Samsung компаниясы роботтехникасына және XR-қосымшаларына арналған екі жаңа ISOCELL Vizion сезбегтерін ұсынады
Алдыңғы қатарлы жартылай өткізгіштер саласындағы әлемдік көшбасшы Samsung Electronics компаниясы көпшіліктің назарына екі жаңа ISOCELL Vizion сезбектерін ұсынады, олар – уақытты нақтылауы бар (ToF) ISOCELL Vizion 63D сезбегі және ғаламдық бекітпесі бар ISOCELL Vizion 931 сезбегі. Олар жаңа ұрпақтың ұялы, коммерциялық және өнеркәсіптік қосымшаларының визуалды мүмкіндіктерін кең ауқымда қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген.
«Ең заманауи технологиялардың негізінде жасалған Samsung ISOCELL Vizion 63D және ISOCELL Vizion 931 сезгектері роботтехникасы және кеңейтілген шынайылық (XR) сияқты болашақтың жоғары технологиялық қосымшалар үшін машиналық көру қабілетін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады» – дейді Samsung Electronics келесі ұрпақ сенсорларын әзірлеу тобының атқарушы вице-президенті Хэчанг Ли (Haechang Lee). Ол сондай-ақ: «Біз өзіміздің технологиялық инновацияларға толы бай тарихымызға сүйене отырып, жылдам өсіп келе жатқан кескін сезгектерінің нарығын дамытуға ұмтыламыз» – деді.
ISOCELL Vizion 63D: ерекше детализациясы бар жоғары шешімді 3D-кескіндерді түсіру
Жарқанаттар түнде бағдар табу үшін эхолокацияны қолданатындай ToF сезбектері де шығарылған жарықтың нысанға дейінгі және одан шағылысқан жарықтың сезгекке дейінгі жұмсалған уақыттың мөлшерін есептей отырып, оның қашықтығы мен тереңдігін өлшейді.
Жеке алғанда, Samsung компаниясының ISOCELL Vizion 63D құрылғысы – бұл қоршаған ортаны үш өлшемде сезу үшін шығарылған және шағылысқан жарықтың фазалық өзгерісін өлшейтін ToF-сезгегі (iToF). Ереше дәлдігімен және нақтылығымен көзге түсетін Vizion 63D сезгегі сервистік және кәсіпорындық роботтар үшін, сондай-ақ жоғары шешімді және тереңдікті дәл өлшеуді жүзеге асыру үшін маңызды XR-құрылғылары мен адам бетін тану қызметтері үшін мінсіз таңдау.
ISOCELL Vizion 63D – бұл тереңдікті анықтау функциясы бар енгізілген бейне сигналдарының аппараттық процессорын (ISP) иеленген саладағы тұңғыш iToF-сезгегі. Осындай инновациялық біркристалды құрылым арқасында ол басқа чиптің көмегінсіз 3D тереңдігі туралы ақпаратты нақты бере алады, бұл оған алдыңғы ISOCELL Vizion 33D моделімен салыстырғанда жүйенің электр қуатын 40%-ға аз тұтынуға мүмкіндік береді. Сезгек сондай-ақ QVGA (320×240) шешімінде секундына 60 кадрға дейінгі жылдамдықпен кескінді өңдей алады, ол коммерциялық және кәсіпорындық нарықтарда пайдаланылатын дисплейлерге арналған ең қажетті шешімдердің бірі болып табылады.
iToF сенсорларында саладағы ең кішкентай пиксель мөлшері – 3,5㎛ пайдаланылады, бұл оған 1/6,4″ оптикалық форматта бейнеграфикалық матрицаның (VGA) (640×480) жоғары шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл оны кішігірім компактты құрылғылар үшін мінсіз шешімге айналдырады.
Жарықты жұтуды жақсартатын кері таралу технологиясының арқасында Vizion 63D сенсоры инфрақызыл жарығының ұзындық толқыны 940 нанометр (нм) болғанда 38%-ға жететін саладағы ең үздік кванттық тиімділік деңгейін иеленеді. Бұл жарыққа сезімталдықты арттыруға және шудың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, нәтижесінде қозғалыс кезінде түсірілген кескіннің сапасы одан да нақты және бұлыңғырлығы минималды болады.
Осыдан өзге, ISOCELL Vizion 63D сезгегі бес метрден он метрге дейінгі қашықтықты өлшеу аумағын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін құйылатын жарық (жақын қашықтықта жоғары шешім) және нүктелік жарық (алыс қашықтық) режімдерін қолдайды.
ISOCELL Vizion 931: динамикалық қозғалысты бұрмалаусыз түсіру
ISOCELL Vizion 931 – бұл жылдам қозғалыстарды «желе әсерінсіз» түсіру үшін арнайы әзірленген ғаламдық бекітпесі бар ISOCELL Vizion 931 сезбегі. Сахнаны жолақ-жолақ бойынша жоғарыдан төменге дейін түсіретін роллинг-шаттері бар сезгектерге қарағанда ғаламдық бекітпесі бар сезгектер бүкіл сахнаны тұтастай немесе адам көзіндей «ғаламдық» деңгейде алады. Бұл ISOCELL Vizion 931 сезгегіне қозғалыстағы нысандардың нақты, бұрмаланбаған кескіндерін түсіруге мүмкіндік береді. Бұл оны XR-құрылғыларда, ойын жүйелерінде, сервистік және логистикалық роботтарда, сондай-ақ дрондарда қозғалыстарды қадағалау үшін жоғары дәрежеде оңтайлы етеді.
Кішкентай форм-факторда пикселдердің үлкен саны орналастырылған және қатынасы бірде бір болатын VGA (640×640) шешімі бар ISOCELL Vizion 931 камерасы көздің нұрлы қабығын тану, көздің қозғалысын бақылау, сондай-ақ XR гарнитуралары сияқты тағылатын дисплейлері бар құрылғыларда адамның бетін және ым-ишарасын тану үшін қолайлы.
ISOCELL Vizion 931 сондай-ақ саладағы ең жоғарғы кванттық тиімділікті иеленеді, бұл 850 нм инфрақызыл жарығының толқын ұзындығыда таң қаларлық 60%-ды қамтамасыз етеді. Бұл нәтиже Front Deep Trench Isolation (FDTI) технологиясын пайдалану арқасында мүмкін болды. Ол ISOCELL Vizion 63D сенсорында қолданылатын BST әдісіне қосымша жарықты барынша мол жұту үшін пикселдердің арасында изоляциялық қабатты орналастырады.
Vizion 931 бір сымның көмегімен қосымшаның процессорына төрт камераға дейін шектеусіз қосыла алатын multi-drop технологиясын қолдайды. Қажетті сымдардың барынша аз санының арқасында сезгек құрылғыларды өндірушілер үшін құрылымның үлкен икемділігін қамтамасыз етеді.
Samsung ISOCELL Vizion 63D және ISOCELL Vizion 931 сенсорлары қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша OEM-өндірушілеріне жеткізіледі.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Жартылай өткізгіштер
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.