Электронды қалдықтар: Samsung Electronics және Astana IT University астаналық студенттерді қоршаған ортаны қорғауға үйретеді
Samsung Electronics және Astana IT University ынтымақтастықты кеңейтуде. Енді тараптар елордалық жастардың экологиялық санасын бірлесіп қалыптастырады.
Samsung компаниясы жүзеге асырып жатқан Eco-Box бағдарламасы аясында елордалық университет ғимаратында электронды қалдықтарды жинайтын арнайы контейнер орнатылды. Қоқыс жәшігіне ескі смартфондарды, зарядтағыштарды, планшеттерді, аксессуарларды және кез келген брендтің басқа шағын өлшемді жабдықтарын тастауға болады. Қорап толғаннан кейін қалдықтарды шығару және жою Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Astana IT University студенттері мен қызметкерлері үшін саналы тұтыну бойынша дәрістер мен семинарлар өткізіледі.
Неліктен бұл маңызды? Техникалық құрылғыларда сілтілер, қорғасын, кадмий және басқа химиялық заттар бар. Олардың жауапсыз шығарылуы ауаның, топырақтың және судың ластануына алып келеді, адам денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Сондықтан электронды қалдықтарды сұрыптап, тұрмыстық қалдықтардан бөлек кәдеге жарату қажет.
Samsung компаниясының экологиялық жобасы қазіргі уақытта Алматыдағы ең ірі университеттерді қамтиды – KIMEP University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Satbayev University, AUES University, Narxoz University, SDU және IITU. Енді бұл бастамаға Astana IT University қосылды.
Eco-Box – Samsung компаниясының Eco-Conscious Service бағдарламасының бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.
Бір қызығы, бұл Samsung Electronics пен Astana IT University бірлесіп жүзеге асырып жатқан екінші ірі жоба. 2021 жылдан бастап тараптар Samsung Innovation Campus бағдарламасы аясында ынтымақтаса бастады. Университетте астаналық оқушылар мен студенттерге бағдарламалау негіздерін тегін үйрететін арнайы жабдықталған кабинет ашылған.
Компанияның жаңалықтары > Бастамалар
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.