BTS-тік RM Samsung Өнер теледидарының әлемдік амбассадоры болды
RM әлемдік арт-индустрия атынан өнер көрсете отыра, Samsung Арт-ТВ амбассадоры ретінде үлкен сахнаға қайта оралады

▲ Жаһандық танымал әнші және танымал көркем өнер бағалаушысы RM, Samsung Арт-ТД ресми өкілі болды. Амбассадор ретінде ол тұтынушылар мен жанкүйерлерін өзінің ерекше дүниетанымы арқылы өнер әлемін зерттеуге шақыра отыра, Samsung Art Store арқылы өнер туындылары туралы өз пікірлерімен бөлісетін болады. (Суретті BIGHIT MUSIC ұсынған).
Samsung Electronics Co., Ltd. BTS, әлдеқашан танымалдыққа ие болған поп-тобының мүшесі RM, Samsung Өнер-ТД1 ресми амбассадоры болғанын хабарлады. Бұл тағайындау RM-ның Кореядағы міндетті әскери қызметтен көптен күткен оралуынан кейінгі ресми әрекеттерінің бірі болып табылады.
Көркем өнердің әлемдік бағалаушысы ретінде RM, танымал мұражайларға барып тұруы және өзінің заманауи өнер жұмыстарының жеке топтамасын қоса алғанда, көрнекі шығармашылықты өзінің терең бағалағаны үшін жаңалықтардың басты беттеріне шығып отырды. Енді Samsung Өнер-ТД амбассадоры ретінде RM, көрінімдік өнер туындысына өз лебін және Samsung теледидарларының барлық әлем бойынша тұтынушыларының ынтызарлығын қосады.
” RM-ның өнерге және мәдениетке деген құмарлығы біздің өнерді технологиялар арқылы қалай жеткізуге болады деген біздің көзқарасымызбен терең тұтасады,” – деді Samsung Electronics визуалдық дисплейлер бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Хан Ли (Hun Lee). “Біз оны Samsung Өнер теледидарларының амбассадоры ретінде көргенімізге қуаныштымыз және біз оның дауысы жаңа ұрпақты өнер әлемін терең және жеке зерттеуге шабыттандыратынына сенеміз.”

Алдыңғы қатарлы дисплейлік технологиялар және көркем өзін-өзі танудың үйлесуімен танымал Samsung Өнер-ТД, онда өнер туылатын өзіне тартып алатын платформа ретінде қызмет етеді. 4K ажыратымдылығындағы 3500 жұмыстан аса жазылым негізіндегі сервис Samsung Art Store2 арқылы, енді тұтынушылар RM-ның өзінен ақпаратпен бірге басқарылатын контентті рақаттанып тамашалай алады. Таңдап алынған жұмыстар бойынша оның жеке ойлары және пікірлері, өнер жанкүйерлері мен сүйіп тыңдаушыларына оның әсемдікті сезінуіне ерекше жолды ұсына отыра тікелей Samsung Art Store-да қолжетімді болады.
“Өнерден терең шабыт және жанға жайлылық табатын адам ретінде, мен өзімнің саяхатыммен -және көрінімдік шығармашылыққа деген махабатыммен бөлісу үшін Samsung-пен қуана серіктес боламын”, деді RM. “Осы серіктестіктің арқасында, мен тағы да көптеген адамдардың дәл мен сияқты – өзінің күнделікті өмірін өнермен байланыстыра алатынына үміттенемін.”
Өзінің жаңа рөлі аясында, RM халықаралық өнер туындыларының көрмесінің бірі болып табылатын және Швейцариядағы Базельде өткізілетін Арт-Базельге келеді. Ол жерде заманауи өнер, коллекциялау және көрінімдік баяндаудың мәдениеттік маңыздылығы туралы өзінің ойларымен бөлісу үшін арнайы сессия өткізеді. Бұл шараның басты оқиғалары, ерекше шолулар және сахнадан тыс сәттерді қоса алғанда, Samsung Global Newsroom-да жарияланатын болады.
RM-ның Samsung Өнер-ТД бірге серіктестігі өнер, технологиялар және ғаламдық поп-мәдениеті арасындағы жаңа диалог үшін жағдай жасайды. Осы серіктестіктің арқасында, Samsung әлемдік деңгейдегі өнерді барынша қолжетімді және жеке етуге деген өзінің ұстанымымен жүруді жалғастыруда – енді RM -мен бірге жанкүйерлер және өнер әлемі арасындағы көпір секілді.
Көбірек ақпарат алу үшін www.samsung.com сайтымызға кіріңіз.
BTS—тік RM туралы
RM (Ким Намджу́н) – оңтүстік кореялық рэпер, әндер авторы, музыкалық продюсер және танымал болып үлгерген BTS поп-тобының көшбасшысы. Оның дискографиясында RM жеке орындауындағы микстейптар (наурыз 2015) және mono. (қазан 2018), сондай-ақ Indigo (желтоқсан 2022) және Right Place, Wrong Person (мамыр 2024) жеке алюбомдары, оның әртүрлі жанралардағы керемет жан-жақтылығын көрсетеді. Шығармашылық күш және өнерді шын сүюші ретінде RM, өнердің әртүрлі пішіндерімен жиі шабыттандырылған терең мәтіндерді жасағаны үшін танымал. Оның музыкаға деген икемді және философиялық көзқарасы, сондай-ақ жаңашылдық серіктестік көмегімен жасампаз шекараларды жарып өтуге қабілеттілігі, Erykah Badu, Anderson. Paak, Lil Nas X, HONNE, Mahalia және тағы басқа әртүрлі әртістермен жұмыс істеуге алып келді.
2024 жылғы 24 мамырда, RM сыншылар жоғары бағалаған өзінің Right Place, Wrong Person атты екінші жеке альбомын шығарды.
1 Samsung Өнер-ТД, Q7F және жоғарысынан бастағанда, MICRO LED, The Frame, The Frame Pro, Neo QLED 8K, Neo QLED және QLED өзіне қосып алады.
2 Samsung Art Store – бұл The Frame, NEO QLEDs және QLEDs қоса алғанда, Samsung Арт-ТД-да қолжетімді жазылым сервисі. Қазіргі таңда әлемнің 117 елінде қолжетімді, Samsung Art Store 70-тен аса серіктес және 4K сапасындағы 3500 жұмысты ұсынады. Samsung Art Store арқылы жазылушылар әлемдік галереялар мен үй шеберханаларының өнер туындыларынан ләззат ала алады және оларды күнделікті жаңа интерьер дизайнын жасау үшін пайдалана алады.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.