Samsung жоғары деңгейдегі мобильді фотосуреттерге арналған әмбебап кескін датчиктерін ұсынуда
Жаңа топтамаға саладағы жетекші 200 МП және 50 МП ажыратымдылығы бар датчиктер кіреді. Олар кескін сапасын барлық жағынан жақсарту үшін негізгі және қосымша камералар арасындағы алшақтықты өтейді
Samsung Electronics, озық жартылай өткізгіш технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы, мобильді құрылғыларға арналған үш жаңа сурет датчигінің шығарылғаны туралы хабарлады. Олар смартфондардың негізгі және қосымша камераларына арналған: ISOCELL HP9, ISOCELL GNJ және ISOCELL JN5.
Пайдаланушылардың смартфон камерасының сапасы мен өнімділігіне деген үміттері артып келе жатқандықтан, Samsung компаниясының су жаңа кескін датчиктері мобильді фотосуретте жаңа стандарт орнатып, әр бұрыштан керемет нәтижелер береді.
«Кескін датчиктерінің өнімділігін жақсарту және кез келген бұрыштан тұрақты фотосурет сапасын қамтамасыз ету үшін негізгі және қосымша камералар арасындағы алшақтықтың жойылуы – бұл саланы дамытудың жаңа бағыты, – дейді Джесук Ли (Jesuk Lee), жүйелік LSI-сенсорлары бөлімінің атқарушы вице-президенті және техникалық директоры, Samsung Electronics компаниясы. – Біз соңғы жетістіктерді қамтитын мобильді құрылғыларға арналған датчиктердің жаңа желісімен салалық стандарттарды орнатуды және технологиялық шекараларды ілгерілетуді жалғастырамыз».
ISOCELL HP9: смартфондарға арналған саладағы алғашқы 200-мегапикселді телеобъективі
ISOCELL HP9-де 1/1,4 дюймдік оптикалық пішімдегі 200 миллион 0,56 микрометрлік (мкм) пиксельдер бар.
Жаңа материалдан жасалған патенттелген жоғары рефрактиквті микролинзамен ерекшелененген HP9 сәйкес RGB түс сүзгісіне жарықты дәлірек бағыттау арқылы жарық түсіру мүмкіндігін айтарлықтай жақсартады. Бұл жарқын түстерді көрсетуге және жақсартылған фокусқа әкеледі: 12% жоғары жарық сезімталдығы (сигнал/шу қатынасы 10 негізінде), ал автофокустың контрасты алдыңғы өнімнен 10% жоғары.
Атап айтқанда, HP9 аз жарық жағдайында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, бұл дәстүрлі телекамераларда жиі кездесетін мәселе. Tetra²pixel технологиясы 16 пиксельді (4×4) 12 мегапиксельді 2,24 мкм үлкен сенсорға біріктіреді. Бұл тіпті қараңғы жағдайларда да анық портреттік түсірілімдер жасауға және фокустан тыс боке¹ әсерлерін жасауға мүмкіндік береді.
Премиум смартфондардағы негізгі камералардың көлемі ұлғайған сайын, телекамераларға арналған орын да көбейюде. HP9 камерасының үлкен оптикалық пішімі оны телеобъективтерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кескін сапасы, автофокус, жоғары динамикалық диапазон (HDR) және секундына кадрлар саны (fps) бойынша премиум негізгі камераларға сәйкес келетін өнімділікті қамтамасыз етеді.
Ремозаикалық алгоритмі бар HP9 сенсордың ішінде 2x және 4x масштабтау режимдерін ұсынады, бұл анық сурет сапасын сақтай отырып, 3x масштабтау телефото модулімен жұптастырылған кезде 12 есе үлкейтуге алып келеді.
ISOCELL GNJ: пиксельдік технологиядағы озық инновацияларды біріктіру
ISOCELL GNJ – бұл 50 миллион 1,0 микрон пикселдері және 1/1,57 дюймдік оптикалық пішімі бар қос пикселді матрица.
Әрбір пиксельде екі фотодиод бар, бұл адам көздерінің фокустауы сияқты жылдам және дәл автофокуспен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, кескін датчигі бір уақытта сурет сапасымен жылдам фокустау үшін толық түсті ақпаратты түсіреді.
GNJ қос пиксельдік технологияны кіріктірілген масштабтау функциясымен біріктіреді, бұл бейне режимінде айқынырақ түсірілімді және фото режимінде артефактілер мен муар² жоқ жоғары ажыратымдылықтағы кескіндерді алуға мүмкіндік береді.
Жоғары өткізу қабілеті бар жаңа және жақсартылған рефракцияға қарсы қабат (ARL) Samsung компаниясының фирмалық жоғары рефракциялық микролинзасымен біріктіріле отырып жарық өткізгіштігін арттырып, қажетсіз шағылысуларды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар қараңғы аймақтардың шамадан тыс жарықтандырылмауын қамтамасыз етеді. Бұл жақсы сақталған кескін бөлшектері бар анық фотосуреттерге әкеледі.
Сонымен қатар, GNJ-де кеңейтілген терең траншеялық оқшаулау (DTI) пикселді оқшаулау материалы қолданылған – поликремнийден кремний оксидіне дейін, бұл көрші пикселдер арасындағы айқасты азайтады. Бұл сенсорға егжей-тегжейлі және дәл кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.
Барлық осы инновацияларға аз қуат тұтыну арқылы қол жеткізілді, нәтижесінде алдын ала қарау режимінде 29% және 4K 60 кадр/с бейне режимінде 34% жақсарды.
ISOCELL JN5: кең түс диапазоны және тамаша автофокусы бар кез келген бұрышта тұрақты камера өнімділігі
ISOCELL JN5 камерасы 1/2,76 дюймдік оптикалық пішімдегі 0,64 мкм өлшемі бар 50 миллион пиксельге ие.
Dual Vertical Transfer Gate (Dual VTG) технологиясы пикселдер ішінде заряд тасымалдауды арттырады, өте төмен жарық жағдайларында шу деңгейін айтарлықтай төмендете отырып. Бұл анық кескін сапасын қамтамасыз етеді.
Super Quad Phase Detection (Super QPD) технологиясының арқасында JN5 камерасы тік және көлденең фазалық айырмашылықтарды салыстыру арқылы фокусты реттейді, тіпті ең аз сілкініспен жылдам қозғалатын нысандардың ең ұсақ бөлшектерін түсіреді.
Оған қоса, JN5-де HDR жақсарту үшін қос көлбеу күшейту технологиясы (DSG) енгізілді. Бұл технология пикселдер қабылдайтын аналогтық жарық ақпаратын екі сигналға күшейтеді және оларды цифрлық сигналға түрлендіреді, содан кейін оны бір деректерге біріктіріп, сенсор ойната алатын түстер ауқымын кеңейтеді.
Аппараттық ремозаикалық алгоритмдерді енгізу суретті нақты уақытта кідіріссіз масштабтауға мүмкіндік беретін түсіру жылдамдығын арттырады. Алдын ала қарау режимінде де, түсіру режимінде де.
JN5 жұқа оптикалық пішімі оны негізгі және қосымша камераларда пайдалануға мүмкіндік беретін жан-жақты етеді. Кең бұрышты, ультра кең бұрышты, алдыңғы және телефотоны қоса, әртүрлі бұрыштардан камераның тұрақты өнімділігін қамтамасыз етеді.
1 Боке – бұл фотосуреттегі фокустан тыс нысандардың бұлыңғырлануы, әдетте эстетикалық жағымды дәрежеде.
2 Муара эффектісі – бұл қайталанатын бөліктерді суретке түсіру кезінде пайда болатын қалаусыз көрнекі құбылыс (әдетте сызықтар).
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Жартылай өткізгіштер
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.