Соңғы Galaxy AI жаңартуында енді жаңа тілдер қолжетімді
Samsung компаниясы Galaxy AI көмегімен тілдік кедергілерді еңсеруді, көбірек пайдаланушылар үшін қарым-қатынастың инновациялық технологияларын енгізуді жалғастыруда
Samsung Electronics компаниясы Galaxy AI-де үш жаңа тілдің алдағы шығарылымы туралы хабарлады: араб, индонезиялық және орыс тілдерін, сондай-ақ үш жаңа диалектінің: австралиялық ағылшын, кантон және канадалық француз. Қазірдің өзінде қол жетімді 13 тілге қосымша¹, Samsung бүкіл әлемдегі Galaxy пайдаланушыларына мобильді жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Аталған тілдер мен диалектілерден басқа, Samsung биыл тағы төрт тілді, соның ішінде румын, түрік, голланд және швед тілдерін, сондай-ақ дәстүрлі қытай және португал тілінің еуропалық нұсқасын қосуды жоспарлап отыр.
«Мобильді жасанды интеллектті барлығына қолжетімді ету мақсатында биылғы жылы Galaxy AI тілдік мүмкіндіктерін кеңейту Galaxy пайдаланушыларының одан да көп санына тілдік кедергілерден тыс сөйлесуге мүмкіндік береді, — Samsung Electronics компаниясының мобильді бөлімшесінің (Mobile eXperience Business) президенті және басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh) атап өтті. — Біз өз технологияларымыздың жетілдіруін және мобильді жасанды интеллекттің бірінші дәрежелі тәжірибесінің ұсынулуын жалғастыра отырып, одан да көп пайдаланушылар өздерінің шексіз әлеуетін ашу үшін қажетті құралдарды алуына мүмкіндік береміз».
Galaxy AI мүмкіндіктерінің сипаттамасы
- Live Translate функциясы нақты уақыт режимінде телефон әңгімелерінің екі жақты дауыстық және мәтіндік аудармасын қамтамасыз етеді, бұл саяхат кезінде рейстерді брондау немесе шетелдіктермен олардың тілінде сөйлесуді жеңілдетеді.
- Transcript Assist функциясы жасанды интеллектті және мәтінді сөйлеуге түрлендіру (Speech-to-Text) технологиясын қолдана отырып, дауыстық жазбаларды таңбалауға, қорытындылауға және тіпті аударуға арналған.
- Interpreter функциясы бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдардың әңгімесін бірден нақты уақытта аударып, оның таңбалауын ыңғайлы бөлінген экран арқылы оқуға мүмкіндік береді.
- Chat Assist функциясы диалог мақсатқа сай болуы үшін, мағынаны ескере отырып, сөйлемдер құру арқылы қарым-қатынас реңкін реттеуге мүмкіндік береді: мысалы, әріптеске сыпайы хабарлама немесе әлеуметтік желілердегі қолтаңба үшін қысқа, есте қаларлық сөз тіркесі. Samsung пернетақтасына орнатылған жасанды интеллект хабарламаларды нақты уақытта аударуға көмектеседі.
- Note Assist функциясы жасанды интеллект арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын, алдын ала пішімделген шаблондарды, мұқаба беттерін жасай алады және пайдаланушылардың күнделікті өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін мәтінді аударуды жүзеге асыра алады.
- Browsing Assist функциясы мақалалардың немесе веб-беттердің қысқа жинақтамасын жасау арқылы соңғы жаңалықтардан хабардар болуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сәуір айының соңынан бастап және одан кейінгі айлар ішінде Galaxy AI қолдайтын жаңа тілдер мен диалектілерді «Параметрлері» қосымшасынан тіл бумасы ретінде жүктеп алуға болады.
Galaxy AI туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сайттарға кіріңіз: Samsung Newsroom, Samsungmobilepress.com және Samsung.com.
1 Келесі тілдер қолжетімді: ағылшын (Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ), испан (Мексика, Испания, АҚШ), вьетнам, қытай, неміс, хинди, итальян, корей, поляк, португал (Бразилия), тай, француз, жапон.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.