Саяхат сәттерін ұмытылмас естеліктерге қалай айналдыруға болады ②: Сан-Франциско с Galaxy AI
Бірінші бөлімде Galaxy S26 Ultra камерасымен Сан-Францисконың алуан түрлі пейзаждарын түсіргеннен кейін, бұл эпизодта ары қарай не болатынына назар аударады. Жетілдірілген жасанды интеллекттің арқасында Galaxy S26 Ultra тұтынушының ниетіне негізделген фотосуреттерді өңдеп, оларды жаңа контент үлгілерінде қайта елестетеді.
Samsung Newsroom Galaxy S26 Ultra AI-мүмкіндіктерін қалада тікелей сынап көру арқылы саяхат тәжірибесін қалай жақсартатынын зерттеді.
[Фотосуреттер бойынша көмекші]
Бір мәтіндік сұраныс арқылы қалпына келтіру және жақсарту
Саяхат кезінде алдымен шанышқыға қарай қол созып, тек содан кейін ғана фото түсіру керек болғандығы туралы еске түсуі оңай. Сан-Францискодағы кафелердің бірінде торттың бір бөлігі желініп қойылды, алайда Galaxy S26 Ultra осы жіберіліп алынған сәтті оңай түзеді.
«Оны жемегендей етіп қойшы» деп сұраныс жасау жеткілікті, және ж-де «Фортосуреттер бойынша көмекші» тортты бастапқы қалпына келтіреді.
▲ Фотосуреттер бойынша көмекші көмегімен өңделген, ішінара желініп қойылған тортты «дейін» және «кейін» салыстыру.
Түсірілімнен кейінгі кез келген көріністі қайта қарастыру
Саяхат кезінде мінсіз фотосуретке түсіру оңай емес. Пейзаж, нысан және уақыт мінсіз үйлесетін сәттер сирек кездеседі.
«Фотосуреттер бойынша көмекші» көмегімен Сан-Франциско көшелерінің суреті өтіп бара жатқан трамвайдың суретімен біріктіріліп, мінсіз нәтижеге қол жеткізілді – бәрі бір сәтте түсірілгендей.
▲ Фотосуреттер бойынша көмекші көмегімен трамвайды қоса отыра, көше пейзажының дейін және кейін көше пейзажын салыстыру
Тағы бір ерекшелігі – тәулік уақытын өзгерту мүмкіндігі. Сан-Франциско айлағының күндізгі фотосуретін жүктеп, «Мұны күн батып бара жатқандай ет» немесе «Мұны түнгі көрініске айналдыр» сияқты сұрауларды енгізгеннен кейін, Galaxy AI аспан мен жарықтандыруды күннің басқа уақытында көріністі қайта жасау үшін реттеді.

▲ «Дейін және кейін» салыстыруы: Photo Assist көмегімен айлаққа күннің батуы мен түнгі көріністеріне айналған күндізгі көрініс
[Creative studio]
Фотоларды шығармашлықы туындыға айналдыру
Сан-Францисконың көрнекті орындарының бірі – 39-шы айлақта теңіз арыстандарын суретке түсіргеннен кейін, фотосурет Creative Studio-ға импортталды. «Майлы бояумен картина» стилін таңдағаннан кейін, Galaxy AI суреттің құрылымы мен түстерін талдап, оны майлы бояумен салынған суретке айналдырды.
▲ Creative Studio көмегімен «Майлы бояумен картина» стилінде салынған 39-шы айлақтағы теңіз арыстанының суретін «дейін» және «кейін» салыстыру.
Нәтижесінде жаңа эстетикалық түсінік пайда болды және толығымен тәуелсіз өнер туындысы сияқты сезіледі.
Galaxy S26 Ultra құрылғысындағы Creative Studio саяхат фотосуреттерін әртүрлі стильдерге түрлендіреді, бұл пайдаланушыларға естеліктерді жаңа жетістіктер арқылы сақтауға көмектеседі.

▲ Creative Studio көмегімен жасалынған «Майлы бояумен картина» стиліндегі Сан-Францискодағы көріністен бейне
Жеке стикерлерді оңай жасау
Жеке стикерлер теңіз арыстандарының фотосуретін қолдана отырып жасалған. Creative Studio іске қосылғаннан және кескін мен стильді таңдағаннан кейін, “Жасау” батырмасын басу теңіз арыстандарының ерекшеліктерін бейнелейтін стикер кейіпкерін алуға мүмкіндік берді.
Пайдаланушылар қажетті нәтижеге жеткенше кескіндерді қайта жасай алады, содан кейін стикерді тақырыптық жинақ ретінде сақтау үшін “Өмірдегі сәттер”, “Мектеп күндері” немесе “Бүгінгі көңіл-күй” сияқты жеті тақырыптың бірін таңдай алады.
▲ Creative Studio-да жасалынған теңіз арыстандарымен стикерлер
Бұл стикерлерді тек фотосуреттерді безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар хабарламалар мен жазбаларды қоса алғанда, мәтіндік қолданбаларда да пайдалануға болады.
Creative Studio көмегімен пайдаланушылар күнделікті фотосуреттерді жекелендірілген мазмұнға айналдыра алады, естеліктермен достарымен және отбасымен немесе әлеуметтік желілерде жаңа тәсілдермен бөлісе алады.
Galaxy S26 Ultra құрылғысында Сан-Францискодағы сәттерді түсіріп, оларды Galaxy AI көмегімен жақсарту саяхат естеліктерін бұрынғыдан да молырақ етті. Түсіру мен өңдеуден бастап бөлісуге дейін бүкіл процесс бір құрылғыда біркелкі біріктірілген.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.