Samsung және Kazakhmys Barlau далалық үдерістерді цифрландыру үшін күш біріктіреді

Samsung Electronics Central Eurasia (SECE) және Kazakhmys Barlau далалық өндірістік үдерістерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісті. Компаниялар геологиялық барлау жұмыстарын автоматтандырудағы Kazakhmys Barlau тәжірибесін Samsung корпоративтік мобильді технологияларымен біріктіруді жоспарлап отыр. Мақсаты – өндірістік нысандардағы қызметкерлердің жұмысын жеңілдету, қолмен жасалатын операциялардың санын азайту және деректер алмасуды жылдамдату.
12 тамызда Алматыда өткен кездесуде SECE президенті Йонджин Пак пен Kazakhmys Barlau бас директоры Ғалым Нұржанов ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және Samsung корпоративтік мобильді шешімдерін пайдалана отырып, пилоттық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады.

▲ SECE Президенті Йонджин Пак пен Kazakhmys Barlau бас директоры Ғалым Нұржанов ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен Samsung корпоративтік мобильді шешімдерін пайдалана отырып, пилоттық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады.
Жобаның маңызды бөлігі Kazakhmys Barlau әзірлеген ASPANS ақпараттық жүйесі болмақ. Ол өндірістік деректерді жинау мен сақтауды, есептілікті автоматтандыруды және талдауды біріктіреді. Жүйе бұрғылау процестерінде қазірдің өзінде қолданылады және электрондық бұрғылау есептілігін автоматты түрде қалыптастыруға көмектеседі қолмен жұмыс көлемін азайтады.
Келесі қадам – цифрлық құралдарды қызметкерлерге тікелей «далада» қолжетімді ету. Ол үшін тараптар орталықтан басқарылатын (MDM) мамандандырылған Samsung корпоративтік мобильді құрылғыларын пайдалануды қарастыруда. Қызметкерлер тапсырмаларды ала алады, электрондық нысандар мен тексеру парақтарын толтырып, нәтижелерді жұмыс орнында тіркей алады. Деректер ASPANS-қа жіберіледі және есеп беруді қалыптастыру, талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылады
Мұндай тәсіл біртіндеп қағаз құжаттарының бір бөлігінен және ақпаратты қайта енгізуден бас тартуға көмектеседі, ал компания қажетті өндірістік деректерді тезірек ала алады. Samsung мобильді технологиялары мен ASPANS мүмкіндіктерін біріктіру өндірістік нысандардағы қызметкерлердің жұмысын корпоративтік цифрлық жүйелермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта жиналған деректер терең талдау және жасанды интеллект технологияларын қолдану үшін пайдаланылуы мүмкін.

▲ Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою.
Компания басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, жобаның алдын ала жол картасын келісті. Kazakhmys Barlau өкілдері Samsung демонстрациялық залына барып, компанияның түрлі бизнес-міндеттерге арналған корпоративтік шешімдерімен танысты.
Сонымен қатар, Samsung Kazakhmys Barlau қызметкерлеріне Samsung корпоративтік онлайн платформасына қолжетімділік беру мүмкіндігін пысықтайды, онда верификациядан өткеннен кейін олар компания өнімдерін арнайы шарттармен сатып ала алады.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Бизнеске арналған шешімдер
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.