[Бейне] [CES 2024] Samsung компаниясының ең мөлдір MICRO LED дисплейі контент пен болмыс арасындағы шекараларды жояды

12.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Мөлдір жарық диодтары контент пен болмыс арасындағы шекараны жойып, теледидарды көру әсерін толықтай өзгерте алады. Samsung Electronics компаниясы бұл революциялық технологияны қолдана отырып, тамашалаудан алынатын әсерлерді мүлдем жаңа деңгейге көтеру үшін өзінің MICRO LED алдыңғы қатарлы дисплейін жетілдірді.

 

MICRO LED мөлдір дисплейі 9 қаңтардан 12 қаңтарды қоса алған мерзімде Лас-Вегас қаласында өткен Consumer Electronics Show (CES) 2024 тұтынушылық электроника мен ақпараттық технологиялардың ең ірі көрмесінің қарсаңында алғашқы рет 7 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша) Samsung First Look 2024 стендінде ұсынылды.

 

MICRO LED жаңа модульді дисплейі алты жылдық зерттеулер мен әзірлемелердің негізіндегі айрықша кәсіби деңгейдің нәтижесіне айналды. Ол келгендерді өзінің болашаққа апарар дизайнымен тамсандырды. Әйнектей таза шыныға ұқсас дисплей кескіндер технологиялары саласында революцияны жасады және бүкіл дүние жүзінен пайдаланушылардың назарына ілікті.

 

MICRO LED мөлдір дисплейі төмендегі бейнебаянда спорттан киноға дейінгі кез келген контентті қарауды одан әрі жарқын және жан еліктірерлік етеді.

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар

Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары