[Шақыру] CES 2026-дағы Samsung іс-шарасы: ‘The First Look’
Samsung Electronics The First Look шарасын 4 қаңтарда Лас-Вегас уақыты бойынша 19:00-де (5 қаңтарда Астана уақыты бойынша 8:00-де) Wynn Las Vegas қонақ үйінде Latour Ballroom-да іс шара өткізеді. IT технологиялар және тұрмыстық электрониканың әлемдегі ірі көрмесі CES 2026 ашылуына дейін екі күнге дейін өтетін іс-шарада компания 2026 жылға арналған DX (Device eXperience) бөлімшесін өзінің қалай көретіндігін және де жасанды интеллект негінізегі клиенттерге арналған жаңа мүмкіндіктерді ұсынады.
CEO және Device eXperience (DX) бөлімшесінің басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh), The First Look кезінде басты спикер болады. Президент және видеодисплейлер (VD) бөлімшесінің басшысы С.В. Ён (SW Yong), және атқарушы вице-президент және тұрмыстық техника (DA) бөлімшесінің басшысы Чеольги Ким (Cheolgi Kim) де алдағы жылға арналған сәйкес бөлімшелерге арналған өзінің көзқарасымен бөлісу үшін сахнада сөз сөйлейді.
Іс-шараның тікелей таратылуы Samsung Electronics ресми YouTube-арнасында, сондай-ақ Samsung Newsroom, Samsung TV Plus-тағы FAST сервисінде (жарнама қолдауымен тегін ағындық телеарна) жүргізіледі. Samsung қосымша іс-шаралары компанияның ерекше көрмесінде Wynn Las Vegas қонақ үйінде 7 қаңтарға дейін өтетін болады.
![]()
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.