17,1 бастап 8,9 дейін миллиметр: қалыңдықты 48%-ға азайтудағы жол

09.07.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

From 17.1 to 8.9

 

17,1 бастап 8,9 дейін миллиметр: қалыңдықты 48%-ға азайтудағы жол

From 17.1 to 8.9

 

Galaxy Unpacked 2025 іс-шарасында Нью-Йоркте 9 шілдеде Samsung компаниясы Galaxy Z Fold7 – түпнұсқа Galaxy Fold-тан 48% жұқарақ бола түскен құрылғыны ұсынды. Дегенмен де, 2019 жылы бірінші буынды шығарған сәттен бастап және де 2024 жылғы Galaxy Z Fold6-ға дейін жалпы қалыңдық1 29%-ға азайды, тек бір соңғы жылда ғана ол тағы да 26%-ға азайды. Мұндай қарқын топсалық механизмді және корпус дизайнын тұрақты дамыту арқасында мүмкін болды – барлығы тұтынушылардың жайлылығының тағы да арта түсуіне арналған.

 

Бұл жариялынымда Samsung Newsroom Galaxy Z Fold топтамасы 2019 жылдан бастап осы күнге дейін жиналмалы смартфондардың қалыңдығы туралы түсінікті қалай өзгерткендігі туралы айтады.

 

From 17.1 to 8.9

 

From 17.1 to 8.9

 

Galaxy Fold 2019 жылы жарыққа шықты және инновациялық жиналмалы пішін-факторымен Samsung-тың бірінші құрылғысы атанды. Жиналған кезде максималды қалыңдығы2 17,1 мм, ал жазылған кезде – 7,6 мм, ол тұтынушыларға икемді дисплейлер мүмкіндігін бірінші рет көрсетті. Бұл революциялық пішін жаңа мобильдік тәжірибені – алақанға жеңіл сиятын құрылғыда толық экранды көруді ұсынды.

 

From 17.1 to 8.9

 

2020 жылы жатық және сенімді жинауды қамтамасыз ететін 60-тан аса ішкі компоненттерді қосып алатын Hideaway Hinge жетілдірілген топсасымен Galaxy Z Fold2 шықты. Инженерлік тексерілген дизайн құрылғының корпусына біріктіріліп, жиналған кезде максималды қалыңдығын 16,8 мм – ге дейін, ал жазылған кезде 6,9 мм-ге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

 

From 17.1 to 8.9

 

2021 жылы Galaxy Z Fold3 тағы да жинақырақ бола түсті – жиналған кезде 16,0 мм және жазылған кезде 6,4 мм. Сонымен бірге топтамада S Pen қолдауы және IPX8 стандарты бойынша судан қорғау пайда болды. Беріктікті нығайту үшін корпус Armor Aluminum-дан жасалынды, ал Sweeper жаңартылған жүйесі топсаны шаң және ұсақ бөлшектерден қорғады. Бұл жетілдірулер ыңғайлылыққа зиян келтірмей барынша жұқа және берік дизайнға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

From 17.1 to 8.9

 

2022 жылы ұсынылған Galaxy Z Fold4, тағы да жеңілірек және жұқалау бола түсті. Тісті топса сызықтық қозғалыс механизміне ауыстырылды, бұл құрамдас бөліктердің санын азайтып, жиналған кездегі қалыңдығын 15,8 мм – ге дейін, ал жазылған кездегі қалыңдығын 6,3 мм-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді. Жаңартылған құрылым жұқа көріністі қамтамасыз етті және оның жоғары өнімділігін сақтап қалып, құрылғының эргономикасын арттырды.

 

From 17.1 to 8.9

 

2023 жылы Galaxy Z Fold5 төрт жетек өсі бар инновациялық Flex Hinge топсасына ие болды, ол экранның су тамшысы тәрізді иілуінің арқасында дәстүрлі Hideaway Hinge-ты ауыстырды. Енді смартфонның екі жартысы да симметриялы түрде жиналып, экрандағы қыртысты азайтады және жиналған бөліктер арасындағы саңылауды толығымен жояды. Қорытындысында: жиналған кезде 13,4 мм және жайылған кезде 6,1 мм барынша жинақы пішін-факторы.

 

From 17.1 to 8.9

 

2024 жылы ұсынылған Galaxy Z Fold6 одан да жұқалау бола түсті – жиналған кезде 12,1 мм және жазылған кезде 5,6 мм. Ол құрылғыны әртүрлі бұрыштарда – 75-тен 115 градусқа дейін бекітуге мүмкіндік беретін жақсартылған дизайны бар симметриялы қос топсаға ие болды. Осы тәсілдің арқасында тасымалдау да және күнделікті қолданудың ыңғайлылығы да артты.

 

From 17.1 to 8.9

 

Бүгінгі таңда Galaxy Z Fold7-тарихтағы ең жұқа Galaxy смартфоны. Оның қалыңдығы жиналған кезде небәрі 8,9 мм және жайылған кезде 4,2 мм, бұл жиналмалы құрылғылар әлемінде жаңа стандартты белгілейді. Құрылымның негізінде – максималды беріктік пен жинақылық үшін оңтайландырылған архитектурамен инновациялық материалдарды біріктіретін Armor FlexHinge топсасы. Сонымен қатар, Galaxy Z Fold6-дағы 6,3 дюймдік сыртқы экраннан айырмашылығы, жаңа Galaxy Z Fold7 жиналған кезде ыңғайлы болу үшін 6,5 дюймдік (164,8 мм) үлкейтілген дисплейге ие болды. Негізгі экраны3 қазір 8 дюймді (203,1 мм) құрайды, бұл алдыңғы экраннан 11% артық – бұл Z Fold сериясындағы бүгінгі күнге дейінгі ең үлкен дисплей.

 

Әрбір жаңа буынмен Galaxy Z Fold топтамасы пішіні мен функционалдығы жағынан жақсарып, жұқарып, барлық жаңа мүмкіндіктерді ашты. Мұндай прогрестің негізінде Samsung топса технологияларының үздіксіз дамуы жатыр. Galaxy Z Fold смартфон дизайнының шекараларын кеңейтуді жалғастыра отырып, Samsung инновациялық шешімдер жасауға және мобильді құрылғылардың болашағын – жаңа деңгейдегі икемді пішін- факторымен қалыптастыруға деген ұмтылысқа адал болып қала береді.

 

1 Қалыңдығы жазылған кезде негізгі дисплейден артқы панельге дейін өлшенеді. Жазылған кездегі қалыңдық-сыртқы дисплейден артқы панельге дейін.

Жиналған кездегі максималды қалыңдық топса аймағында – құрылғының ең кең нүктесінде өлшенеді.

Galaxy Z Fold7 басты экраны диагональ бойынша өлшенеді – 203,1 мм (8 дюйм). Нақты көрінетін аймақ дөңгелектелген бұрыштарға байланысты кішірек.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары