп атап өтті Samsung Electronics Орталық Еуразия президенті Джонг Юджин (Chung Eugene). – Қазақстандағы өндіріс біздің компаниямыз үшін маңызды қадам болып, жергілікті нарықта өнімдеріміздің қолжетімділігін арттырады».
Өндірісті жергіліктендіру Қазақстандағы өндірістік инфрақұрылымды нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді.
«Бұл ынтымақтастық біздің кәсіпорын үшін және тұтастай алғанда Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Silk Road Electronics зауытының директоры Александр Критский. – Samsung Electronics-пен бірлесіп біз қазақстандық тұтынушылар үшін қолжетімді бағамен әлемдік деңгейдегі өнімдерді шығаратын боламыз».
Өндірістік желіні іске қосу 2025 жылғы екінші тоқсанға жоспарланған. Қазақстандық Samsung компаниясының алғашқы теледидарлары аталған жылдың екінші жартыжылдығында сатылымға шығады.
Silk Road Electronics – жоғары сапалы тұрмыстық техниканы өндіруге, сатуға және қызмет көрсетуге маманданған заманауи қазақстандық кәсіпорын.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.