Жіңішкерек, жеңілірек және беріктеу: Galaxy Z сериясының жаңа заманасы

11.06.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Адамдар смартфондарды олардың қуаттылығы, ыңғайлылығы және үнемділігі үшін бұрыннан бағалайтындығына қарамастан, әмбебаптық пен тасымалдылықты біріктіретін сол бір мобильді құрылғыны үнемі күтеді. Samsung Electronics компаниясы инновациялық ұялы тәжірибені жасау үшін әрқашан тұтынушылардың қажеттілігіне баса назар аударады. Бұл өзгермелі қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген мызғымас міндеттеме мобильді дизайн өлшемдерін үнемі қайта анықтайтын инновациялық форм- факторларының дамуы мен үздіксіз жетілдірілуіне түрткі болды.

 

2019 жылы ұсынылған бірінші Galaxy Fold смартфонның ықшамдылығын планшеттің кең өнімділігімен үйлестіретін, сонымен бірге «смартфон» санатына жататын дәстүрлі түсініктерге қарсы тұратын мүлдем жаңа пішін факторының мысалы болды. Бүктемелі телефондар бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі талапты – үлкен экрандар мен шынайы ықшамдылықты үйлестіре алады деген батыл көзқарасқа сүйене отырып, Samsung шабыт алу үшін басқа салаларға жүгінді, берік топса жасап, смартфон дисплейлері де жинала алатынын дәлелдеді. Бұл үздіксіз көп тапсырмадан тартымды контентті жасауға дейін жаңа мүмкіндіктерді ашатын креативтілік пен өнімділіктің синтезі болды.

 

Алайда смартфондар – біз қалтамызға салып қойып, бір қолмен пайдаланатын, кез келген жерде алып жүретін тұрақты серігіміз. Тұтынушылар пайдалану сияқты тасымалдауға оңай жиналмалы құрылғыны қалайтыны қалыпты нәрсе. Осы мақсатта Samsung инженерлері мен дизайнерлері Galaxy Z сериясының әрбір буынын алдыңғысына қарағанда жұқа, жеңіл және берік болуы үшін жетілдіреді.

 

 

* Бейне иллюстрациялар үшін кескінделген

 

Биыл біздің мақсатымыз жаңа белеске жетті. Galaxy Z жап-жаңа сериясы – барлық жиналмалы үлгілердің ішінде ең жұқа, ең жеңіл, ең жетілдірілген жиналмалы, мұқият жасалған және ұзақ уақыт ұстап жүруге арнап жасалынған.

 

Осы жақында Ultra мүмкіндігі толық көлемде ашылады.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары