Samsung компаниясы CES 2024 көрмесінде C-Lab стартаптарының одан да көп санын ұсынады

02.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

C-Lab жобалары CES 2024 Innovation Awards
23 жүлдесін жеңіп алды

2012 жылы бағдарлама құрылған сәттен бастап Samsung компаниясы шамамен 870 стартапқа және жобаға қолдау көрсетті

 

Samsung Electronics компаниясы 9 қаңтардан 12 қаңтарды қоса алған мерзімде CES® 2024 көрмесінде C-Lab бағдарламасының аясында әзірленген жаңа инновациялық жобаларды ұсынады. Стартаптарға арналған Дүние жүзіндегі ең ірі технологиялар көрмесінде Лас-Вегас қаласының Венециялық көрме орталығының Эврика саябағындағы презентациясы кезінде Samsung компаниясы саны жағынан ең көп – 15 стартап пен бастаманы көрсетеді.

 

Биыл CES көрмесінде 1000 астам стартап ұсынылады деп күтіледі, олар бүкіл дүние жүзінен 130 000 келушілерді жинайды, соның ішіне бизнес басшылары, инвесторлар және БАҚ өкілдері кіреді. Samsung компаниясы іс-шарада C-Lab стартаптары әлемдік нарықтың реакциясын бағалайды, жүзеге асу мүмкіндіктерін күшейтеді және инвесторлар табады деп болжайды.

 

«C-Lab бағдарламасының мақсаты – стартаптардың өсіп өнуіне және гүлденуіне арналған платформаны құру» – дейді Samsung Electronics компаниясының Креативтілік пен инновациялар орталығының басшысы және атқарушы вице-президенті ПхильГю Чжон (Pilgyu Jeo). Ол сондай-ақ: «CES — осындай болашағы зор компаниялар мен жобалар үшін керемет оңды орын, себебі мұнда олар ірі технологиялық ойыншыларға әлемдік аренада орнын табуға лайықты екендіктерін көрсете алады» – деп санайды.

 

C-Lab бағдарламасы 2012 жылы іске қосылды, ол құрылған сәттен бастап Samsung компаниясы тұтас алғанда 872 стартап пен жобаны қолдады. Соның ішінде C-Lab Outside бағдарламасы аясында 475 және C-Lab Inside бағдарламасы аясында 397 қолдады. C-Lab бағдарламасының 537 стартабы жалпы алғанда 1 миллиард доллар инвестицияны тартты.

 

CLab Outside бағдарламасы: жасанды интеллект, энергетика мен денсаулық сақтау саласында 10 стартап

 

C-Lab Outside бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында басталды. Оған қатысуға іріктелген стартаптар толық қолдауға ие болды, соның ішіне кеңсе бөлмелері, жеке даму бағдарламалары және инвестициялар кіреді, сондай-ақ олар Samsung Electronics компаниясымен іскери ынтымақтастықта болу мүмкіндігін иеленеді. Осындай жобалардың бірі – ветеринарлық онлайн-консультациялардың сервисі Dr.Tail (Доктор Тейл), ол Samsung Electronics компаниясының серіктесі болып, өз шешімін Smart TV1 бар Samsung теледидарларына енгізді және ол CES көрмесінде C-Lab стендтерінде ұсынылатын болады.

 

Dr.Tail сервисінен бөлек Samsung Electronics компаниясы C-Lab Outside  бағдарламасы іріктеген және қолдаған өзге де тоғыз стартапты ұсынатын болады:

 

  • RebuilderAI: ЖИ көмегімен смартфондарда жылдам және жеңіл 3D-контентті жасауға арналған шешім
  • Ghost Pass: биометрия бойынша қашықтан орталықтандырылмаған сәйкестендіруді жасауға арналған шешім
  • DEEPX: NPU2 негізінде ЖИ функциялары бар жартылай өткізгіш
  • Style Bot: пайдаланушының киім-кешегі туралы деректерге негізделген стиль бойынша ұсынымдардың сервисі
  • Vsion: мөлдірлігі реттелетін ақылды терезе
  • DolbomDream: егде жастағы адамдардың денсаулығын қадағалауға арналған ақылды үрленетін жилет
  • 60Hertz: ЖИ негізінде виртуалды электр станциясына арналған шешім
  • Wrtn Technologies: генеративті ЖИ-мен жұмыс жасауға арналған портал
  • NdotLight: бірге 3D-жобалауға арналған веб-платформа

«Біз Эврика саябағында C-Lab стартаптарының беделді стендінде болуға қуаныштымыз» – дейді Ghost Pass генералды директоры СонКван Ли (Sunkwan Lee). Ол сондай-ақ: «Биыл Samsung C-Lab қолдауының арқасында біз CES Innovation Award жүлдесін жеңіп алдық. Менің ойымша, бұл CES көрмесі біз үшін әлемдік деңгейге шығуға бір қадам жақын болуымызға тамаша мүмкіндік бергенін көрсетеді» – деп атап өтті.

 

C–Lab Inside бағдарламасының екі жобасы және Samsung компаниясында туған C–Lab Spin–off бағдарламасының үш стартабы

Samsung компаниясы 2016 жылдан бастап CES көрмесінде C-Lab Inside бағдарламасының жобалары туралы баяндайды және биыл онда қазір компанияның қызметкерлері әзірлеп жатқан екі жоба ұсынылатын болады. Олар денсаулық сақтау және жануарларға арналған технологиялар салаларына жатады, өзінің инновациялары, нарықта сұраныста болуы және әзірлену толықтығы үшін жоғары бағаға ие болды:

 

  • EARS: құлапқаптар сезетін ми толқындарын талдайтын медициналық платформа
  • DumboCam: Vision AI жасанды интеллектін пайдаланатын үй жануарларын оқытуға арналған платформа

 

2016 жылы Samsung Electronics компаниясы өзінің C-Lab Spin-off атты бағдарламасын ұсынды, ол жоғары коммерциялық әлеуеті бар C-Lab Inside жобаларына толық қанды стартаптар ретінде іске асуға мүмкіндік береді. CES 2024 көрмесінде C-Lab Spin-off бағдарламасының үш стартабы ұсынылған, олар C-Lab Inside жобалары ретінде басталған болатын, қазір C-Lab стендтерінде инновациялық өнімдер ретінде көрсетіліп жатыр:

 

  • Yellosis: ЖИ пайдаланумен ақылды унитаздар мен медициналық шешімдер
  • Becon: ЖИ негізінде шаштың түсуімен күресуге арналған шешімдер
  • Goose Labs: нақты уақыт режімінде қозғалысты есептейтін метағалам мен аватарлар технологиясы бар үй жаттығуларына арналған қосымша

 

C–Lab стартаптары CES 2024 Innovation Awards 23 жүлдесін жеңіп алды

2023 жылдың қарашасында Тұтынушылық технологиялар қауымдастығы (Consumer Technology Association, CTA) CES 2024 Innovation Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады, соның ішінде ең үздік инновациялар (Best of Innovation) жүлдесі де болды. C-Lab бағдарламасының бір жобасы үздік инновациялар үшін жүлдені (Best of Innovation Award) жеңіп алды, ал 22 премияның лауреаттары атанды.

 

Samsung компаниясы C-Lab стартаптарының авторларымен өзінің CES Innovation Awards жүлделерін жеңіп алу және әлемдік нарыққа шығу тәжірибесімен бөліседі, бұл оларға табысқа жетуге мүмкіндік береді. C-Lab Outside бағдарламасының 16 стартабы CES 2024 аясында Innovation Award премиясының лауреаттары атанды. C-Lab Spin-off бағдарламасының бастамаларының біреуі үздік инновациялар үшін жүлдені алды, ал төртеуі Innovation Award премиясының лауреаттары атанды.

 

Атап айтқанда, CES Innovation Award жүлдесін 2021 жылы іске қосылған STUDIO LAB стартабы жеңіп алды. Компанияның өнімдеріне Seller Canvas (Селлер Кэнвес), ЖИ негізінде электронды коммерцияға арналған беттерді автоматтандыру сервисі, роботтехникасы және ЖИ технологияларын өзінде үйлестіретін автоматтарылған коммерциялық фото түсіруге арналған Photo-bot (Фото-бот) кіреді. 

 

Yellosis және DEEPX — C-Lab стендтерінде ұсынылған екі стартап үш санатта Innovation Award жүлделерін жеңіп алды. 2020 жылы іске қосылған сандық денсаулық сақтау саласындағы Yellosis стартабы Cym702 Seat ақылды унитазын ойлап тапты, ол ағзаның тіршілік ету қызметінің сұйық қалдықтарын талдай отырып, денсаулықты күтуге арналған шешімдерді ұсынады. Компания сондай-ақ Cym702 Circle ақылды унитазын әзірлеп шықты, ол қоғамдық дәретханаларда ағзаның сұйық тіршілік ету қалдықтарындағы глюкозаның мөлшерін есептейді. Yellosis стартабы «Сандық денсаулық сақтау», «Ақылды қала», «Адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім» санаттарында Innovation Award жүлделерін жеңіп алды.

 

2018 жылы DEEPX стартабының негізі қаланды, ол терең оқыту негізінде нысандарды тану, бет пен дауысты тану, кескіндерді сұрыптау және кескін сапасын жақсарту сияқты ЖИ алгоритмдерін есептеп өңдеуге арналған жасанды интеллект функцияларымен жасақталған алдыңғы қатарлы чиптерді әзірлейді. DEEPX — “Кіріктірілген технологиялар”, “Роботтехникасы” және “Компьютерлік жабдықтар мен компоненттер” атты үш санатта CES Innovation Awards жүлдесін жеңіп алған және жасанды интеллектпен жұмыс жасайтын тұңғыш жартылай өткізгіш әзірлеуші компания.

 

Сервис АҚШ-та Smart TV бар Samsung теледидарларында 2024 жылы қол жетімді болады.

Нейронды процессор (neural processing unit, NPU) — бұл жасанды интеллекттің жұмысын қолдауға және бір уақытта бірнеше операцияларды орындауға арналған микропроцессор.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Жүктеу

  • C-Lab_CES-2024_dl1.jpg

  • C-Lab_CES-2024_dl2_f.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары