Әрбір секунд санаулы болғанда: Galaxy Watch-тың денсаулықты қадағалау мүмкіндігі өмірлерді құтқаруға көмектеседі

27.11.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

«Мен кез-келген сәтте есімнен танып қалушы едім».

 

Дәл осылай Роберто Гайярт (Roberto Gallart)  Galaxy Watch6  сағаттары оны өмірге қауіп төндіретін  сырқаты туралы хабарлап,  өзінің тағдырын шешкен күндегі өзінің жағдайын сипаттайды.  Бір хабарлама  оны көмекке жүгінуге итермеледі – бұл шешім нәтижесінде оның өмірін құтқарды.

 

Гайярта оқиғасы – Galaxy Watch қалайша тұтынушылардың күткендерінен асып түсетіндігінің көптеген мысалдарының бірі: жасырын денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды анықтайды, аурулардың алдын алуға қолдау көрседі және шешуші сәттерде іс-қимыл жасауға бағыт беретін деректерді ұсынады. Samsung Newsroom олардың өмірлері Galaxy Watch арқасында құтқарылған тұтынушылардың оқиғаларымен бөліседі.

 

Иордания: жүрек ырғағының бұзылуы туралы хабарлау функциясы жасырын патологияларды анықтайды

 

 

Доктор Ахмад Шарадаг (Ahmad Sharadgah), Иорданиялық Galaxy Watch Ultra тұтынушысы жаңа смарт-сағаты жүрек ырғағының бұзылуы (IHRN) туралы хабарламалар жібере бастағанда өзін толықтай сау сезінді¹. Ешқандай симптомдар болмаса да, қайталанатын ескертулер оны ауруханаға баруға көндірді, бұл оның өмірін өзгерткен шешім болды.

 

Дәрігерлер жедел емдеуді қажет ететін ауыр жүрек ауруы – прогрессивті атеросклерозды² анықтады. Смарт-сағатсыз сырқат анықталмауы мүмкін еді.

 

««Сағатымнан келген ескертулердің арқасында мен тым кеш болмай тұрып шара қолдана алдым», – деді ол. «Galaxy Watch Ultra менің өмірімді сақтап қана қоймай, отбасымды ықтимал трагедиядан да қорғады. Өзімнің алғысымды білдіремін».

 

Бразилия: ЭКГ функциясы жасырын қауіптерді анықтауға көмектеседі

 

Рио-де-Жанейродағы жергілікті спортзалына үнемі баратын Гайяртқа оралайық. Бір күні, әдеттегі жаттығу кезінде, ол кенеттен кеудесінде қатты ауырсынуды сезінді.

 

Дабыл қағып, ол Galaxy Watch6 сағатындағы электрокардиограмма (ЭКГ)³ функциясын тексеріп, сол күні алынған төрт «Анықталмаған жүрек ырғағы» көрсеткіштерін көрді.

 

Гайярт  ауруханаға асықты , онда дәрігерлер оның негізгі коронарлық артерияларының бірі толығымен бітеліп қалғанын, ал қалған екеуінің қатты тарылғанын анықтады. Шұғыл көмек көрсетілмесе, оның өміріне қауіп төнетін еді.

 

«Мен жүрек талмасы алдында тұрдым және кез келген уақытта есімнен танып қалуым мүмкін еді”, – деді ол. – ЭКГ функциясы менің құтқарылуымда шешуші рөл атқарды. Оның ескертуінсіз мен уақытында көмек іздеп бармас та едім».

 

Корея: қандағы оттегі деңгейін өлшеу функциясы ұшақ бортындағы төтенше жағдайларда көмектеседі.

 

Лас-Вегастан Сеулге ұшып бара жатқан ұшақта жолаушылардың бірі есінен танып, есін жия алмады. Бақытымызға орай, Сеул ұлттық университеті ауруханасының медицина профессоры доктор Чонмо Со (Jongmo Seo) бортта болды және көмек көрсете алды.

 

9000 метрден астам биіктікте медициналық жабдықтарға қол жеткізу шектеулі болды, бірақ күтпеген жерден – бортсеріктің білегіндегі Galaxy Watch көмекке келді .

 

Galaxy Watch-тағы қандағы оттегі деңгейін (SpO2)⁴ өлшеу функциясын пайдаланып, доктор Со жолаушының оттегімен қанығуын және жүрек соғу жиілігін нақты уақыт режимінде бақылады. Оның басты басымдығы пациенттің миына жеткілікті оттегі түсіп жатқанын анықтау болды. Осы деректерге сүйене отырып, ол жолаушы есін жиып, жағдайы тұрақтанғанша жедел көмек көрсетті.

 

«Galaxy Watch болмаса, менің әрекет ету  мүмкіндіктерім әлдеқайда шектеулі болар еді, – деді доктор Со. – Нақты уақыттағы деректерге қол жеткізу маған жедел жәрдемді тиімдірек үйлестіруге мүмкіндік берді».

 

Сенімге және күнделікті денсаулық сақтауға негізделген инновация

Күн сайын Гайярт, Шарадаг және Доктор Со секілді адамдар өздерінің әл-ауқатын басқару үшін — жаттығуларын, ұйқысын, тамақтануын және т.б. бақылау үшін Galaxy смарт сағаттарын пайдаланады. Олардың Galaxy Watch-қа деген сенімі Samsung компаниясының жеке құралға, баға жетпес көмекшіге және қажет болған кезде сенімді қолдауға айналатын технологияны әзірлеуге деген міндеттемесін арттырады.

 

«Біздің мақсатымыз – адамдардың көптеген бөлігіне біздің технологияларымыздың көмегімен салауатты өмір сүруге көмек көрсету, – деп айтты Samsung Electronics-тағы Mobile eXperience бөлімшесінің денсаулыққа арналған аппараттық қамтамасыз етуді дайындау тобының басшысы Чонмин Чой (Jongmin Choi). – Galaxy Watch қиын сәттерде өмірлерді құтқаратындығын сезіну үлкен қуаныш сезімін тудырады».

 

1 Galaxy Watch тағып жүргенде, жүрек ырғағының бұзылуы туралы хабарлама (IHRN) функциясы аялық режимде жүрек ырғағының бұзылуын бақылайды.

Атеросклероз — бұл артерия қабырғаларында майлар, холестерин және басқа заттар жиналып, қан ағымын шектейтін, бұл ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін сырқат.

Электрокардиограмма (ЭКГ) функциясын қолмен белсендіру қажет. Тұтынушы 30 секундтық көрсеткішті жазу үшін саусағыңызды «Басты бетке» батырмасын басуы керек.

Қандағы оттегіні өлшеу функциясы смарт-сағат білекке мықтап тағылғанда және пайдаланушы қозғалмай тұрғанда қандағы оттегі деңгейін бағалау үшін оптикалық сенсорды пайдаланады.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары