Samsung теледидарлары: сатып алушылар жалған өнімнен қалай аулақ бола алады?
Қазақстанның базарларында жасанды тауарлар үйреншікті жағдайға айналды. Көбінесе сатып алушылар қайсысы жалған, қайсысы түпнұсқа екенін ажырата алмайды. Егер ұсақ тауарлардың төмен сапасына төзе алсаңыз, онда жалған ірі өнімдерді сатып алу сіздің көңіл-күйіңізді айтарлықтай бұзып, ақшадан айыруы мүмкін. Оның үстіне, бұл сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін және мұндай өнімді сатушыға қайтару оңай емес – кепілдік олар үшін бос соз.
Тұтынушыларды қандай да бір жолмен қорғау үшін Samsung Electronics сапалы теледидарды қалай таңдау керектігін нақты көрсетуді ұйғарды. Алматы қаласы Әділет департаментімен бірлесе отырып, «Ялян» базарында сауда орындарына бірқатар тексерулер ұйымдастырылды.
Логотип
Сатып алу алдында әдетте теледидардың төменгі жағында орналасқан логотипке назар аударыңыз. Түпнұсқадағы «Samsung» жазуы панельде мықтап басылған. Жалған өнімдерде логотип жай ғана жабыстырылады. Сатушылар оны басқа өндірушінің атауына оңай өзгерте алады.
Үлгінің маркировкасы және қосқыштар
Содан кейін теледидардың артқы жағын тексереміз. Мұнда әдетте үлгінін маркировкасы бар тақтайшаларды көруге болады. Бұл сапа мен сенімділіктің белгісі. Бұған қоса, бұл аймақта әртүрлі қосқыштар мен USB порттары бар. Жалған құрылғыларда кейбір кіру және шығу нүктелері мүмкіндігінше нашар жасалады, олар тез жарамсыз болып қалады және сонымен қатар қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Интерфейсі
Теледидардың маңызды элементі – операциялық жүйе. Ол жоғары сапалы кескіндерге, қолданбалардың жылдам жұмысына және қарау кезінде ештеңе қатып қалмауын қамтамасыз етеді. Ресми Samsung теледидарлары тек жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін Tizen жүйесінде жұмыс істейді. Қосулы кезде экранда «Smart TV Powered by TIZEN» жазу пайда болу керек. Бұл да сапаның белгісі. Жалған құрылғыларда әдетте «Android TV», «Smart» немесе басқа жазуларды көруге болады. Егер Samsung Apps жоқ болса, бұл да ескерту белгісі.
Тетік
Түпнұсқа Samsung теледидарларында One Remote Control тетігі бар. Теледидар үлгісіне байланысты қашықтан басқару құралының әртүрлі модификациялары мен сипаттамалары болады. Сондай-ақ, оларда Samsung логотипі бар және алдыңғы немесе артқы мұқабада басылған өздерінің үлгі коды бар. Егер ондайлар байқалмаса, құрал теледидармен жақсы әрекеттеспейді және тез жарамсыз болып қалады.
Қаптамасы
Сондай-ақ, қорапқа назар аудару керек. Түпнұсқа Samsung теледидарларында логотип түссіз экологиялық таза қаптамада басып шығарылады, қосымша жазулар немесе өрнектер жоқ. Фейктерде логотиптер әдетте желімделген. Сондай-ақ жалған қаптамада Samsung-қа ешқандай қатысы жоқ көптеген атаулар бар (IPS, Smart ecran, Q9W, Soundbar TV, Android).
Кепілдік
Базардағы сатушылар, әрине, кепілдік ұсынады. Бірақ егер теледидар бұзылса, саудагердің көмегіне жүгіну пайдасыз. Біріншіден, сапасыз өнімді жөндеуге тырысқаннан гөрі, жою арзанырақ. Екіншіден, біліктілігінің жоқтығынан техникалық күрделі сервистік жұмыстарды жүргізе алмайды. Нәтижесінде ештеңесіз қалу қаупі бар.
Samsung Electronics пен Алматы қалалық Әділет департаментінің бірлескен тексерістеріне келсек, олардың қорытындысы бойынша әкімшілік органдар бір күнде көптеген жалған теледидарларды тәркілеген. ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану», жалған құрылғыларды сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, істер сотқа жолданды. Тәркіленген тауарлар жойылады.
Samsung Electronics тұтынушыларды теледидар сатып алғанда одан да мұқият болуға шақырады. Кез келген кеңес алу үшін компанияның қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.