CES 2024 көрмесінде Samsung компаниясы «Баршаға арналған AI (ЖИ)» концепциясын ұсынды

10.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компания қосылған құрылғылардың одан әрі қауіпсіз, инклюзивті болуына және электр қуатын тиімді пайдалануға бағытталған АІ-технологиясын қолданудың стратегиясын ұсынды

 

Samsung Electronics компаниясы жасанды интеллект (AI) технологиясы адамдарға өз құрылғыларын одан да айқын және ыңғайлы тәсілдермен қалай қолдануға мүмкіндік беретіндігі туралы өзінің көзқарасымен бөлісті. Samsung компаниясы бұл ойларды CES® 2024 көрмесінің шеңберінде ұсына отырып, өзінің серіктестерімен бірге осы көзқарастың негізінде жатқан технологиялар туралы, сондай-ақ жаңа өнімдер мен сервистердің күнделікті өмірді жеңілдету үшін жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін қалай қолданып жатқандығы туралы баяндады.

 

Samsung компаниясының вице-төрағасы, бас директоры және Samsung Device eXperience (DX) бөлімшесінің жетекшісі Джонг-Хи Хан (Jong-Hee Han) пресс-конференцияны жасанды интеллекттің адамдардың назарын мазаламай «фондық режімде» жұмыс жасай отырып, қосылған технологиялардың арқасында адамдардың күнделікті өмірлерін қалай жақсарта алатындығы туралы өзінің баяндамасымен ашты. Ол және басқа да баяндамашылар айтып кеткен стратегия бірдей дәрежеде қарапайым да, пайдалы болатын қосылу тәжірибесін жетілдірудегі АІ (ЖИ) рөліне қатты назар бөлді. Samsung компаниясы пресс-конференция кезінде қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін бірқатар өнімдерді және сервистерді ұсынды.

 

«Samsung компаниясының алдыңғы қатарлы құрылғыларының кең ауқымы, сондай-ақ ашық ынтымақтастыққа ұмтылысы жасанды интеллектті және гипербайланысты барлық адамдар үшін қол жетімді етуге көмектеседі» – деді Джонг-Хи Хан.

 

AI функцияларын қолдайтын дисплейлер және сандық техника үй ішінде оларды пайдаланудың жаңа тәжірибесіне жол береді

 

CES көрмесінің пресс-конференциясында Samsung Electronics America компаниясының Connected Experience орталығының жетекшісі Джонатан Габрио (Jonathan Gabrio) жасанды интеллект технологиясы визуалды дисплейлер мен сандық техниканы пайдаланудың тәсілдерін қалай өзгертетіндігі туралы баяндады. Мысалы, Samsung Neo QLED 8K QN900D ішінде енгізілген AI бар NQ8 AI Gen3 процессорын мақтан ете алады, ол бұрыңғы модельдеріне қарағанда екі есе жылдамдықпен жұмыс жасайтын алдыңғы қатарлы NPU-мен жасақталған және ондағы нейронды желілердің саны сегіз есе көп. Samsung Neo QLED 8K құрылғысы NQ8 AI Gen3 процессоры арқасында төменгі шешімдегі контенттің масштабын автоматты түрде өзгертеді, бұл пайдаланушыларға контентті 8К форматында көруге мүмкіндік береді, ол сондай-ақ AI Motion Enhancer Pro көмегімен жылдам қозғалатын кескіндердің айқындылығын арттырады. Сонымен қатар, Samsung Neo QLED 8K құрылғысы Active Voice Amplifier Pro функциясымен қуанта алады, ол жасанды интеллекттің көмегімен экрандағы диалогтарды жақсарту үшін дауыс пен фондық шуды талдайды, соның арқасында пайдаланушы өзін стадионның немесе кинотеатрдың алдыңғы қатарында отырғандай сезініп, әр түрлі контенттен ляззат ала алады. Осыдан басқа, Samsung Neo QLED 8K құрылғысы сіздің ойын-сауық кешіңізді одан да жарқын ететін ең жаңа қосымшаларды, сервистерді, жекеленген контентті және сервистік ұсынымдарды табуға болатын Tizen OS Home операциялық жүйесімен жасақталған.

 

Әр түрлі қажеттіліктері бар көрермендер үшін Samsung компаниясы қол жетімділіктің инновациялық функцияларын иеленеді. Мысалы, Samsung Neo QLED ішінде ым-ишара тілінің функциясы есту қабілеті нашар пайдаланушыларға дисплейді оңай ым-ишара арқылы басқаруға, ал көру қабілеті нашар пайдаланушыларға Audio Subtitle субтитрлерді дыбыстау функциясы экрандағы мәтінді нақты уақытта аудиоға аударуға мүмкіндік береді.

 

Samsung компаниясы сондай-ақ The Premiere 8K жаңа проекторды ұсынды, ол тек 150-дюймдік экранды ғана көрсетпей, әлемде тұңғыш рет проекторда 8К форматында кескінді сымсыз бере алады. The Premiere 8K проекторының арқасында пайдаланушылар кинотеатрда отырғандай, үлкен форматта кескінді тамашалай алады.

 

Дыбысқа келетін болсақ, Samsung компаниясы кастомдалған панелі бар Music Frame колонкасын ұсынды, ол интерьердің үйлесімді бөлігіне айнала алады. Q-Symphony функциясының арқасында Music Frame колонкасы Samsung теледидарларымен және саунбарларымен синхрондалып, кіріктірілген қос динамиктері арқылы мықты бас пен көлемді дыбысты шығарады.

 

Енді ас-үй шаралары одан да жанға жағымды болады. Samsung компаниясы AI Family Hub™+1 бар 4 есікті Bespoke Flex™ тоңазытқышын ұсынады. Бұл тоңазытқыш2  32-дюймдік экраны бар AI Vision Inside3 жаңа жүйесімен жасақталған. Кіріктірілген камерасы бар жаңа шешім тоңазытқышқа салынатын және алынатын 33-ке дейін әр түрлі азық-түлік өнімдерін таниды және осы ингредиенттерді қолданудың рецепттерін ұсынады. Пайдаланушылар AI Family Hub™ бар 4 есікті Bespoke Flex™ тоңазытқышының экранында қандай да бір өнімдердің «жарамдылық мерзімін» белгілей алады, бұл тоңазытқышқа белгіленген күннің жақындағаны туралы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллекттің бұл функциялары тағамдық қоқыстарды қысқартудан қаражатты үнемдеуге және бұрыңғыдан да экологияға жағымды өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Anyplace Induction сериясында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері одан да кеңейе түсті: пайдаланушылар тамақтың дайындалу барысын оңай бақылау үшін Samsung Food қосымшасында сақталған рецепттерді пісіру панелінің 7-дюймдік дисплейіне бере алатын болды.

 

Samsung компаниясының АІ-технологиясы тұрмыстық техникаға да таралады. Bespoke AI Laundry Combo™ All in One жаңа кір жуғыш-кептіргіш машинасы кіріктірілген AI-Hub4 – 7-дюймдік дисплеймен жасақталған, ол кір жуу барысын оңай басқаруға мүмкіндік береді. Bespoke AI Laundry Combo™ кір жуудың ең үздік режімдерін ұсыну үшін пайдаланушылардың әдеттерін есте сақтап және машиналық оқытуды пайдаланып, кір жуудың және оны кептірудің үрдісін дербестендіреді. Сол мезетте Bespoke Jet Bot Combo™5 бумен тазалау функциясы бар болашақтың робот-шаңсорғышы бұрыңғыдан да ыңғайлы және тиімді тазалауды қамтамасыз ету үшін АІ технологиясын пайдаланады. Нысандарды тану функциясының арқасында ол алдыңғы моделге қарағанда одан да көп нысандарды анықтай алады, сондай-ақ дақтарды және кеңістіктерді6 таба алады. Bespoke Jet Bot Combo™ ол қозғалып жатқан еденнің типін, сондай-ақ кілемнің ұзындығын анықтайды, алынған ақпаратқа сәйкес өзін реттейді.

 

Кеңістікті интеллект арқасындағы пайдаланушы мен құрылғылар арасындағы үздік байланыс

 

Атқарушы вице-президент және SmartThings бөлімшесінің жетекшісі Чейон Юнг (Jaeyeon Jung) жасанды интеллект технологиясының пайдаланушылар мен құрылғылар арасындағы өзара байланысқа таңқаларлықтай әсер етуінің тәсілдері, сондай-ақ Samsung компаниясының SmartThings қатысты көзқарасы туралы баяндады, клиент Samsung компаниясының қаншалықты көп құрылғыларын пайдаланса, олар соншалықты дәрежеде «ақылды» болады.

 

Кеңістікті АІ – осы көзқарасқа жетудің кілті, ол дербестендірілген басқару тәжірибесін ұсына отырып, құрылғыларға пайдаланушының бөлмесін және оның күн тәртібін түсінуге көмектеседі. SmartThings экожүйесі робот-шаңсорғыштарда бөлменің сандық жоспарын жасау үшін LiDAR7 сенсорын пайдаланады, бұл пайдаланушыларға өздерінің барлық құрылғыларын оңай табуға және олардың күйін тексеруге мүмкіндік береді. Ал наурыз айында  Samsung компаниясының смартфондары мен теледидарларында бөлмені ұсақ бөлшегіне дейін қарау үшін SmartThings экожүйесіне арналған жаңартылған 3D Map View шығарылады. Сонымен қатар, қарапайым QR-код пайдаланушыларға отбасы мүшелерін және достарын SmartThings экожүйесіне қосуға мүмкіндік береді, осылайша әр адам өз күн тәртібін құра алады.

 

SmartThings қосымшасы смарт-сенсорларды және жасанды интеллектті қолдана отыра отбасы мүшелерінің біреуінің құлауы сияқты төтенше жағдайлар туралы хабардар ете алады және жақындарына орын алған инцидент туралы хабарлама жібере алады8.

 

HometoCar функциялары арқасында үй мен көлікті байланыстырамыз

Samsung компаниясы сондай-ақ өзінің автокөлік саласында дамуы, атап айтқанда, Hyundai Motor Group компаниясымен тұңғыш серіктестігі туралы жариялады. CES 2024 көрмесінің алдында Samsung және Hyundai компанияларының ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны туралы жарияланды. Шартқа сәйкес пайдаланушылар SmartThings экожүйесіне қосылудың арқасында Home-to-Car және Car-to-Home (Үй-автокөлік, Автокөлік-үй) сервистеріне қол жеткізе алады. Hyundai Motor Group компаниясының Software Defined Vehicle ендіру жөніндегі бөлімшенің және Ақпараттық-көңіл көтеру жүйелерін дамыту орталығының жетекшісі Хейонг Квон (Haeyoung Kwon), бұл серіктестікті осылай атап өтті:

 

«Енді SmartThings қосымшасы Hyundai, Kia және Genesis автокөліктерімен жұмыс жасайтын болады. Hyundai Motor Group компаниясында біз барлығымыз Samsung компаниясымен серіктестікті бағалаймыз және ақылды қосылу арқылы біздің автокөліктерімізге ұсынылатын жаңа мүмкіндіктерді қуанышпен қарсы аламыз».

 

SmartThings қосымшасының арқасында пайдаланушылар өз автокөліктерінде қашықтан орындалатын функцияларды дауыстық басқару командаларын қолдану арқылы орындай алатын болады, мысалы, көлікті алдын ала жылыту немесе терезелерді ашып-жабу. Алайда SmartThings қосымшасына қосылған құрылғыларды көлік ішінен де басқаруға болады: гараж есіктерін ашып-жабу немесе үйде температураны реттеу. Осындай барлық іс-әрекеттерді дауыстық командалар арқылы орындау мүмкін болады.

 

 

Сонымен қатар, Samsung компаниясы автокөлік жүрген уақыттағы тәжірибені жақсарту үшін өзінің HARMAN компаниясымен серіктестігін тереңдетті. HARMAN өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Мишель Гаттузо (Michelle Gattuso) екі компанияның да жүргізушілердің тәжірибесін жақсартуға арналған жаңа технологияларды қалай әзірлейтіндігі туралы баяндады.

 

«Samsung компаниясының тұтынушылық технологиялар саласындағы көшбасшылығы және HARMAN компаниясының автокөлік саласындағы тәжірибесімен бірге HARMAN Ready Care, Ready Vision және Ready Display сияқты революциялық шешімдердің пайда болуына жол ашты» – дейді Гаттузо. Ол сондай-ақ: «Samsung және HARMAN компаниялары автокөлік салонында бүкіл экожүйеге бұрыңғыдан да таңғажайып тәжірибені қамтамасыз ету үшін тығыз серіктестікте жұмыс жасайды» – деді.

 

Жүргізушінің қауіпсіздігін басшылыққа алатын HARMAN компаниясының Ready Care жүйесі жүргізушінің қозғалысын және когнитивті белсенділігін қадағалау үшін нейрожүйені терең оқыту үшін пайдаланады, ол сондай-ақ дербестендірілген ескертпелерді және хабарламаларды жібере алады. Сонымен қатар, Ready Care жүйесі енді көлікте кімнің – ересектің немесе баланың отырғандығын анықтай алады, осылайша ол қауіпсіздік жастығының параметрлерін реттей алады.

 

Ready Vision жүйесі толықтырылған шынайылық технологиясының арқасында алдыңғы терезеде тікелей интуитивті деңгейде түсінікті дисплейдің бейнесін көрсетеді. Мысалы, жүргізушілер осылайша нақты уақыт режімінде жаңартылып отыратын маршруттың картасын көре алады, сондай-ақ қысқа жолдар және кофе ішуге қай жерде тоқтауға болатындығы туралы ақпаратты ала алады. HARMAN компаниясының басқа өнімі – Ready Upgrade – автокөліктер ұзақ уақыт бойы өзекті, заманауи және тиімді болу үшін автокөлік өндірушілеріне өздерінің автокөліктерінде аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы жиі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

 

Samsung компаниясы әр түрлі құрылғыларында қауіпсіздікті және құпиялылықты басшылыққа алады

Samsung компаниясы құрылғыларда жасанды интеллекттің шапшаң дамуына байланысты қауіпсіздік пен құпиялылық бірінші орында болу керектігі туралы түсінеді. Mobile Experience Security Team компаниясынан Шин Байк (Shin Baik) гипербайланыс дәуірінің негізі ретінде қауіпсіздік шешімдерін талқылады.

 

Осындай шешімдердің бірі – Samsung Knox Matrix, ол көптеген Galaxy смартфондарында және Samsung смарт-теледидарларында тікелей шифрлауды қамтамасыз етеді. Бұл технология құрылғыларға бір-бірін қадағалауға, қауіптерді тануға және оларды оқшаулауға мүмкіндік береді. Samsung компаниясының кейбір ең танымал құрылғыларда пайдаланушылардың деректерін қорғауға көмектесетін Knox Vault кеңейтіліп, нәтижесінде Samsung Neo QLED 8K теледидарларында SmartThings көмегімен одан да көп құрылғыларды қамтыды. Сонымен қатар, Samsung компаниясының ірі технологиялық компаниялармен серіктестігі пайдаланушыларға олардың нақты қажеттіліктеріне сай қауіпсіздік пен құпиялылықтың деңгейін алуға мүмкіндік берді.

 

Samsung компаниясы қол жетімділік, электр қуатының менеджменті және материалдарды жауапты пайдаланудың саласында қадам жасайды

 

Samsung компаниясының Корпоративті тұрақтылық орталығының вице-президенті Инхи Чанг (Inhee Chung) Samsung компаниясының жабық циклді экономиканы дамыту бойынша жоспарлары туралы баяндады. Samsung компаниясы өзінің өнімдерінде қайта өңделген материалдарды жиі қолданып жүр, мысалы, Galaxy құрылғыларында9 лақтырылған балық ауларынан өндірілген пластикті, теледидарларда қайта өндірілген пластикті және Bespoke тоңазытқыштарында10 қайта өндірілген алюминийді қолданады. Осыдан басқа АҚШ-та және кейбір Еуропа елдерінде қол жетімді Certified ReNewed бағдарламасы бойынша қол жетімді қалпына келтірілген телефондарды ұсынады, ал Galaxy Upcycling бағдарламасы пайдаланушыларға өздерінің ескі смартфондарын қайта пайдалануға немесе шығармашылық жолмен қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Компания қайта өңдеудің ауқымын кеңейтуді және қайта өңделген шикізатты пайдалануды жоспарлап отыр.

 

Samsung компаниясының технологиялары тұрақты дамуға қалай септігін тигізетіндігіне келсек, компания SmartThings AI Energy сияқты режім арқасында өз өнімдерінде бұрыңғыдан да электр қуатын үнемді пайдалану мақсаттында АІ (жасанды интелектті) қолданады, бұл режім электр қуатын пайдалануды автоматты түрде оңтайландырады және пайдаланушыларға қаражат үнемдеуге көмектеседі. Бұл – жасанды интелект технологиясының тек өмірді жеңілдетпей, сондай-ақ пайдаланушыларға экологиялық тұрғыдан жағымды, жауапты және үнемді өмір сүруге көмектесетіндігінің тағы бір көрінісі.

 

Tesla компаниясымен ынтымақтастығы арқасында SmartThings Energy үйде ғана емес, сондай-ақ сыртта да пайдалы бола бастайды. Бұл серіктестік SmartThings Energy-ді Tesla компаниясының өнімдерімен, атап айтқанда электрмобилдермен (EV), Powerwall үй батареясымен, күн инверторымен және EV Wall Connector қуаттау көзіне арналған шешімімен үйлестіруге мүмкіндік берді. SmartThings Energy пайдаланушыларының тағы бір артықшылығы – олардың Tesla қосымшасында Storm Watch функциясын қолдана алу мүмкіндігі, ол SmartThings көмегімен тек қосымшада ғана емес, сондай-ақ оған қосылған пайдаланушылардың Samsung теледидарлары мен смартфондарында SmartThings көмегімен жағымсыз ауа-райы туралы хабардар етеді. SmartThings сондай-ақ пайдаланушыларды AI Energy Mode режімін белсенді ету арқылы электр қуатының өшірілуіне дайындауға көмектесе алады, осылайша бұл режім Tesla Powerwall батареяларында сақталып тұрған резервті қуатты пайдаланудың уақытын ұзарта алады.

 

Samsung компаниясы ым-ишараға сәйкес іс-әрекет ете алатын сандық тұрмыстық құрылғылар сияқты құрылғылардың қол жетімділігін арттыру үшін жаңа функцияларды қосады. Сондай-ақ ұялы құрылғылар қоңырау кезінде автоматты түрде жасалған субтитрлерді жазады, ал теледидарлар мен дисплейлер жасанды интеллекттің арқасында мәтінді аудиоға аударудың жаңа функциясын ұсынады. Көзі нашар көретіндерге көмектесу үшін Samsung теледидарларындағы Relumino Together жаңа қарау режімі пайдаланушыларға теледидарды бір уақытта коррекциямен немесе коррекциясыз қарауға мүмкіндік береді. Енді пайдаланушылар бірге және бір уақытта үй ойын-сауықтарын тамашалай алады.

 

Моделдің атауы тек Солтүстік Америка үшін өзекті. Басқа өңірлерде өнім Bespoke 4-Door French Door Refrigerator with Family Hub™+ деп аталады. 

Бұл Bespoke 4-Door Flex™ с AI Family Hub™+ қол жетімді барлық сервистер жасанды интеллект болып табылады немесе ақпаратты жасанды интеллекттің көмегімен жасайды немесе оның нәтижесі болып табылады деген сөз емес. Терең оқыту моделінде пайдаланылатын қызметтер/функциялар мыналармен: 1) AI Vision Inside және 2) Bixby функцияларымен шектеледі. 

2024 жылдың наурызына қараған жағдай бойынша AI Vision Inside тағам өнімдерінің 33 түрін, мысалы, жаңа піскен жемістерді және көкеністерді тани алады. Егер өнімдерді қолмен жабса немесе танылмаса, олар белгісіз болып анықталады. Камера тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың камерасының себеттерінде орналасқан тамақ өнімдерін тани алмайды немесе атай алмайды. Тамақ өнімдерін табу және сәйкестендіру алдын ала іріктелген деректер жиынтығында оқытылған біздің терең оқыту моделімізге негізделген және толық емес немесе сенімсіз ақпаратты бере алады. Уақыт өте келе дәлдікті арттыру үшін біздің оқыту моделімізге жаңа деректердің жиынтықтары енгізілуі мүмкін.

Бұл AI Hub-та қол жетімді барлық қызметтер жасанды интеллект болып табылады немесе ақпаратты жасанды интеллекттің көмегімен жасайды немесе оның нәтижесі болып табылады деген сөз емес. Терең оқыту моделдерін пайдаланатын қызметтер/функциялар мыналармен: 1) AI Smart Dial 2) AI Opti Wash & Dry және 3) Bixby функцияларымен шектеледі.Уақыт өте келе оқыту модельдері жаңартылуы және толық емес немесе қате ақпаратты беруі мүмкін.

Қазіргі кезде әзірленуде және өзгертілуі мүмкін.

Жасанды интеллект көмегімен нысандарды анықтаудың жаңартылған жүйесі 2024 жылдың екінші жартысында қол жетімді болады деп күтілуде. 

Light Detection and Ranging (LiDAR) – бұл қашықтықты анықтау мақсатында қолданылатын оптикалық технология.

Егер құлау функциясы бар серіктестеріндегі сезгек немесе Galaxy сағаттары көмегімен құлау белгілерін анықтаса, SmartThings белгіленген тұлғаға (тұлғаларға) орын алуы мүмкін төтенше жағдай туралы хабарлай алады. Құлауды анықтау сервисі осы жылдың ішінде қол жетімді болады деп күтілуде.

Лақтырылған балық ауларын қайта өңдеуден алынған пластик келесі құрылғыларда қолданылады: Samsung Galaxy S22, Galaxy S23, Galaxy S23 FE, Galaxy Z Flip4, Galaxy Z Fold4, Galaxy Z Flip5, Galaxy Z Fold5, Galaxy Tab S9, Galaxy Tab S9 FE, Galaxy Book3, Galaxy Book4, Galaxy Buds2 Pro, Galaxy Buds FE және басқаларда.

10 Қайта өңделген алюминий BESPOKE тоңазытқыштарының есік панелдерінің келесі модельдерінде қолданылады: RQ38B9981APG, RR40B9971APG, RR40B99C5AP, RW33B99, RW33B99C5TF, RZ38B98 және RZ38B98C5AP.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Жүктеу

  • Samsung’s-‘AI-for-All’-Vision-Unveiled-at-CES-2024_dl1.jpg

  • Samsung’s-‘AI-for-All’-Vision-Unveiled-at-CES-2024_dl2.jpg

  • Samsung’s-‘AI-for-All’-Vision-Unveiled-at-CES-2024_dl3.jpg

  • Samsung’s-‘AI-for-All’-Vision-Unveiled-at-CES-2024_dl4.jpg

  • Samsung’s-‘AI-for-All’-Vision-Unveiled-at-CES-2024_dl5.jpg

  • Samsung-AI-for-All-Vision-at-CES-2024_dl8-1.jpg

  • Samsung-AI-for-All-Vision-at-CES-2024_dl9-1.jpg

  • Samsung-AI-for-All-Vision-at-CES-2024_dl10-1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары