Тағылатын құрылғылар ақылдырақ бола түсті: Google Gemini Samsung Galaxy Watch және Buds-қа қолжетімді болады

19.05.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Сіздің Galaxy тағылатын құрылғыларыңыз алдағы айларда одан да ақылды бола үседі. Google Gemini Galaxy тағылатын құрылғылары топтамасында алғашқы рет кіріктіріле отыра, Samsung Galaxy Watch сағаттарында пайда болуға дайындалып жатыр. Сонымен қатар, Gemini Galaxy Buds3 топтамасына қосылған кезде бұрынғыдан да жатықтау болады. Бұл жаңарту Galaxy экожүйесінде AI мүмкіндіктерін кеңейтіп, біртұтас және интеллектуалды тұтынушы тәжірибесін жасайды.

 

Galaxy Watch: Бос қолдарыңмен көбірек іс тындыр

Galaxy Watch-тағы Gemini көмегімен қозғалып жатқанда нәтижелі болып қалу үшін, әдеттегі дауыстық пәрмендер арқылы қолдарыңызды қимылдатпай-ақ көмек ала аласыз. Жаттығу залында жүгіру жолында жүгіріп жатқанда, Gemini-ге жай ғана: «Менің бүгін №43 шкафты қолданатыным есіңде болсын» деп айтыңыз. Осылайша сізді басқа ойлар мазаламай, алаңдамай жаттығуларыңызды жасай аласыз. Немесе азық-түлікке толы пакеттерды ұстап тұрып, қолыңыз бос болмағанда, хабарламаны жылдам шолып қарап шуығу үшін Gemini-ден жай ғана: «Электрондық поштадағы соңғы хатты талдап қорыт» деп өтініңіз. Gemini бұндай сұратарды қолданбаларыңыз арқылы өңдейді, бұл сізге жауапты жылдам көруге және істеп жатқан ісіңізге жылдам қайта  оралуға мүмкіндік береді.

 

Gemini Wearables

▲ Gemini көмегімен Galaxy Watch пайдаланушылар өз ырғағынан ауыспай, қабілеттілігін сақтап қала алады.

 

Galaxy Buds: құрылғымен үзіліссіз өзара әрекет

Galaxy Budsты қолданған кезде, Gemini тәжірибесі қарапайым бола түседі. Дауысты немесе батырманы басу және ұстап тұруды қолдана отыра, сіз өзіңіздің Galaxy құлаққаптарыңызда Gemini-ді белсендіре аласыз және өзіңіздің Galaxy смартфоныңызбен баяу өзара әрекет ете аласыз.Жүгірер алдында өзіңіздің кроссовкаңыздың бауын байлап жатып Gemini—ден: «Бүгін жүгіргенге ауа райы қандай?» – деп телефоныңызды алып жатусыз-ақ жәй ғана сұраңыз.Gemini көмегімен Galaxy-дың барынша зерделі тәжірибесі сіздің тура саусақтарыңыздың ұшында.

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары