Жаңартылған Тәуелсіздік Сарайы: Samsung астананың нышанын қалпына келтіруге қалай қол ұшын созды

23.09.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Тәуелсіздік сарайы – Астананың көрнекті және танымал нысандарының бірі. Мұнда әртүрлі форматтағы көптеген мемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, Президентті ұлықтау рәсімі, ШЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және т. б.

 

Өткен жылдың көктемінде ауданы 40 мың шаршы метрден асатын нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бірнеше айдың ішінде сарай сыртқы және ішкі жағынан да айтарлықтай жаңартылды. Samsung Electronics бұл істе маңызды миссия – үй-жайларды заманауи дисплейлермен жабдықтау және барлығын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің отырысына дайындаум тапсырылды. Ауқымды іс-шара Астанада 2024 жылғы шілдеде өтті.

 

Samsung Electronics-қа сенімнің артылуы жайдан жай емес еді, себебі компания кәсіби визуализацияның әлемдік нарығында жетекші орынға ие*.

 

 

Келушілерді босағадан аттай бере, көлемі  5-те 8 метрлік үлкен дисплей қарсы алады. Онда демонстрациялық немесе ақпараттық бейнематериалдар нақты көрсетіледі. VIP-фойені де ұқсас құрылғылармен жабдықтадық.

 

Негізгі кездесулер жоғары деңгейде өтетін Тәуелсіздік сарайының белді мәжіліс залында Samsung-тың басты мақтанышы орналасқан. Мұнда 38-де 11 метрлік үлкен дисплей орнатылды. Ол 800 LED кабинеттерден тұрады. Дисплей кез-келген контентті қоса алады, оның көмегімен тікелей эфирлерді оңай жүргізуге болады. Ол сондай-ақ, оны бірнеше бөлікке бөліп және әрқайсысында әртүрлі материалды бейнелеуге болатындығымен қолайлы.

 

 

Samsung The Wall премиум LED экрандарымен бірінші және екінші қабаттардағы мәжіліс залдары да безендірілді. Инновациялық технологияның арқасында қатысушылар мінсіз сурет сапасына сүйсінеді. Кездесулер мен онлайн кездесулерді мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді өткізу үшін 4 бөлменің әрқайсысында 182 дюймдік экрандар орналастырылды. БАҚ өкілдері тікелей эфирдегі жиналыстардың немесе саммиттердің барысын егжей-тегжейлі бақылай алатындай етіп тағы екі баспасөз орталығы 216 дюймдік дисплейлермен жабдықталды.

 

 

Негізгі жағымды жаңалықтардың бірі – Тәуелсіздік сарайының 3 қабатында орналасқан Бал залындағы үлкен дисплей болып табылады. Мұнда 15-тен 3 метрге дейінгі экран орнатылды. Ол сахнаның фоны секілді функцияға арналған және онда банкет немесе басқа да салтанатты іс-шаралар барысында әртүрлі контентті таратуға болады.

 

Бұл ауқымды жобада Samsungтың басты серіктесі Iron Shell компаниясы болды. Ол жабдықты сапалы және жылдам орнатуды қамтамасыз етті. Samsung Electronics әлемдік дисплей индустриясында жоғары деңгейге жетуді жалғастыруда. Астанадағы Тәуелсіздік ауласын реконструкциялау кейсі сапа мен сенімділіктің кезекті белгісі.

 

* Кәсіби визуалдау нарығының «Display Search» зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, 2009-2012 жылдар аралығында
* Кәсіби визуалдау нарығының «Omdia» зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, 2013-2023 жылдар аралығында

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары